На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Жаңалыққа қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2014, 11:19
4068- рет көрілді

Ау — жар (салт, айтыс)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Ұзатылып бара жатқан қыздың "сыңсуы", "қоштасуы" ұлттық тәрбие мектебінің тамаша үлгісі. Алтын ұяны, туған ел-жұрттан бөліну, жат босаға аттау оңай іс емес. Осының бәрін тәжірибелі де тәрбиелі халық жылай жүріп ән, жыр тұрінде шеберлікпен үйлестіріп жасай білген. Тағы бір қызығы қыз жылап қоштасқанмен ол қайғы емес куаныш, қимастық сәтінің де белгісі. Дегенмен қыз ауылының қыздары мен жігітгерінің де қимастық көңілдері де көрінбей қалмайды. Олар "жар-жардан" кейін де өлең-жырды үстелемей жүріп айтыс түріндегі "ау-жарды" тағы бастай жөнеледі. Мұнда да ізгі тілектестік, достық көңіл, жаңа бақыт жолыңда жақсы ниет көрінеді. Оның сөзі де, әні де көркем, ойнақы айтылады. Ол біресе «ау-жар», біресе «ай-ау», біресе, «бике-ау», біресе «үкі-ау» деп те айтыла береді. Олардын мынадай үлгілері бар:

Буынғаным беліме кісен бе еді, ау-жар-ау,
Бекем бусам белімнен түсер ме еді, ау-жар-ау.
Әкең барып шешеңді ап келмесе, ау-жар-ау,
Мүндай азап басыңа түсер ме еді, ау-жар-ау!
Мінген де атың боз ғана, бике-ау,
Күйеуің сенің боз бала, бике-ау.
Өксігің сенің басылмас, бике-ау,
Әлдилеп бала сүйгенше, бике-ау.
Мінген де атым жиренше, үкі-ау,
Тықыршып түрар мінгенше, үкі-ау.
Қыз көңілі басылмас, үкі-ау,
Әлдилеп бөпе сүйгенше, үкі-ау!
Кеттің, кеттің деуші едің, кеттім, апа, ай-ау,
Ерттеп қойған атыңа жеттім, апа, ай-ау.
Шымылдығын желпе сал, көрсін апам, ай-ау,
Көзінің жасын қойнына, төксін апам, ай-ау!

Бұл жырдың бәрінде де әдеп, өнеге, тәлім-тәрбие, халықтық салт-сана мектебінің тамаша үлгісі жатыр.
Құрметті кіруші! Сіз біздің сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге тіркелуді ұсынамыз немесе өз атыңызбен кіріңіз.
Хабарлау
Қонақтар тобындағы кірушілер бұл жарияламада пікір қалдыра алмайды.