На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 20:41
  • 100
9010- рет көрілді

АҢШЫЛЫҚҚА КАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

Категориясы: Ырымдар » Малға, аңшылыққа қатысты

• Аңға шыққан аңшыға «Қанжығаң майлансын» деген тілек айтылады.
• Аңдағы бірінші олжа ешкімге сыйланбайды, бірінші олжа қоян, ал кейінгісі қасқыр немесе түлкі болса да солай етіледі.
• Атып алған құланның немесе жабайы ешкінің басын немесе сауырын міндетті түрде аңды атқан аңшының өзі пайдаланады, ал қалған етті серіктес аңшыларымен бірдей етіп бөледі.
• Дос-жаран, құда-жегжат және туған-туыстан ит алмайды. Араларында түсінбеушілік болып, суысып кетеді.
• Ит - жеті қазынаның бірі. Соңдықтан оны өлтіруге, азаптауға, қаңғыртып жіберуге болмайды. Олай етсе, иесінің басына жаманшылық үйіріледі.
• Бүркіттің тұяғы қасиетті саналады, оның үйдің төріне не бесікке іліп қояды.
• Аңдар мен құстарды рұқсат етілген мерзімде ғана аулау керек.
• Балықтьң құйрығын ұстаса, қармаққа балық түспейді.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 20:31
  • 100
48054- рет көрілді

ТӨРТ ТҮЛІККЕ КАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

Категориясы: Ырымдар » Малға, аңшылыққа қатысты

Тыйымдар

• Буаз малды төлдер алдында, өрістен қайтқанда, өріске айдарда қуаласа, өз мерзімінен бұрын төлдеуі мүмкін. Мұны «іш тастау» дейді.
• Мал қораның сыртында, болмаса ішінде ысқырмайды. Халқымызда ысқырыққа жылан келіп, малдың емшегін шағады немесе сүтін сорып кетеді деген түсінік қалыптасқан.
• Жас мал төлдегенде үйге қарыз сұрап келгендерге ештеңе бермейді - жас төлдің
құты кетеді.
• Қой қоздағанда шуын жерден айыруға болмайды; оны сүйретіп апарып тастайды, әйтпесе қозы қашаған болады. Әрі шуын жеп қойған мал тумай қалады.
• Мал туып жатқанда жанында адам тұрса, төлін қызғанып, өлтіріп тастауы мүмкін.
• Малшы көктем уақытында далаға жалаң аяқ, жалаң бас шықса, отарына суық тиіп ауырады.
• Ұрлық жасаған, өтірік айтқан адамға мал бағуга болмайды, малдың берекесі кетеді.
• Тұмса малдың алғашқы сүтін ешкімге бермейді; сүтті болса, оны бөтен адамға айтып мақтамайды, себебі сүті қайтады.
• Мал иесі немесе оның отбасында адам қайтыс болғанда, мал сауылмайды, төлін ағытып жібереді.
• Мал қораға түнде ошақтан шала жанған от алып шығуға болмайды.
• Бөгде адам отар ішінде жатса, малдың құты кетеді.
• Сойылған малдың қанын төрт түлік (әсіресе сиырдың) көзінше төкпейді, сүтінен айырылады.
• Ораза кезінде малдың орнын ауыстырмайды, әйтпесе иесі өкпелейді.
• Малдың алдынан бос ыдыспен шықса, сүті азаяды.
• Малды қу шыбықпен, көсеумен айдаса, сүті күйіп кетеді. Малды жас шыбықпен айдайды.
• Малға бас киім лақтырса, сүті кетеді.
• Малға дауыс көтеріп ұрсуға, балағаттап, тіл тигізуге болмайды - иесі өкпелейді.
• Қойды қант беріп, тұз беріп шақыруға болмайды, оған сайтан жүгіреді.
• Жас малдың арқасынан сипай берсе, өспей қалады.
• Жатқан малдың үстінен аттауға болмайды. Аттаған жағдайда кейін қарай аттау керек. Әйтпесе мал омыртқасын сындырады, болмаса қасқыр жейді.
• Жас малдың мүйізі шығар кезде қолмен сипаса, мүйізі қисық болады.
• Жас малдың тістерін санаса, өлім - жітімге ұшырайды.
• Бөтен адамды малдың ортасына кіргізбейді - малға көз тиеді.
• Малды сауарда зекімейді - сүті кетеді.
• Мал сауылып жатқанда иесімен амандасып, сауынның қасына келуге болмайды - малдың сүті қайтады.
• Мал өріске кеткен соң, қой қораның есігін ашып тастауға болмайды, өйткені жын-шайтан еніп кетеді.
• Малды бөтен адамға саудырмаған жөн, себебі мал адам жатырқамай, өзге адамға да сүт беретін болады.
• Малшылар беті-қолын жумай мал шығарса, мал өлім-жітімге ұшырайды.
• Таңертең ерте малға бөтен адамды шығаруға болмайды, себебі малдың құты кетеді.
• Қой бағып отырып тігін тігуге және өзіне, отбасына байланысты қайғылы нәрселерді айтуға болмайды. Мал иесі өкпелейді.
• Малдың жанында отырып, тізеге салып ағаш сындыруға болмайды, малдың аяғы сынады. Оны отын жаратын балтамен немесе аяқпен басып сындыру керек.
• Сатылған немесе сыйлаған малды еске алып, қайғырса, сол жақта өліп қалуы мүмкін.
• Мал туралы сөз болғанда, «Не бағып жүрсің?», «Не айдап жүрсің?», «Не сауып жүрсің?» деп сұрамайды - иесі өкпелейді.
• Малшы мал баққанда ұстайтын таяғын бөтен біреуге бермегені жөн. Өйткені шопанның таяғы киелі болып есептеледі. Ол жын-шайтанды малдан аластайды.
• Малды ит-құстан, жын-шайтаннан сақтау үшін күн батқаннан кейін қорадан шығармайды.
• Жаңа ай туғанда қойға қошқар жіберсе, иесі өкпелейді.
• Қойларға қошқар жіберіп жатқанда ұрсысуға, қамшы өруге болмайды. Қойдың құты қашады.
• Он екі мүшесінің бірі кем адам қойға қошқар жіберуіне болмайды. Қозылар сон-дай болып тууы мүмкін.
• Малдың сүйегін аяққа баспайды, жерге көміп тастайды.
• Қойдың мүйізін, жүнін өртесе, қорадағы қойдың сүйегі сырқырайды.
• Малды аяқпен тебуге, ал атты бастан ауыздықпен ұруға болмайды. Иесі өкпелейді.
• Малға «кет!» деп дауыс көтеріп зекімейді.
• Түнде мал санамайды және ешкімге мал бермейді. Малдың берекесі кетеді.
• Қой қоздап жатқанда малды сатпайды, біреуге сыйламайды. Малдың құты қашады.
• Түйені таяқпен ұрып айдамайды, жетекке алады.
• Мал табынының алдынан немесе қой отарының арасынан бойлап өтсе, иесі өкпелейді.
• Малдың кемшілігін айтып сөйлесе, мал ауырады немесе сүт бермейді.

• Мал қорада дәрет сыңдырса, малдың желіні іседі, сүті қайтады.
• Малдың сүйегін отқа салса, қорада байлаулы тұрған малдың сүйегі-сырқырайды, жылқы малы шошымалы болады.
• Тірі малға көрсетіп мал сойса, сауын малы сүтінен айырылады.
• Жылқының жусауын, қотандағы қойдың тынысын, малдың өрісін бұзса, иесі өкпелейді.

Ырымдар


• Мал айдап бара жатқан адам кездескенде «айдар көбейсін!» дейді, ал малшыға «бағар көбейсін!» деген тілек білдіреді.
• Жас ботаны бірден көзге түсірмейді. Оны бір ай шымылдықтың не ши қоршаудың ішінде ұстайды. Жас бота тұрған киіз үйдің белдеуіне бөтен адамның атын байлатпайды. Егерде бөтен адам ботаны көріп қалса, оған жалма-жан «тіл-көзім тасқа» дегізіп, ботаға түкіртеді немесе отқа тұз тастатады.
• Мал йесі малдың сүттілігіне немесе семіздігіне риза болғанда, алдымен құдайға сыйынып барып ризалығын білдіреді, әйтпесе көзі тиюі мүмкін.

• Қазанда қайнап жатқан сүт төгілсе, малдың желініне жара шығады. Сүт отқа күйсе, малдың емшегіндегі сүт азаяды.
• Мал сойғанда төс шеміршігін кесіп алып, жарға не босағаға лақтырғанда жабысып қалса - ол үйдің аты жүйрік болады.
• Сиырдың желіні іссе, таңертең ерте кебіспен ұшықтайды.


• Мал сойғанда төс шеміршегін кесіп алып, жарға не босағаға лақтырғанда жабысып қалса – ол үйдін аты жүйрік болады.
• Ақты (сүтті, айранды) төксе малдың желіні кетеді.
• Жаңа туған ботасы бар үйге қызыл жалау байлап қояды. Мұны көргендер атпен, көлікпен қатты жүріп келмейді. Қатты келсе бота шошып өліп қалады деп ойлаған.
• Әдетте бұта-бүрген, ши түбіне саритын ит үй іргесіне сарыса «құт құйды» деп ырымдалады.
• Аулдан атқа мініп аттанғанда ит ере шықса, қуалап зорлықпен кері қайтармайды, өйткені ит иесіне оралар. Мүмкін, жолы болар деп, жақсылыққа жориды.
• Үйге кірген жыланды өлтірмейді. Басына ақ тамызып шығарып жібереді. Себебі, кейбір кезде періштелер жылан бейнесіне кіріп, жер бетін шарлайды екен. Ал, далада жылан көрсе қуып жүріп өлтіреді. Себебі, оны қастық жасайтын қарабас, шұбар өс дұшпан деп қаралайды.
• Асқа , тойға, мереке- мейрамға бағышталып сойлған малдың еті сол үйдің адамдары ауыз тимей тұрып, басқаларға берілмейді. Қанын итке иіскетпей көміп тастайды. Бұл – жақсы тілеу басқаға аумасын, оң тілек ит-құсқа жем болмасын дегені. Сондықтан мұндай кезде ылғи нысаналы мал сойлады. Дені сау көк қасқа тай, ақ сары бас қой, атан түйе, атан өгіз, ту бие секілді. Сондай мал сойылған соң қасиеті кетпесін дегені.
• Қазақ аққуды, сары ала қазды, бұлбұлды және жалғыз жүрген құсты ауламайды, атпайды. Өйткені, бұлар киелі құс деп есептейді.
• Саусқан үйдін төбесіне қонып немесе үйге қарап шықылдаса – үйге қонақ келудің нысаны. Алыстан жолаушы келеді, жолаушылар аман-есен оралады деп ырымдайды.... «Әлей-әлей әлей, ақ сөйлей гөр!» деп тілек айтады.
• Кептерге қарап тас лақтырмайды. Олай істесе – тыныштық бұзылады, береке кетеді деп ырымдалады.
• Қазақ ұғымында, үкі – қасиетті құс, үкінің үлпілдек жүні, басы, сирағы және қуырсыңы жын-сайтаннан қорғайды деп төсектін басына, бесікке, бас киімге қадайды.
• Малға оба тисе, қасиетті саналған адамдардың моласынан топырақ әкеліп ұшықтайды. Себебі, оба да бір қасиеттің белгісі. Оның да күшті қорғаушысы болады деп ырымдайды.
• Түйе мойнын созып жіберіп, басын жерге салып жатса, ұзақ жол немесе көш басталады деп ұйғарады.
• Қоралы қойға қасқыр шапса, көк бөрінің ауызы тиді, көк тәңірі қолдайды, мал өсіп, жан аман болады деп жориды.
• Түйенің ішіндегі аруананы соғымға соймайды. Егер соғымға сойатын болса, бұл әулеттен күш-қуат, негізгі мейір кетеді деп ырымдайды.
• Малды бауыздар алдында басын құбылаға қаратып тұрып бата жасайды. «Бұйыртып жегіз» деп тілек айтады. Онысы- малдың еті дәмді, адал болсын деген.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 20:28
  • 40
5172- рет көрілді

МАЛ ӘБЗЕЛДЕРІ МЕН КУРАЛДАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

Категориясы: Ырымдар » Малға, аңшылыққа қатысты


• Мал әбзелдерін лас жерге, аяқ астына тастамайды. Оларды арнайы орынға іліп қояды.
• Мал ұстайтын құралдарды (құрық, бұғалық т.б.) аттамайды. Мал ұстайтын құралдар киелі болып саналады.
• Мал ұстайтын құралдарды тік көтеріп жүруге болмайды, олардың ілгегін қолға іліп, жерге сүйретіп жүреді.
• Атты немесе басқа малды сатқанда, яки біреуге сыйлағанда ноқта-жүген, бас жібі берілмейді, ырыс-несібе олармен бірге кетеді.
• Мал байлайтын арқанды, жіпті, көгенді т.б. аттамайды.
• Қой қырқатын қайшыны иесіне «мұны мен емес, жер беріп отыр» деп ойлап, жүнге орап қайтарады. Қайшыны қолға бермейді, жерге қою керек. Екінші адам оны сол жерінен алады, әйтпесе қайшы қойдың терісін кесіп кетеді.
• Ер-тұрман үй-ішіндегі арнайы жерге қойылады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 20:01
  • 60
21664- рет көрілді

КҰСТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ НАНЫМДАР МЕН СЕНІМДЕР

Категориясы: Ырымдар » Малға, аңшылыққа қатысты


• Қарғалар тобымен шуылдасып ұшса, қыста күн суытады, ал жазда жамандық белгісін білдіреді.
• Құстар өзендегі, арықтағы суға түссе, ауа-райы өзгеріп, жаңбыр жауады; жер бауырлап ұшса, күн бұзылады.
• Көкектің даусы оң жағыңнан естілсе, бай боласың; сол жағыңнан естілсе, сәтсіздікке ұшырайсың; алдыңнан естілсе, көп жыл ауырмайсың, денсаулығың жақсы болады.
• Үкі түнде ауыддың сыртынан шақырса, ауылда көп кешікпей өрт, болмаса қайғылы жағдай болады; үкісін жұлып алып, бойтұмар етіп сақтаған адам қатерге ұшырамайды.
• Егер тауық ұясына ерте қонақтаса, ертеңіне жауын-шашын болады; бір аяғын бауырына алып, ұзақ тұрса, күн суытады.
• Егер тырналар дыбыс шығармай тым жоғары ұшса, күн жылы болады.
• Үйдің төбесіне қарлығаш не көгершін ұя салса, жақсылық болады, өйткені бұл құстар - Алланың сүйіктісі.
• Тауықтың мезгілсіз шақырғаны - жаман ырым.

Мақала белгілері: ырымдар мен тыйымдар