На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 9-06-2013, 14:42
  • 0
131- рет көрілді

Үш, төрт, бес, алты, жеті.

Категориясы: Асаба парағы

Үш жүрт

• Ағайын жұрт.
• Нағашы жұрт.
• Қайын жұрт.

Үш байлық:

• Бірінші байлык - денсаулық
• Екінші байлык – ақ жаулық.
• Үшінші байлык- қорадағы бес саулық.

Үш би

• Үйсін Төле би.
• Арғын Қаздауысты Қазыбек
• Алшын Әйтеке би.

Үш дана

• Абай.
• Шоқан.
• Ыбырай.

Үш арыс

• Сәкен.
• Бейімбет.
• Ілияс.

Үш қат

• Жоғары қат (аспан).
• Орта қат (жер үсті).
• Төменгі қат (жер асты).

Үш қуат

• Ақыл қуат.
• Жүрек қуат.
• Тіл қуат.

Мақала белгілері: шешендік өнері, асаба өнері, дана сөздер

Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 9-06-2013, 00:47
  • 100
1660- рет көрілді

Тойда амандасу үлгілері

Категориясы: Асаба парағы

Ассалаумаағалейкум, қайран елім,
Тойға деп дастарханын жайған елім.
Қуанышын бөлу үшін ел-жұртымен,
Қорада мал қалдырмай сойған елім.

Қалайсындар, төрде отырған кұдаларым,
Сәлем бермей сіздерге шыдамадым.
Қылыкты кұдағи мен құдашалар,
Аларсындар сөзімнің ұнағанын.

Қош келдініз, қазыналы қариялар,
Қариялар суы тұнык дариялар.
Сіздер берген ақ бата қабыл болып,
Бақытқа жетті талай жанұялар.

Бармысындар, байырғы жұрт нағашылар,
Нағашысы бар жаңның бағы ашылар.
Жиендерге нағыз сүйеу болып жұрген,
Сіздер десем, кәне кімнің таласы бар?!

Жағдай қалай, жиендер мен бөлелерім,
Қуаныштан көкке жетсін төбелерің.
Сендер барда бағымда бұлбұл сайрап,
Сендер барда шаттыққа кенелемін............
................. тағы да 100 шумақты тек тіркелген пайдаланушылар көре алады.

Мақала белгілері: Асаба, тамада, асаба амандасуы, асаба өнері, шешендік

Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 8-06-2013, 23:46
  • 0
227- рет көрілді

Тілек білдіру

Категориясы: Асаба парағы

Айдарынан күн сүйіп, күнге күйсін маңдайы!
Жотасына май сіңіп, құрғамасын таңдайы!
Ері болсын елінің, ар-намасын сақтайтын!
Гүлі болсын жерінің, шаң-тозаңга батпайтын!
....................................................

Мекен етсін жанұяңда жақсылық,
Өсе берсін бөбектері шат күліп.
Ортаймасын қуанышың, бақытың,
Әлдилесін жақсы тілек, тәтті үміт.
......................................................
Құтты болсын бесігің, артық болсын несібің!
Дастарханың жайылып, ашық болсын есігің!
Құтты болсын бүгінгі шілдехана тойларың,
Тілектерің қабыл боп, орындалсын ойларың!
...................................................

Сәби көңілі жай болсын, мың жылқылы бай болсын
Айдағаны тай болсын, шайнағаны май болсын!
Азын-аулақ дәулеті күнде өзіне той болсын,
Жұртта қалған жұрыны домалап келіп қой болсын
Жұртта қалган тулағы тулап тай болсын,
Тай болсын да туласын - бір құрдасы сұрасын...
.............................................................

Нәрестеміз өмірлі болсын,
Тұрмысы оның көңілді болсын!
Ата-анасына мейірлі болсын!
Ағайын-туысқа пейілді болсын!
Өнеге-білімге зейінді болсын!
Тұла бойы тұнған өнер болсын,
Он саусағы майысқан шебер болсын!
Ел қорғайтын батыр болсын,
Шындық айтар ақын болсын!
Ел билейтін әкім болсын,
Әділдікке жақын болсын!
Халқым деген жүрегі болсын,
Жұртының қамқор тірегі болсын!
Абыройы өрлесін,
Ел алдында ерлесін!
Қазақ үшін терлесін
Еш жамандық көрмесін!...........
.................тағы да 100 шумақты тек тіркелген пайдаланушылар көре алады.

Мақала белгілері: Той тілектері, поздравления на казахском, бата, баталар, лебіздер, тілек үлгілері