На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:57
  • 0
5905- рет көрілді

Айт (салт)

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері

"Айт құтты болсын!" — айтсып, жақсылығы бірге болсын (Б.Майлин).

Айт — исламның аса зор мерекесі. Екі айт бар. Ол "ораза айты", "құрбан айты" деп аталады. Айт Арабияда ислам дініне дейін қалыптасқан. Ораза айты отыз күн ораза біткеннен кейін болады. Ораза айтын "рамазан айы" деп те атайды. Пітір садақасы осы айда беріледі. Оны әр мұсылман мешітке береді. Мұхаммед Пайғамбар Алла тағаланың сөзін ораза айында естіген.
Құрбан айты да мұсылмандардың бас мейрамы. Ол Ораза айтынан соң 70 күннен кейін басталып үш күнге созылады. Бұл Меккеге қажылыққа бару кезінің аяқталуына сәйкес келеді (Зұлхижа — қажылыкқа баратын ай).
Құрбан айтында әр мұсылман дін кұрметіне, аруақтарға бағыштап (арнап) мал сойып құрбан шалады. "Бұл да мұсылманшылықтың басты бір парызы (Мұхтасар). Құрбан шалушыға жұрт "Құрбандық қабыл болсын" дейді. Ауру, ақсақ, соқыр, жаралы, қотыр малды құрбандыққа шалуға болмайды. Құрбандық еті көпшілікке беріледі. Әруақтарға бағышталып құран оқылады, бата беріледі.
Айт күндері таза киінген адамдар бір-біріне айтқа кұтты болсын айтып, құттықтайды, "айттық" сұрайды. Ашу-араздық болса татуласады, қателігін кешіреді. Айт күндері, ораза кезінде қайтыс болғандар иманды адамдар деп саналады. "Айт күні айтқан тілеулері дұрыс екен бишаралардың..." (Б.Майлин).
Екі айт та мұсылман елдерінде үлкен той дәрежесінде өтеді және ол демалыс күндері болып қалыптасқан.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:56
  • 0
3627- рет көрілді

Айттық (дәстүр)

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері

"Бір топ ауыл қыдырып "айттық" алып жүр" (Б. Майлин). Айт күні "айттық" — деп сұраған адамдарға берілетін сыйлық, кәде. Оны ақшалай да, заттай да беруге болады. Бұл айтты да, дәстүрді де, сұраған адамды да құрметтеудің белгісі болып табылады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:56
  • 0
3509- рет көрілді

Құрбан шалу

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері

Құрбанға жарайтын малдар: қой, ешкі, сиыр және түйе. Бұлардан басқа хайуандардан құрбан болмайды. (Ғылымхал). Қой, ешкі сияқты ұсақ малды бір адам, сиыр, түйені жеті адам бірігіп құрбанға шалуына болады. Ауру, ақсақ, соқыр, жаралы, қотыр малды құрбан шалуға жарамайды. Құрбанға шалынатын малға бата беріледі. "Құрбан қабыл болсын" деу керек. Құрбандық еті көпшілікке беріледі. Құран оқылады, тілек, бата беріледі. Түнде кұрбан шалынбайды.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:55
  • 60
4086- рет көрілді

Ақсарбас (дәстүр)

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері

"Әруақтарым, қолдай гөр! Ақсарбас! — деп баланы шақырып, айғайлай бастайды" (М. Әуезов). Адамның қауіп-қатерге ұшырағанда, ауырғанда, жаны қысылғанда Алла атымен айтқан құдайысы. Мұндай жағдайға ұшыраған адам "Ақсарбас" деп үш рет айтуы керек. Аман қалған кісі осыдан кейін ел-жұртты шақырып, "құдайы" береді. "Ақсарбастың" үш түрі бар. Олар бозқасқа, көкқасқа және қызылқасқа. "Бозқасқа" десе — қой, "көккаска" десе жылқы, "қызылқасқа" десе-сиыр сойылып, құдайы беріліп, көпшіліктің батасын алады. Бұл ырым осы күндерде де қолданылады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:55
  • 0
3833- рет көрілді

Аластау (салт, ырым)

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері

"Алас, алас, пәле-жаладан алас" (Ел аузынан).

Жас отау босағасын, бесікті, жаңа қосылғандардың төсек орнын т.б. жаңадан қолданылатын дүние, бұйымдарды отпен аластайтын ғұрып бар. Бұл аталған орындардағы пәле-жала, ауру-сырқау, жын-шайтан, тіл-көз болса кетсін деген наным-сенімнен жасалады. Аластау ғұрпы от тұтатып онымен бесікті, босағаны, тағы басқа жерлерді аралата дұғалап, "алас, алас, ауру-сырқаудан алас", "тіл мен көзден алас" деген сияқты тілек сөздермен жасалады. Мұны жол-жөн білетін, ем-домнан да хабары бар ана, әжелер атқарады. Аластау сонымен бірге тазалық пен амандықтың да кепілі ретінде қолданылады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:54
  • 0
3673- рет көрілді

Ақтық байлау (ғұрып).

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері

"Ақтық байлау Сарыарқа жерінде кеңінен орын алған екен'' ("Азия транзит" журналынан).

Ел ішінде әулиелі, киелі, қасиетті орындарға ақтық байлайтын әдет бар. Осындай жерлерге келген адам таза келіп, таза киініп, дұға оқып, тілек тілеп, матаға түйіп ақша байлайды. Ақшаның аз, көп болуы шарт емес. Тек тілек, ниет түзу болса болғаны. Бұл әдет әулие-әнбиелерді, дінді, ұлт ұғымын сыйлап, құрметтеуден туған ықыласты көңіл. Ақтық байлау Бекет ата, Болған ана, Теректі әулие, Оспан қожа, Домалақ ана сияқты көптеген киелі жерлерде әлі көп кездеседі. Бұл салт-дәстүрді атқарғандарды әулие — әнбиелер де қолдайды. Байланған ақтықтарды жолы түскен кез келген адам "тілегі қабыл болсын" деп дұға оқып алуына құқы бар. Ақтықтан алынған тиын-тебенді теріс іс-әрекетке, жағымсыз жайларға, арақ-шарапқа жұмсауға болмайды.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:54
  • 0
2709- рет көрілді

Айналмақ

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері

"Айналмақ" — өте сирек кездесетін, өз басын басқа біреу жолында кұрбандыққа шалатын, ең ақырғы амалы таусылған, үміті үзілген адамның ісі. Мысалы, жан дегенде жалғызымың беті бері қарамайтыны белгілі болып, демі енді үзілер сәтте әкесі не анасы жаратқан иеге жалбарынып, "жалғызымның орнына өзімді ал", "басымды соның жолында құрбандыққа шалдым" деп, иманын айтып, шын тілегін білдіріп ауруды үш рет айналады. Аруаққа ат айтып, тағалаға тай айтып зарлайды, жылайды. Әрине, бұл қайғылы, қапалы адамның ең соңғы іс-әрекеті, ақырғы амал-қимылы.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:53
  • 0
2596- рет көрілді

Жан беру (ғұрып)

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері

"Келе жатыр дегенге, Жан берсең де нанбаймын" (Ер Сайын). Кей жерлерде мұны "кепілге шығу" немесе "күмәнға шығу" деп те атайды. Ауыр жазаға не өлім жазасына кесілген адамның ақтығын дәлелдеу үшін бір адам "жан беруге" шығады. Бұл жазаға ілініп тұрған адамның ақтығына ант беру деген сөз. Ол адам би, молдалар алдында кебін яғни ақ киініп, қабыр басына барып (кейде қабыр ішіне түсіп) немесе өлікке құрған шымылдыққа кіріп жазаға тартылған адамның ақтығына "құран ұстап жанымды беремін", "өтірік айтсам құдай тапсын", "иманым бұйырмасын", "аруақ соқсын" деп ант береді. "Жан беру деген осы". Халық ұғымы бойынша жан беруші адам өтірік куәлік берсе, ол сол жерде өліп кетеді деп түсінген. "Жан беруден" кейін істің ақтығына күмән қалмайды. Одан әрі өкім жүрмейді. (А. Байтұрсынов).
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:53
  • 0
4603- рет көрілді

Жарапазан (жарамазан) (салт)

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері

"Жарапазан рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тұсында тұрып жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар сауап болады деп жарапазан айтқандарға кұрт, май, ірімшік, бір шаршы шүберек, басқа сол сияқты нәрселер береді. Жарапазанды кәсіп етіп, ораза уақытында ел аралап, күндіз жүріп айтатын үлкен адамдар болады. Жарапазанды екі адам жүріп айтады. Бірі, жарапазан айтқанда екіншісі, қостаушысы болады. Мысалы:
Айтушы:
Жарапазан айтушының сауалы бар,
Отыз күн оразаға жауабы бар. Берсеңіз, бермесеңіз не қамым бар, Боз шұбар астымдағы, шу, жануар!
Қостаушы:
Жарапазан, жарапазан!
Алла, құдай би рамазан!
(А. Байтұрсынов) Жарапазанның ел арасында кең тараған нұсқасын және разы болғанда жарапазан айтушының батасымен танысыңыз.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 13:52
  • 0
3234- рет көрілді

Жұмалық (дәстүр)

Категориясы: Дәстүрлер » Ислам дәстүрлері


Оқымаймын молдадан,
Екі иығын қомдаған,
Бала келсе сабаққа.
Жем аңдыған дорбадан. (Жамбыл)

Бұрынғы кездерде дәріс алып жүрген балалар молдаға арнап жұма күндері оған арнаулы сыбаға (ет, қымыз, май, құрт, т.б.) әкелетін болған. Мұны "жұмалық" дейді. Жамбыл айтқандай молдалардың жұма күні "жұмалық" дәметіп отыратындары да болған.
Артқа Алға