На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 20:32
  • 80
65250- рет көрілді

КИІМГЕ КАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

Категориясы: Ырымдар » Киімге қатысты


• Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.
• Киімді желбегей жамылмайды, өйткені екі қолы жоқ адам ғана киімді желбегей жамылып жүреді.
• Тозбаған киімді тастауға болмайды. Қазақ халқында тозбаған киімді тастау -жаман ырым. Егер адам оны кигісі келмесе, біреуге сыйлау керек.
• Кір киімді киюге болмайды. Киімді әрқашан таза және ұқыпты ұстаған жөн.
• Көпшіліктің алдында жалаңаш-жалпы жүруге болмайды. Бұл әдепсіздік болып саналады.
• Өте ұзын немесе қысқа киім киюге болмайды. Бұлай киіну адам жұмыс істеген кезде қолайсыздық тудырады.
• Киімді сілкіп киген жөн, өйткені киімге жабысқан улы жәндіктер болса ұшып түседі.
• Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды. Ер баланың киімін кию жаман ырым саналады.
• Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Оларды соғыс кезінде ғана тұрып киетін болған.
• Киімнің жағасын басуға болмайды. Киім жағасын басу жаман ырым саналады.
• Жастық орнына шалбарды жастамайды. Шалбарды жастану настықтың белгісі болып саналады.
• Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың бәрі адамның маңдайына жазылады, сондықтан да бас киімнің орны ерекше. Бас киімді әрқашан таза, ұқыпты ұстап, босағаға емес, төрге ілу керек.
• Аяқ киімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Өйтсе, адамның жолы болмайды, жаманшылыққа ұшырайды.
• Қыз басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ - жаулықтың, қара - қайғының белгісі болып саналады.
• Бөтен адамға бас киім бермейді және айырбастамайды. Адам басы кемиді деп санайды.
• Садақаға киім берсе, оның түймесін қиып алады.