Ұзатылған қызға беретін дүние-мүлік "жасау" деп аталады. Халық қыздың жасауына аса зор көңіл бөліп, «жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасан жетеді!» деген. Небір жақсы бұйым, сәукеле, киім, текемет, ыдыс-аяқ, төсек-орын, киім-кешек, әсем әшекейлі тағымдар қыздарға берілетін болатын. Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан. Жасауды кыздың еншісі десе де болады.