» » » ЕСБОЛДЫҢ БАТАСЫ
На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Жаңалыққа қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 15:08
2305- рет көрілді

ЕСБОЛДЫҢ БАТАСЫ

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр

Есбол би қасына жиырма шақты кісіні ертіп, жолаушылап келе жатып, бір байдың үйіне қоналқаға келіп түседі. Байдың үйі бір арықтау тоқты әкеліп, бата тілейді.
Сонда Есбол би былай дейді:
Япырмай, мына тоқтының енесі иімеген екен.
Әлде көп қойдан қақтығып ауызына шөп тимеген екен.
Болмаса малшы жөндеп бақпаған ба?
Енесі тоқты болып,
Тоқтыға тоқты сүті жақпаған ба?
Ала жаздай қатындар көгенге байлап,
Әлде енесін жебей сауып қақтаған ба?
Ұлан жаздай қонаққа бұны соймай,
Әдейі Есбол биге сақтаған ба?
Тоқтыны ұстап тұрған байдың баласы тоқтыны шығарып жіберіп, бір ту қой әкеліп сояды. Есболдың жолдастары:
- Би, өнеріңізді білейік, осы қойдың терісін де қалдырмаңызшы, - дейді. Ет жеп болып бата тілегенде, би мынадай бата береді:
Кеңейте гөр өрісін,
Ұзарта кет желісін,

Тоңымның бір бойы жетпей жүр еді,
Бергізе гөр терісін!
Сонда бай:
- Не сұраса да құтыл пәледен,- деген екен.
Құрметті кіруші! Сіз біздің сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге тіркелуді ұсынамыз немесе өз атыңызбен кіріңіз.
Хабарлау
Қонақтар тобындағы кірушілер бұл жарияламада пікір қалдыра алмайды.