На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Жаңалыққа қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 4-08-2012, 13:47
5837- рет көрілді

БӨКЕШ БИ

Категориясы: Би-шешендер » XIX ғасыр


Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы аз жылдың ішінде оқырман қауымға кеңінен танылып, халқымыздың көркемдік қазынасынан лайықты орын алды. Ұлпанның тарихи тұлға екені де баршаға мәлім. Оның өз әкесі Артық батыр болған, ал нағашы атасы Бөкеш бір рулы елдің төбе биі атанған. Ол жайында сол өңірдегі ақсақалдар аузында көп-көп әңгімелер мен шешендік сөз өрнектері сақталып қалған. Мәселен, Бөкеш би қартая келіп, науқастанып жатқанда оның қадірлес үзеңгілесі Мендеке өзінің үлкен баласы Шәңкіні Қайдауыл деген кісіге ертіп, көңілін сұрап келуге жібереді. Өріс-қонысы шалғайда қалған ағайынының тілектестігін ала келген екі жігіттің түр-тұлғасы мен сыр-сипатына риза болған батагөй қарт оларға:
Бастай білсең өр қалды,
Қона білсең жер қалды.
Билей білсең ел қалды,
Асқар-асқар бел қалды,
Шәңкі менен Қайдауыл,
Сендерден басқа кім қалды? –
депті ел ішінде алауыздық көбейіп, әркім әр жаққа тарта бастағанына қынжылып. Одан арғы ойын ол былай жалғастырады:
Айтатын сөзім тағы бар,
Сүйір тілді жігіттің
Сөзге біткен жағы бар,
Менің айтқан сөзімді
Жібермей желге қағып ал.
Өзі болған жігіттің
Тегін сұрап не етесің?
Атасы үшін кеми ме-
Тағдырдың берген бағы бар.
Араз болса екі би,
Арадағы пасықтар
Терлеп текке сабылар.
Өнердің алды- ынтымақ,
Ынтымақты елдерге
Сыртқы дұшпан не қылар.

Мақала белгілері: қазақ би-шешендері

Құрметті кіруші! Сіз біздің сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге тіркелуді ұсынамыз немесе өз атыңызбен кіріңіз.
Хабарлау
Қонақтар тобындағы кірушілер бұл жарияламада пікір қалдыра алмайды.