На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 8-06-2013, 23:46
  • 0
222- рет көрілді

Тілек білдіру

Категориясы: Асаба парағы

Айдарынан күн сүйіп, күнге күйсін маңдайы!
Жотасына май сіңіп, құрғамасын таңдайы!
Ері болсын елінің, ар-намасын сақтайтын!
Гүлі болсын жерінің, шаң-тозаңга батпайтын!
....................................................

Мекен етсін жанұяңда жақсылық,
Өсе берсін бөбектері шат күліп.
Ортаймасын қуанышың, бақытың,
Әлдилесін жақсы тілек, тәтті үміт.
......................................................
Құтты болсын бесігің, артық болсын несібің!
Дастарханың жайылып, ашық болсын есігің!
Құтты болсын бүгінгі шілдехана тойларың,
Тілектерің қабыл боп, орындалсын ойларың!
...................................................

Сәби көңілі жай болсын, мың жылқылы бай болсын
Айдағаны тай болсын, шайнағаны май болсын!
Азын-аулақ дәулеті күнде өзіне той болсын,
Жұртта қалған жұрыны домалап келіп қой болсын
Жұртта қалган тулағы тулап тай болсын,
Тай болсын да туласын - бір құрдасы сұрасын...
.............................................................

Нәрестеміз өмірлі болсын,
Тұрмысы оның көңілді болсын!
Ата-анасына мейірлі болсын!
Ағайын-туысқа пейілді болсын!
Өнеге-білімге зейінді болсын!
Тұла бойы тұнған өнер болсын,
Он саусағы майысқан шебер болсын!
Ел қорғайтын батыр болсын,
Шындық айтар ақын болсын!
Ел билейтін әкім болсын,
Әділдікке жақын болсын!
Халқым деген жүрегі болсын,
Жұртының қамқор тірегі болсын!
Абыройы өрлесін,
Ел алдында ерлесін!
Қазақ үшін терлесін
Еш жамандық көрмесін!...........
.................тағы да 100 шумақты тек тіркелген пайдаланушылар көре алады.

Мақала белгілері: Той тілектері, поздравления на казахском, бата, баталар, лебіздер, тілек үлгілері