Мақалаға қатысты мәлімет
- Орнатқан: arystan
- Күні: 23-12-2012, 19:52
10855- рет көрілді
Категориясы: Қазақ айтады
............................
Батырды "Бәрекелле!" деген құртады
...........................................
Әлі кеткен қасқыр ешкіні "Апа" дейді
....................................
Әлін білмеген әлек
...........................
"Ә"-десен ән еді
Пұшық айтып қор кылды
.................................
Әр асқанға бір тосқан
...................................
Он екі мүщен сау болса
Қара басың ханмен тең
...................................
Сарт байыса — үй салады,
Қазақ байыса-қатын алады
..............................
Пешенеге бұйырмас
Маңдайға жазылмас
..........................
Жаман үйді қонағы билейді
...................................
Жолдасыңды жолда тап
..................................
Ашаршылықта жеген құйымшақтың дәмі аузыңнан кетпейді
...................................
Ауылдағының аузы сасық
....................................
Ұятсыз бетке -талмас жақ
.................................
Қарғайын десем жалғызым
Қарғамайын десем жалмауызым
......................................
Қарын тойғасын қарта боқ сасиды
....................................
Баланың сөзі батпандай
Келіннің сөзі кетпендей
...................................
Баланы жастан
Қатынды бастан
........................
Баламен ойнамын десен басында бөркің тұрмайды
..................................
Қайғысыз қара суға семіреді
........................................
Жақсы жігіт атын мақтайды, жаман жігіт қатынын мақтайды
...........................
Бір күн қонақ - құт
Екі күн қонақ - жұт
Үш күн қонақ - зыт
.............................
Атынды сат, тоныңды сат
Жатарында тойып жат
...............................................
Еркектің мойнында қыл арқан шірімейді
..........................................
Жаман қатын ерін құл етіп,
Өзі құлдың қатыны болып жүреді
Жақсы қатын ерін патша етіп,
Өзі патшаның қатыны болып жүреді
......................................................
Екі адам қосылып жыласа жер ойылады
.......................................................
Нешебір киімдерді көрдім ішінде адамы жоқ
Нешебір адамдарды көрдім үстінде киімі жоқ
................................................................
Қойым онға келгенше өлгенің жедім
Қойым жүзге келгенше ауруын жедім
.......................................
Осы балаға мен де аң-таң
Енем де аң-таң
Бір келіншектің аңғаруы
.............................................
Арпа-бидай ас екен
Алтын-күміс тас екен
...................................
Болатын бала боғынан
................................
Ұры мен ұры намазшаңда кездеседі
Кейбір шенді азаматтардың жұмыстан кейін ресторандарда кездсуіне қатысты айтылған сөз
.........................................................
Атадан алтау туылмас па?
Атадан алтау туылса
Арасынан бір арыстан шықпас па?
..........................................
Жілігін шағып майын ішкен
"Ол істін нағыз маманы" -деген мағынада.
...........................................
Еті сіздікі, сұйегі біздікі!
Ертеде қазақтар осылай деп балдарын молдаға оқуға беретін. "Не істесенізде сіздің айтқаныңызға көнеді" -деген мағынада.
.................................................
Әкеңді Қаратауда бір жыққан едім!
Адамды көп уақыт бойы көрмей жолыққан кезде айтылатын сөз. Баяғыда бір адам мықты палуанмен Қаратаудағы жиын-тойда күресіп, жығып талай жылдан соң оның баласымен кездескен кезде айтылған сөз - халық арасында мәтел болып таралып кеткен. "Содан соң көрінбей кеттін!" - деген мағынада.
..........................................................
Қалын малын көп беріп қыз алсан,
Көпшілікке тік тұрып қызмет етер.
Қалын малын аз беріп қыз алсан,
Байының қойынына бір жатқанды міндет етер.
...................................................
Қарыз алда қатын ал
Қатын қалар қасында
Қазақстан банкілерінің бас ұраны
......................................
Байталдан қалма тұлпарым!
Қыздан қалма шайтаным!
....................................
Ер адамның ар-намысы жерге тапталып жатқанда бір қатынның өмірі садақа.
..........................................................
Көпірден өткенше қызыңды алайын
Көпірден өткесін қызыңды ұрайын.
.............................................................
Сал к......ді керсенге!
Сиса да бересің бес тенге,
Симаса да бересің бес тенге.
Кенесары-ханның кезіндегі салыққа байланысты хылықтың жан-айқайынан шыққан сөз. "Берсенде бересін, бермесенде бересін"-деген мағынада.
...............................................
Келер-келер жүзге келер
Жүзге келіп ол да өлер
Кенесары-ханға қатысты айтылған сөз. "Бұл қанішерден тек ол өлсе ғана құтыла аламыз" - деген мағынада.