На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2012, 17:17
  • 60
17592- рет көрілді

ҚАЗ ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК

Категориясы: Би-шешендер » XVII ғасыр

Қазақтың аса айтулы, айбынды, аруақты биінің бірі- Қаз дауысты Қазыбек. Оның өмірі негізінен қазақ-қалмақ шапқыншылықтары өршіп тұрған жаугершілік заманда өтті. Қазыбек есімі ел аузындағы әңгімелерде тарихи деректерде, көбінесе Абылай ханмен, Бұқар жыраумен қатар аталады, Халық оны «Қазып айтқан Қазыбек» – деп қастерлеген. Қазыбек бидің: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз;елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз» – деп келетін жай оғындай отты сөздерін жатқа білмейтін қазақ аз.
Қаз дауысты Қазыбек айтты деген аталы сөз ел ішінде көп сақталған. Қазыбек бидің тіршілік ортасы, өз тұлғасы жайлы мәнді әңгімелер халық жадында әлі де мол.
Қазыбек есімі халыққа қазақ пен қалмақ арасындағы шапқыншылық кезінде екі елдің арасында бітімші-бүтінші болған батыл елші, парасатты мәмілегер ретінде мәлім. Халық аңызына қарағанда, Қазыбек 14 жасында Тайкелтір би бастаған қазақ елшілерінің құрамында қалмақ ханы Қоңтәжіге барып, батылдығымен әрі сөзге шешендігімен ерекше көзге түскен. Қазыбектің табандылығы мен тапқырлығының арқасында ғана осы сапарда қазақ елшілері теңдікке жетіп, қалмақ шапқыншылары байлап әкеткен адамдарын, айдап әкеткен малдарын қайтарып алып қайтады, Қазыбек Қаз дауысты Қазыбек деген құрметті атаққа ие болады. Қаз дауысты Қазыбектің бұл елшілік еңбегін Шоқан Уалиханов та естіген. Ол XVIII ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар дейтін мақаласында былай дейді:Үш жүздің батырларынан сіз кімді артық көресіз деп Абылайдан сұрағанда, ол былай деп жауап беріпті: Бізге дейінгі екі кісіге таң қалуға болады. Олар тоқсан туысын тұтқыннан құтқарып қалған Қаракесек Қазыбек және тағы да сондай өзінің тұтқында кеткен адамдарын босатып алған Уақ Дербісәлі.Біріншісі Қалданның өз алдына барып босатып алған, ал соңғысы өз ауылында жатып дұшпанын қорқытып алдырған.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 4-08-2012, 12:39
  • 100
4524- рет көрілді

ШОМБАЛ БИДІҢ ШОҚ БАСУЫ

Категориясы: Би-шешендер » XVII ғасыр

Жәңгір ханның кезінде оның он екі биінің бірі – Шомбал би тұз өнетің сор көлді қорыттырып қойған екен. Көлді қорығанына қарамастан, Шомбал бидің Жұмат деген ағайыны көлден асқа тұз қазып алып, әр ауылға апарап сатып, аздаған кәсіп етеді екен. Осы жайды білген Шомбал би Жұматтың жалғыз атын ұрлатып алдырып, жасырып қояды. Мұны сезген Жұмат Шомбалға келіп, көп алдында:
Шомбал би деп жүр едім ақылды би,
Қорғар деп жақын түгіл жатынды, би.
Жал қылып кәсіп етіп отырғанда
Алдырдым не себептен атымды, би?
Осы би деп жүр едім білімді би,
Халық түгіл, хан қайырмас тіліңді, би,
Ажалым бір кісіден бола кетсе,
Жүр едім ол сұрар деп құнымды, би.
Сақсынып сауысқандай жүрсем-дағы,
Аяғы бір нәрсеге ілінді, би.
Тұзыңнан бір-екі арба алып едім,
Сұрасаң енді айтайын шынымды, би.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 4-08-2012, 12:31
  • 100
50818- рет көрілді

ТӨЛЕ БИ

Категориясы: Би-шешендер » XVII ғасыр

Төле XVII-XVIII ғасырларда өмір сүрген. Үйсін елінен шыққан би. Төле бидің атымен ел аузынада, халық жадында мол мұра қалды.
Төле би бала кезінен ел ішіндегі жер дауы, жесір дауына араласып, тіпті ұсақ –түйек дау –дамауға кесім салып отырған. Кейіннен оның үлкен мемлекеттік істерге, ел тағдырына қатысты жайларға бел шешіп кірісіп, бәтуалы істер тындырғанын ел біледі, тарих айтады.
Төле Тәукеге ханның атақты «Жеті жарғысын» жасасқан бас биінің бірі. Төле ел тұрмысың, арғы-бергі тарихты, оның сабақтарын ой көзімен барлаған, алғыр шешен,көрегер көсем саналған.
Қонақ ауыз әдебиетінде Төле би туралы аныз әнгімелер, шешендік сөздер көп. Олардың көпшілігінде Төле ақылды, әділ, шешен әрі халық қамын ойлаған қайраткер бейнесінде суреттеледі. Шынында Төле өз заманының ақылды, білімді, парасатты адамы болған.
Төле бидің туған әкесі Әлібек. Төлені халық «үйсін Төле би» деп атаған. Атадан балаға ауысып айтылып келе жатқан аңыздар бойынша, Төле орта бойлы, сымбатты,ренді кісі болған. Әулиеата (қазіргі Тараз) төнірегінде туған, кейін көбінесе Ташкент маңында Жиделібайсын жерінде, Сырдын бойында көшіп жүрген. Көп тұрғаен жері Шыназ (ескі Ташкент), сол жерде қайтыс болған.
Төле көп жасаған. Оған дәлел Ұлы жүз Төле би мен Кіші жүз Әйтеке би бірігіп, Орта жүзден Қасқакөл деген көлді даулайды, бірақ жүздің бас биі Орманбет оларға:

Екі би айтқан сөзін жарасады,
Еншіге әркімдер-ақ таласады.....

Мақала белгілері: Төле би

Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 4-08-2012, 12:28
  • 60
9480- рет көрілді

ӘЙТЕКЕ БИ

Категориясы: Би-шешендер » XVII ғасыр

Әйтеке би Тәуке ханның тұсында өмір сүріп, қазақ жұртын бір орталыққа бағынған іргелі ел болуына ісімен де, сөзімен де зор үлес қосқан . Ол сиқырлы да, сылқым сөздің шебері, майталман шешен, әділ би атанған.
Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Құйрығы суда тұрса да,
Уақтысы жеткенде
Қурамайтын құрақ жоқ, - деп тереңнен толғаған осы Әйтеке би.
...............................................................................................................
Шоқан Уалиханов белгілі билердің бірі ретінде Әйтекенің есімін Төле бимен қатар атайды. Қазақ руларының басын біріктіріп, бір орталыққа бағындырған және туысқан қазақ, қарақалпақ, қырғыз халықтарын одақтастырып, жоңғар-қалмақ шапқыншылығына қарсы бірыңғай халық майданын құрған Тәуке ханның кеңесшісі, көмекшісі болған. Әйтеке – шешендігімен бірге ел басқарған, заң жобасын жасасқан, қазақ мемлекетін құрысып, нығайтуға үлес қосқан қоғам қайраткері.
.........................................................................................................................
Бір аңызда Төлеби мен Қаз дауысты Қазыбек ертеректе өлген бір кісінің құнын даулап кіші жүзге келеді. Дау бірнеше күнге созылып, екі жақ келісе алмайды. Бір күні есік жақта отырған бір жігіт:

Асқар тау, сенде бір мін бар – асу бермейсің,
Тасқын су, сенде бір мін бар – өткел бермейсің.
Билер сендерде бір мін бар – басқаға сөз бермейсің, -

деп орнынан тұрып кетеді.
- Шақыршы анау қара жігітті , - дейді Қазыбек.
Жігітті шақырып келген соң: - шырағым, қай баласың, аты – жөнің кім, - дейді билер.