На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:50
  • 20
8326- рет көрілді

Самарқанның көк тасы

Категориясы: Дәстүрлер » Наурыз дәстүрлері

Бұл да Наурыз күніне байланысты сөз. Оның бірнеше мәні бар. Бірінші, аңызда әйгілі астроном Ұлықбек (1394-1449) обсерваториясындағы көк тасқа дәл 22 наурыз күні күн сәулесі түсетін болған. Сол сәуледен түскен жылу тасты жібітеді-мыс.
Екінші, бүл күні әр адам қателігі болса, кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс. Кешірмесе "бұл күні Самарқанның да көк тасы жібиді, сен тастан қаттысың ба?" деп тоқтатады екен. Сол сияқты бұл күннің әлемге жылулық әкелетін сәтін де бейнелеп айтқан.
Келгенінше құттықтап бірін-бірі, Қуанышта көрісіп кәрі-жасы. Көңілі түгел адамның сен келген соң, Самарқанның елжіреп түскен тасы.
(А. Байтұрсынов).
Үшінші, ертеде Наурыз күнінде өз қатесін түсініп, кешірім сұраған қылмыскерлер мен жазаға ұшырағандарға да кешірім жасалатын болған. Осыдан әз Наурыздың қасиеті мен ізгілік пен жақсылыққа бастайтын ерекше күн екені білеміз.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:49
  • 0
13824- рет көрілді

Саумалық

Категориясы: Дәстүрлер » Наурыз дәстүрлері

Наурыз айында жаңа жыл еніп, жер бусанып, күн күркіреп, жаңбыр жауып, көк дүркірегенде ауыл адамдары далаға шығып саумалық айтып, қуанышты көңілмен жақсы тілек тілейді. Оны өлеңмен айтады:

Саумалық, саумалық,
Наурызымның көк құсы
Үйқыдан көзін ашты ма?
Саумалық, саумалық,
Самарқанның көк тасы
Жібіді ме көрдің бе?
Саумалық, саумалық,
Ескі жыл кетіп, жаңа жыл келді,
Ескі жыл есіркей кет.,
Жаңа жыл жарылқай кел — деп бір ескі ыдысты сындырып, "жамандық кетсін" деп ырым жасайды.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:49
  • 20
6821- рет көрілді

Наурызша

Категориясы: Дәстүрлер » Наурыз дәстүрлері

Наурыз айында ашық күндері қолдан жасағандай ерекше ою-өрнекгі әрі жұп-жұқа қиыршық қар түседі. Ол күн көзіне шашырап, жылтылдап құбылады. Анықтап қарағанда басқа қар қиыршықтарындай емес жеңіл де үлпілдек болады. Мұны халық "наурызша" деп атаған. "Наурызша" жаңа жылдың белгісі.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:48
  • 0
7372- рет көрілді

Наурыз шешек

Категориясы: Дәстүрлер » Наурыз дәстүрлері

Наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі-түрлі гүлді, қауашақты әсем өсімдік (шөп). Әсемдік үшін үйде де өсіреді. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. Наурыз шешек "Қызыл кітапқа" енген сирек кездесетін бағалы өсімдік қатарына жатады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:48
  • 0
5061- рет көрілді

Наурыз есім

Категориясы: Дәстүрлер » Наурыз дәстүрлері

Наурыз күні туғандарды халық бақытты, ерекше адамдар деп ұғынған. Сондай себеппен оларға Наурыз есімін беретін болған. Мысалы қазақ халқында Наурызбай Құтанбайұлы (1700-1781), Наурызбай Қасымұлы (1822-1847) атты әйгілі батырлар болған. Алтын ордада Наурыз есімді хан (1859-60) болғаны тарихтан белгілі. Наурызгүл, Наурызбек, Наурызәлі деген адам аттары да жиі кездеседі.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:47
  • 0
6313- рет көрілді

Наурыз төл

Категориясы: Дәстүрлер » Наурыз дәстүрлері

Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар "наурыз төлі" деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, мал жанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді. Мұндай малды көбінесе өз қызығына, тойына, кұрбан айт күндерінде сойып, ырым етеді.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:46
  • 40
9034- рет көрілді

Наурыз жұмбақ

Категориясы: Дәстүрлер » Наурыз дәстүрлері

Табиғатқа, аспан әлеміне, ауа райына, жерге, күн мен түнге байланысты айтылатын жұмбақтар осындай атпен аталған. Онда ақындар, қыз-жігіттер осы тақырыптарға ғана құбылыстарды жұмбаққа өлеңдетіп айтысатын болған. Мысалы:

Ұшарқар Айдай туып, Күндей батар
Туғанда Шабансары таң сонда атар.
Аспаннан жұлдыз тарап, Шолпан туып,
Таң райы Күнменен манауратар.
Шыныстан үркер туса егінді ор,
Батса көктен егісті егетін бол.

Мұндай жұмбақтар жастарлы табиғат тылсымын біліп үйренуге жетелейді.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:44
  • 0
4833- рет көрілді

Наурыз бата

Категориясы: Дәстүрлер » Наурыз дәстүрлері

Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі — осы Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге осы күнге арнап "Наурыз көжеге" шақырғандарга, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарга тағы баска өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді. Бата жалпы жұртшылыққа, көпшілікке, бүкіл қауымға, ауылға да беріледі. Мысалы:
Өркенің өссін!
Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын!
Ұлың — оңға, қызың — қырға қонсын!
Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы бол!
Айың тусын оңыңнан.
Жұлдызың тусын солыңнан,
Бақ берсін, Қыдыр дарысын! Жастар бұл күні үлкендерден бата алуға тырысады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:43
  • 0
7633- рет көрілді

Наурыз жыры

Категориясы: Дәстүрлер » Наурыз дәстүрлері



Наурыз жыры — Наурыз мерекесінде айтылатын халық ауыз әдебиеті түрлерінің бір саласы. Жыр-өлең осы күнге лайықталып, мадақтау, тілек, бата, әзіл түрлерінде айтылады. Оның түрлері халық арасында өте көп тараған. Наурызға арналған бұрынғы, соңғы ақындардың шығармалары да көптеп саналады.

Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алсаң,
Сонда олжалы жол болар...
Ұлыстың ұлы күнінде
Бай шығады балбырап.
Қасында жас жеткіншек
Тұлымшағы салбырап.
Келіншек шығар керіліп
Сәукелесі саудырап.
Қыз шығады қылмиып,
Екі көзі жаудырап.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:43
  • 0
5493- рет көрілді

Наурыз көже

Категориясы: Дәстүрлер » Наурыз дәстүрлері

Наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт,ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік ұлттық тағлымы өте зор. Ол барлық адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.Наурыз — тоқшылық күні. Қазан оттан түспейді. Әр үй наурыз көже істейді. Уыз қатырлады. Сорпа сапырылады.
Артқа Алға