"Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл, қыз таныстыр — қызыққа жұрт ыржыңшыл" (Абай). Ұзатылған қыз өз босағасынан аттанар бұрын жеңгесін ертіп туған-туыстарын аралап, көрінеді. Мұны дәстүр бойынша "қыз танысу" дейді. Қыздың барған үйі оған құрмет көрсетіп, жақсы тілектер тілеп, бағалы киім, дүние-мүлік, жақсы тағымдар беріп аттандырады. Бұл бұрын халық арасында өте жарасты дәстүр болып қалыптасқан.