На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 11:22
  • 0
5239- рет көрілді

Қоштасу (салт)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Ұзатылатын қыз өз үйінен аттанар алдында өзінің ата-анасымен, аға-інісімен, сіңлісі, жақын-жуықтарымен қоштасу жырын айтады.
Әуеден ұшқан бұлдырық, Құбыладан соққан ызғырық. Жатқа кетіп барамын Жаратқан соң қыз қылып. Атасы жақсы құл болмас, Анасы жақсы күң болмас. Оң жақтан кетіп барамын, Қыз еркелеп ұл болмас, — деп өзінің жат жұрттық болып жаратылғанын жырға қосады. Ең соңында:

Жанымдағы қыным-ау,
Сіңлілер мен інім-ау.
Жыл айналып келгенше,
Қош аман бол күнім-ау, — деп бауырларымен қоштасады. Мұнда "жыл айналып келгенше" деген сөздің мағынасы бар. Өйткені дәстүр бойынша ұзатылған қыз жыл толмай өз үйіне бара алмайды.
Қоштасу қазақ халқының бауырмалдық, әншілік, айтқыштық қабілетін көрсететін тұрмыс-салт жырларының ішінде көркем де көрнекті дәстүр. Қоштасу жыры соңынан қыздың жеңгелері мен серіктері:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 11:19
  • 0
4105- рет көрілді

Жасау (салт)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Ұзатылған қызға беретін дүние-мүлік "жасау" деп аталады. Халық қыздың жасауына аса зор көңіл бөліп, «жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасан жетеді!» деген. Небір жақсы бұйым, сәукеле, киім, текемет, ыдыс-аяқ, төсек-орын, киім-кешек, әсем әшекейлі тағымдар қыздарға берілетін болатын. Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан. Жасауды кыздың еншісі десе де болады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 11:19
  • 0
3816- рет көрілді

Ау — жар (салт, айтыс)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Ұзатылып бара жатқан қыздың "сыңсуы", "қоштасуы" ұлттық тәрбие мектебінің тамаша үлгісі. Алтын ұяны, туған ел-жұрттан бөліну, жат босаға аттау оңай іс емес. Осының бәрін тәжірибелі де тәрбиелі халық жылай жүріп ән, жыр тұрінде шеберлікпен үйлестіріп жасай білген. Тағы бір қызығы қыз жылап қоштасқанмен ол қайғы емес куаныш, қимастық сәтінің де белгісі. Дегенмен қыз ауылының қыздары мен жігітгерінің де қимастық көңілдері де көрінбей қалмайды. Олар "жар-жардан" кейін де өлең-жырды үстелемей жүріп айтыс түріндегі "ау-жарды" тағы бастай жөнеледі. Мұнда да ізгі тілектестік, достық көңіл, жаңа бақыт жолыңда жақсы ниет көрінеді. Оның сөзі де, әні де көркем, ойнақы айтылады. Ол біресе «ау-жар», біресе «ай-ау», біресе, «бике-ау», біресе «үкі-ау» деп те айтыла береді. Олардын мынадай үлгілері бар:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 11:17
  • 100
4997- рет көрілді

Жар-жар (ғұрып)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Ұзатылған қыз тойында қыз-жігіттер тобы кететін қыздың көңілін аулап, бара жатырған жағында да осындай жақсы жайлар болатынын өлеңмен айтысады. Сонымен бірге олар қыздың бақытты, елге сыйлы болуына тілектестік білдіреді. Мұның бәрі өлеңмен айтылатындықтан "Жар-жар" қызықты болып естіледі. Мысалы: "Жар-жарды" жігіт былай бастайды:
Алып келген базардан, Қара насыр, жар-жар-ау. Қара мақпал сәукеле, Шашың басар, жар-жар-ау! Мұнда әкем қалды деп, Қам жемеңіз, жар-жар-ау. Жақсы болса қайны атаң, Орнын басар, жар-жар-ау!
Қыз былай деп жауап қайтарады:
— Есік алды қара су, Майдан болсын, жар-жар-ау. Ақ жүзімді көргендей, Айнам болсын жар-жар-ау. Қайын атасы бар дейді-ау, Осы қазақ, жар-жар-ау. Айналайын әкемдей, Қайдан болсын, жар-жар-ау!
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 11:17
  • 40
7072- рет көрілді

Аушадияр (дәстүр)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Үйлену тойы кезінде айтылатын дәстүрлі өлең, жыр. Және жәй өлең емес, өзіндік айтылар әні, ерекше ұлттық тәрбиелік маңызы бар. Көркем шығармашылықпен айтылатын той көркі, салтанат сәні, өнегелі өнер. Мұны іздеп тауып, өмірге әкелген көп жасағыр жазушы Уахап Қыдырханов екен. Аушадияр жырының үлгілерін шетелдегі қазақтар сақтап, бізге жеткізген. Шынын айту керек бұл қазіргі Қазақстан елінде айтылмайды, халық жадынан мүлде шығып кетіп ұмыт қалған.
Аушадияр үйлену тойы үстінде айтылады.
Аушадияр — бір болар, Жаманның көңілі кір..........
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 11:11
  • 0
4344- рет көрілді

Неке қияр (ғұрып)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

"Ауылнаймын, немесе қағазсыз неке кимаймын, жаназа оқытпаймын, — деп Көдебай бір дікілдейді" (Б. Майлин). Неке — қасиетті ұғым, беріктік шарты. Қазақ халқы мұны "ақ неке" деп ардақтайды. "Ақ некелі жарым" деп мақтанады. Бас қосқан ер мен әйелдің міндетті түрде некесі қиылады. Ол көпшлік алдында жасалады. Қосылған, бірақ некесі қиылмаған адамдарды халық «некесіз» деп сөккен және оларға салқын қараған. Олардың балалары да «некесіз туған» деген жаман атқа қалған. Ауыз әдебиетінде неке қияр кезінде айтылатын куәлік сөз бар. "Неке қияр сөз" деп неке қияр кезде екі арада жүретін екі куәнің күйеу мен қыздың ырзалығын сұраған уақытта айтатын сөздерін айтамыз. Бұл әнмен айтылмайды. Бірақ өлеңше ұйқасқан, дәйім бір калыпты айтылады. Мысалы:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 11:09
  • 0
6866- рет көрілді

Қыз ұзату (салт, той)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

"Ұлын — ұяға, қызын — қияға қондыру" — ата-ананың тілегі әрі парызы. Соның ішіңде қыз ұзату — үлкен той, думан әрі қызық. Бұл күні ата-ана қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны — қыз өсірді және оны құтты жеріне қондыруы, жылайтыны — әрине қимастық көңілі.
Қызды алуға құда (тақ санмен) бес не жеті кейде одан да көп адам келеді. Мұның ішінде бас құда, құдалар және күйеу жолдас болады. Солтүстік және Орталық Қазақстанда тек ер адамдар барады. Құдалар әдетте кешкілік баруы керек. Мұнда ойын-сауық, құдалық рәсімдер мен кәде-жоралар жасалады. Жақын адамдар құданы үйіне шақырады.
Ұзатылатын қызды дәстүр бойынша таң ата, күн шыға жөнелтеді. Оның алдында қыз "Қоштасу жырын", жастар "Жар-жар", "Ау-жар", "Аушадияр" айтылады.
Соңында құда аттандырар кәдесі беріледі.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 11:08
  • 0
5865- рет көрілді

Сыңсу (салт)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

"Халқымызда тұрмыс-салт жырларының ең көп тарағандарының бірі — сыңсу" ("Күйеу келтір, қыз ұзат" жинағынан). Ұзатылған қыз өз босағасынан аттанар алдында ағайын-туғандарын аралайды. Былайша айтқанда қоштасады (Бірақ бұл дәстүрлі қоштасу емес). Жеңгесін ертіп ағайындарын аралап жүрген қыз жәй жүрмейді. Ол өзінің бадалық дәуренінің, оң жакта бұлғақтап өскен бақытты күндерінің өткендігін, аяулы ата-анасының, туысқандарының өзін мәпелеп өсірудегі еңбегін өлеңмен айта жүріп өксиді. Ондай өлең жырды сыңсу дейді.

Базардан келген құйысқан,
Тарамай шашым ұйысқан.
Келіп кетіп жүріңдер,
Сағындырмай, туысқан — деп өзінің өтінішін де айта жүреді.

Қыздың сыңсуы — жарасымды әрі тәрбиелік мәні бар салтанатты салт. Бұл адамгершілік, әдепілік жағынан атғанда да өте орынды дәстүр. Өйткені балалық күндерден ағайын ортасынан бөлініп кету оңай іс емес. Ал қазақтың қазіргі қыздары бұл дәстүрдің алтын арқауын үзді десе де болады. Өйткені ауыл, үй аралап, сыңсу, жылау түгілі, оң жақтан аттанарда күліп, куанып жүргендерін де көз көрді. Бұл ұлттық тәрбие мен ұлттық мәдениеттің ұмытылғандығынан деп танимыз.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 11:07
  • 0
4471- рет көрілді

Қыз танысу (дәстүр)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

"Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл, қыз таныстыр — қызыққа жұрт ыржыңшыл" (Абай). Ұзатылған қыз өз босағасынан аттанар бұрын жеңгесін ертіп туған-туыстарын аралап, көрінеді. Мұны дәстүр бойынша "қыз танысу" дейді. Қыздың барған үйі оған құрмет көрсетіп, жақсы тілектер тілеп, бағалы киім, дүние-мүлік, жақсы тағымдар беріп аттандырады. Бұл бұрын халық арасында өте жарасты дәстүр болып қалыптасқан.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 10:50
  • 100
6749- рет көрілді

Сүт ақы

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері


Қыз ұзату тойы мерзімін қалыңдық құдаларымен келісе отырып белгілейді. Бұл тойға күйеу бас құда бастаған құдалар тобымен және өнерлі күйеу жолдастарымен келеді. Мұнда құдалық кәделері өте көп. Соның ішіндегі жолы бөлек, қымбат кәделердің үлкені "сүт ақы" деп аталады.
Бұл қыздың анасына тартылатын сыйлық. Бұған анасы бата береді.