На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:09
  • 0
5534- рет көрілді

Жарысқазан (ырым)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

— Әйелдер босанар сәтте басқа әйелдер қазанға жеңіл-желпі тамақ істеп оны босанатын әйелден бұрын пісірмек болып "жарысады". Халық ұғымы бойынша туатын бала "жарысқазанға" қатысып, одан бұрын өмірге келуге тырысады деп түсінген.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:09
  • 0
5232- рет көрілді

Құрсақ шашу

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері


Бәйбіше келді алаңдап. Жас бөріше жалаңдап, Жерігі қанбай сандалды. (Алпамыс)
Мұндайда әйелдер жерік ананың көңілі қалаған асын табуға тырысады. Жерігі қанбаған әйел басы айналып, ауыра береді. Қалаған асы табылып, жерігі қанған әйелдің кұмары тарқап, ерекше сезімге бөленіп, денсаулығы жақсара бастайды. "Жерік асын жегендей қуанды" деген сөз осындайдан шыққан. Жеріктікті басудың тек анаға ғана емес, іштегі сәбидің де денсаулығына зор әсері бар. Мысалы жерігі қанбаған ананың балалары әлжуаз, аурушаң, кейде кемтар тууы да мүмкін. Сәбидің аузынан суы шұбырып жүруі де осындайдан болады дейді халық даналығы.
Халық екіқабат ананы да тәрбиелеу жолын әсте ұмытпаған. Оны мәпелеп, аялай білген, ренжітпеген. Бұл жөнінде жазушы Зейнеп Ахметова былай деп жазған: "Қарағым биік тауға қара көңілің өседі, көңілің өссе немерем кең пейілді болады, жайқалған шөпке, жайқалған гүлге қара сәбиің шырайлы болады, бұлақтың көзін аш, балаң қайырымды болады" деген секілді ұлағатты тәлімін беріп, аналарымыз жас келіншектің таным-талғамын ұштап, баулыған". Міне, бұл ұлттық ұғымның ұлағаты.
Дәстүр бойынша жас келін босанғаннан кейін оның анасы әдейі келіп, қуанышқа ортақтасады. Бұл — ананың басты парыздарының бірі.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:08
  • 0
5132- рет көрілді

Кимешек кигізу (салт)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Жас келін түскен жерінде бір жылға дейін желек жамылып жүреді. Ойын — тойға барғанда сәукелесін де киіп барады. (Қазақ әулетінде сәукелені ұзатар кезінде ғана киеді. Келін болып түскеннен соң шешіп алып қояды. Жас келін перзентті болған соң ауыл әйелдері, бәйбішелер әдейі жиналып келіп, келінге кимешек кигізеді. Бұл келіннің ана болған кезі. Қазақстанның солтүстік жағыңда мұны "жаулық салды" деп те атайды. Кимешек те, жаулық та ана болған әйелдің белгісі екендігін көрсетеді. Жас адам болғандықтан бұл бас киімдер әшекейленіп, шашақталып, кестеленіп тігіледі.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:07
  • 0
6019- рет көрілді

Итаяғына салу (дәстүр, ырым)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Жас келіншек бір ауылға қыдырып барғанда, не есік көруге шақырғанда әйелдер не үлкен әжелер оған "итаяғыңа" сал деп сақина, күміс, жүзік сияқты заттар береді. "Итаяғына салу" деген келіншек босанып баланы шаранасынан жуатын суға яғни "шілде суына" күміс жүзік, сақина, күміс түйме сияқты заттарды ыдысқа салып жіберіп, нәрестені жуады. Жуып болғаннан кейін әлгі заттарды сол жердегі әйелдер ырым қылып бөлісіп алып, мәз-майрам болып тарасады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:07
  • 0
4174- рет көрілді

Дәмету

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

"Дәметкен сары майдан кеудең құрсын" (халық өлеңі).

Дәметудің әр түрі бар. Ал ырымда жас келіншектердің дәметуінің жөні бөлек. Жас балалар мен келіндер ата-енелері қонақтан келсе, олардан тәтті дәмететін әдеті бар. Әсіресе, балалы жас келіндер дәметсе — оның меселін қайтаруға болмайды. Өйткені, дәметіп отырып ойындағысы болмаса оның емшегі ісіп кетеді. Бұл — өмір шындылығы. Ал үлкен аналар, әжелер жас келіншегі бар үйге дәметіп қалар деп қашанда қалтасына дәм-тұзын сала жүреді. Бұл — әркім ескере жүретін ескіден келе жатқан ырым.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:06
  • 0
6568- рет көрілді

Ілу (салт дәстүр)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Жаңа түскен келінді барған жерінде "үй көрсету" салтын жасау ілік пен жақынның, әр ағайынның міндеті. Мұндайда жас келін шақырған үйге дәстүр бойынша "ілу" салады. Мұның мағынасы көйлектік мата, кілемше, киім-кешек, тағымдар апару деген сөз. Бұған қайын ене басшылық жасайды. Келін үйге сәлем жасап кіргеннен кейін "ілуге" апарған затын босағаға іліп кетеді. Ілу деген сөздің төркіні міне, осындайдан шыққан дейді білетін қариялар. Ілуді қайын жұртына барғанда күйеу де салады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:06
  • 0
5248- рет көрілді

Өңір салу (Дәстүр)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Отқа шақырумен (кей жерлерде "үй көрсету" немесе "есік ашар" дейді) бірге болып жататын ендігі бір кәде — өңір салу. Мұнда ылғи бәйбішелер келеді. Ниеттері — келінге шашу шашып, құтты болсын айту. Шашудың сыртында өңір әкеледі. Бұлардың бәрі отау үйге қажетті, өңін ашатын нәрселер.
Келін түскен үй бұларды күтеді. Келіннің қоржынындағы аспен бірге келген бұлдардан (мата деген сөз) алады. Бұл да өңір (Ахмет Жүнісұлы).
Өңір салу — жас шаңыраққа көрсетілген құрмет және жәрдем десе де болады. Мұны соңғы кездерде үлкен адамдардың өзі естен шығарып бара жатқаны өкінішті-ақ.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:05
  • 0
8771- рет көрілді

Есік ашар (дәстұр)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Күйеу жігіт келіншегін алып, үйлену тойы өткен соң келісілген уақытта өзі қатарлас жас жігіттермен ата-енесінің үйіне келеді. Мұны халық әдебиетінде күйеудің алғаш яғни есік аша келуі дейді. Демек бұл жауапкершілігі мол, бұрын ел-жұрт көрмеген күйеуді сынайтын келіс.
Күйеу бұл жолы да кәде жорасымен, әдет-салтымен келеді. Әзілқой жеңгелердің сын-мініне де шыдайды. Ретін тауып жауап та бере алады.
Ойын-тойсыз, әзіл-қалжыңсыз отырмайтын қазақ ауылы үшін күйеудің есік аша келуі де көңілді мерекеден кем болмайды. Мұнда да үлкен-кіші бір жасап калады.

Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:04
  • 0
6823- рет көрілді

Үй көрсету (дәстүр)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Жаңа түскен келінді туыс-туған, көрші-көлем, ілік-жекжаттар "үй көрсетуге" (шығыс жақ "отқа шақыру" дейді) яғни есік ашарға шақырады. Мұның мағынасы келін отбасымен танысып, үйге келіп жүрсін деген сөз. Бұл үйге келін құр қол бармайды, кәде-жорасымен барады. Мұны "ілу" дейді. Бұл мәселені шақырған үйдің дәрежесіне (үлкен, кіші деген мағынада) келіннің енесі шешуі керек. Мұнымен бірге келінді шақырған үйлер келіннің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын яғни әдеп, тәртібін байқап сынап отыратыны да бар. Мұны болашақ келіндер ескере жүруі керек. Өйткені аталған дәстүр әлі жалғасып келе жатыр.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 12:03
  • 0
5252- рет көрілді

Құттық (дәстүр)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Келін түсірген үй құда-құдағиларын аттандырған соң ауылдың оң жақта отырған бойжеткендері келіп "құтты болсын" айтып арнайы дәм әкеліп, сый жасайды. Сосын қыздарға лайық тағым, кесе-аяқ, көрпе-жастық, сақина, сырға сияқты әшекейлі заттар сұрайды. Бұл дәстүр ел ішінде "құттық" деп аталады. Ол "құтты болсын", "құт әкелсін" деген ізгі ойдан туған қазақи ырым, жоралғы.
"Құттық" алатындар әдейі алыстан да келеді. Оларға мал, бағалы бұйымдар мен киімдер беріледі. Әрине, бұл дәулетті мырза адамдардың ғана қолынан келетін іс. Сонымен бірге бұл қазақтың салт-дәстүрге бай жомарттық, мырзалық қасиеттерінің тағы бір айқын дәлелі екенін көрсетеді.
Артқа Алға