На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 29-10-2012, 22:09
9912- рет көрілді

Ауызбастырық

Категориясы: Дәстүрлер » Отбасы дәстүрлері

Біреуді сөзбен жығып, ұғып оны орнынан тұрмастай етіп өлең шығарғанда немесе өткір әзіл тастағанда (немесе ұятты іс істегенде) ұғылған адам өзінше әлгі сөзді басқа адамға таратпау үшін "ауызбастырық" береді. Ол бұл сөзді ешкімге айтпаңыз деген жалынуы, кешірім сұрауы болып табылады. "Ауызбастырық" алған адам әлгі сөзді ешкімге айтпауы керек. Сонда "ауызбастырық" та серттің бір түрі болып табылады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 29-10-2012, 22:08
8490- рет көрілді

Ауыз тию

Категориясы: Дәстүрлер » Отбасы дәстүрлері

Алыс сапарға, емделуге шыққан адам ауылды үлкен үйінен дәм татып аттанатын ырым бар. Бұл сол "Қара шаңырақтың киесі қолдасын" деген сенімнен шыққан. Сондай-ақ дастархан үстіне келген адам дәмнен ауыз тиюге тиіс. Ал таңертеңгі астан міндетті түрде ауыз тиеді. Мұндайда әйел болса "күйеуің тастап кетеді", еркек болса "әйелің тастап кетеді" деп әзіл айтады. "Таңертеңгі асты тастама, кешкі асты бақпа" деген мәтел бар.
Қазақтың дәстүрі бойынша үйіне келген адамға дәм ауыз тигізбей шығармауы керек. Халықта "үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады" деген сөз бар. Мұның бәрі қонаққа да, асқа да ерекше ықыласты көзқарастың белгісі.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 29-10-2012, 22:07
5892- рет көрілді

Ат құйрығын кесу

Категориясы: Дәстүрлер » Отбасы дәстүрлері

Ат құйрығын кесу (дәстүр). "Ат құйрығын кесіңдер, хан талау қылып алыңдар!" (Жанкісі). Ел арасында әртүрлі жағдайлармен қақтығысқан, енді көрместей болып біржола кетіскен, бітіспес адамдар өз елінен, туған-туысқандарынан безіп кетеді. Мұндай жағдайда ол өз атының қыл құйрығын кесіп, қолын төбесіне қойып елден шығады. Бұл енді келмеудің, ағайыннан, елден безінудің, ащы араздықтың, артына қарамай кетудің өліммен тең өте ауыр шарасы. "Ат құйрығын кесіп кетті" деген сөз осыдан шыққан. Мысалы: Шәкәрімнің "Қалқаман-Мамыр" дастанында Қалқаман батыр өзін оққа байлаған ел-жұртынан осылай кеткен. "Ат құйрығын кеспе", "төбеңе қолыңды қойма" деген тыйым осындайдан қалған.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 29-10-2012, 22:06
4795- рет көрілді

Ат майы

Категориясы: Дәстүрлер » Отбасы дәстүрлері

Халық дәстүрі ел арасында отырған адамдарды ешқашан ескерусіз қалдырмаған. Оның мұң-мұқтажы мен әлеуметтік, тұрмыстық жағдайына құлақ асқан. Мысалы, тұрмысы нашар, жоқ-жітік, жетім-жесірлерге көмек көрсетіп, қол ұшын созып отырған. Соның бірі — ат майы. Мінер аты жоқ кедейлер бұрын байлар мен ауқатты кісілерге немесе көрші-көлем, туған-туысқандарына келіп "ат майын" сұрайды. Яғни бір жаққа барып келуге немесе бірер ай мініске ат сұрайды деген сөз. Мұның мағынасы алыс жолға мінген ат ариды, күйін жоғалтады. Ат сұраушы осыны меңзеп отыр. Мұндай жағдайда әр адам сұраушының көңілін қалдырмаған. Бұл да қазақтың қайырымдылық ғұрпының бір белгісі.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 29-10-2012, 22:06
5815- рет көрілді

Артынан топырақ шашу

Категориясы: Дәстүрлер » Отбасы дәстүрлері

Халықта ел қатты жек көрген қылмыскерлер мен опасыздарға, қарғыс алғандарға немесе өзі кінәлі бола тұра ел-жұртын кінәлап ат құйрығын кесіп кетіп бара жатқандарға әбден көңілі қалып, қаны қарайған кездерде көпшілік олардың артынан топырақ шашатын әдеті бар. Бұл — әрі жаза, әрі "қараң батсын" деген қарғыстың, "енді көзге көрінбе" деген аса қатты айыптаудың ауыр сабағы. Мұңдай адамдардың елі атын атамаған, есімін еске алмаған.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 29-10-2012, 22:04
4426- рет көрілді

Ақтық

Категориясы: Дәстүрлер » Отбасы дәстүрлері

Тыңшылық жасап өсек-аяң жеткізгені, біреуді сүріндіру, ұтыстыру үшін немесе жағымсыз жасырын қызметі үшін берілетін сыйлықты "ақтық" деп атайды. Ел арасындағы жаман әдетке ертеде тыйым салынған. Анықталғандар айып төлеген. "Ақтық" берушілер де жазаға ұшыраған.
Ал, негізінде "ақтық" деген інгенін қайытқаны үшін бураның немесе биесіне шағарғаны үшін айғырдың иесіне жасырын берілетін құны төмен кәде.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 29-10-2012, 22:03
6726- рет көрілді

Абысын асы

Категориясы: Дәстүрлер » Отбасы дәстүрлері

Бұрын бір ауылдың әйелдері яғни абысындар күнделікті өмір күйбеңімен ертелі-кеш үй шаруасында жүреді. Олар ата-ене, күйеуінің рұхсатынсыз ешқайда шыға алмайды. Кейде ауыл адамдары айтқа, тойға, қазаға үлкен-кішісі аттанып кетеді де ауылда тағы да сол әйелдер қалады. Абысындардың еркіндеп қалатын кезі міне осы сәт. Олар мұндайда өздері бір үйге бас қосып жылы-жұмсағын қазанға салып, шәй қойып өздері бір кеш сауық жасайды, өлең айтады, бой көтереді, сырласады. Дастарханды кең жайып дәм татады. Міне, осы бас қосу, осындағы дәм "абысын асы" деп аталады. Бұл да қазақ әйелдерінің ырысты ынтымағының көрінісі болатын."Абысын тату болса ас көп" (мақал)
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 29-10-2012, 22:01
4684- рет көрілді

Араша

Категориясы: Дәстүрлер » Отбасы дәстүрлері

Екі адам жанжалдасқанда немесе төбелескенде оның жанындағы адамдар "араша, араша!" деп басу айтуға тиіс. "Араша" деген сөзді естіген адамдар араша беруге яғни жанжалды дереу доғаруы керек. Араша бермей жанжалдасу қазақ әдепінде жоқ. Ондай адамға айып бар.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 29-10-2012, 21:16
6275- рет көрілді

Әмеңгерлік

Категориясы: Дәстүрлер » Отбасы дәстүрлері

Халқымыздың бұрынғы салты бойынша күйеу қайтыс болғанда оның жесірі "ерден кетсе де, елден кетпек жоқ", "аға өлсе іні мұра" деген қағидамен әмеңгерлік жолмен күйеуінің аға не інісінің біреуіне өзінің таңдауы бойынша тұрмысқа шығады. Бұл дін жолымен де негізделген. Жесірді басқа жаққа жібермеудің бірнеше әлеуметтік маңызы бар. Біріншіден, әйел де, оның балалары да туыс-туғанынан бөлінбейді, ру, ел қауымдастығында бірге тәрбие алады. Өмірде, тұрмыста қағажу, қиындық көрмейді. Екіншіден, жесірдің кетуі сол елге үлкен мін саналған.
Егер әйел тиісті әмеңгеріне шықпай, басқа біреуге шығатын болса, бұрынғы күйеуінің мал-мүлкінен үлес ала алмайды, өз төркінінен келген мүлкімен ғана кете алады. Мұны қазақша "іргеден шығару" дейді.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 29-10-2012, 21:16
4358- рет көрілді

Әдеп

Категориясы: Дәстүрлер » Отбасы дәстүрлері

Үлкен-кіші болсын әдеп сақтау халықтық тәлім-тәрбиенің аса үлгілі, тәрбие ісіндегі қалыптасқан заңы, жолы бар ерекше қасиетті тәлімдік дәстүрі. Ұлтымыздың үлкеннің кіші алдындағы, кішінің үлкен алдындағы, еркектің әйел алдындағы, әйелдің еркек алдындағы әдеп сақтаудың тамаша үлгілері өте көп. Мысалы, үлкеннің жолын кеспеу, бүрын сөйлемеу, келінге сыпайы сөйлеу, ата алдындағы иба. Халық ортасындағы инабат, мешіт ішінде әдептілік, сәлем беру, сәлем алу жолы тағы сол сияқты адамгерпшілік, сыйлау, сыйласу халқымыздың ертеден келе жатқан әдеті әрі ғұрпы. Бұлардың бәрі жасына қарамастан тәртіп, тәрбие жолына үздіксіз әрі үзіліссіз қызмет етіп келеді. Әдептілік — әр адамның бет-бейнесі, өзін-өзі таныту жолындағы іс-үлгісі, адамның қасиеті екені сөзсіз.
Артқа Алға