Ұлы жүз үйсін елінде Бөлтірік би өмір сүріпті. Онымен қырғыздың бір ханы сөз жарыстырып, іліп-қағып жүреді екен. Өйткені қырғыздың қандай шешені кездессе де, қирата берген. Хан бір кезіккенде, Бөлтіріктен «Қырғыз бай ма, қазақ бай ма?» деп сұрапты.
- Қырғыз бай. Өйткені олар көшкен сайын ошағын жұртына қалдырады, - дейді Бөлтірік. Сөйтсе қырғыздар ошақ сатып алмай, қонған жеріне үш тас қойып, қазан асып, көшкенде тастап кете береді екен.
Сол ханның жалғыз баласы қайтыс болғанда бөлтірік хан баласына бата жасай баруға қамданады. Байлар: «Барған соң не деп көңіл айтамыз?» деп сұрағанда бөлтірік:
- Біреуін: «Түйе мен төре басы бір қисайса оңбайды» де. Екіншісі: «Төре өлмегенмен көбеймейді, ешқашанда көбейіп теңелмейді» де, - деп үйретіпті. Байлар үйреткен сөзді айтысымен-ақ, хан реніш білдіріп, қисая кетіпті. Сонда Бөлтірік:
Аққу құсқа оқ тисе,
Қанаты суға тигізбес,
Ақ сүйекке оқ тисе,
Көршісіне сездірмес.
Ноқталы басқа бір өлім,
Ақыры бір келмей ме?
Ажалдың соқса дауылы,
Өмірдің шамы сөнбей ме?
Қанша күн сақтап тұрғанмен,
Сұрай келсе иесі,
Мақала белгілері: қазақ би-шешендері