На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 5-08-2012, 17:54
  • 80
154409- рет көрілді

ДАСТАРХАНҒА БАТА

Категориясы: Баталар » Дастарханға

Дастарханың бай болсын,
Қазан-ошағың май болсын.
Төрт түлігің сай болсын,
Көңілің толып жай болсын.
Құлындаған тай болсын!
Ұлың ұяға қонсын
Қызың бақытты болсын!
Бергеннен Алла танбасын,
Көбейе берсін мал-басың.
Қыдыр болсын жолдасың.
Досыңнан көңілің қалмасын.
Жағаңнан дұшпан алмасын.
Қастық қылған оңбасын,
Әруақтар қолдасын!
Дастархан байлығын берсін,
Деніңнің саулығын берсін!
Әумин!
..........................................
Пышағың малдан кетпесін,
Қазаның оттан түспесін.
Маңдайға біткен ырысың
Босағадан кетпесін.
.......................................
Рахмет дәміңе,
Ризалық берсін бәріңе.
Аман болсын басыңыз,
Жүзге жетсін жасыңыз.
...................................
Дастарханыңнан дәм кетпесін,
Көңіліңнен сән кетпесін.
Ұрпақ, ұлыс аман болып,

Мақала белгілері: бата, дастарханға бата, дастархан, тілек