На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Жаңалыққа қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 4-08-2012, 12:31
42151- рет көрілді

ТӨЛЕ БИ

Категориясы: Би-шешендер » XVII ғасыр


Төле XVII-XVIII ғасырларда өмір сүрген. Үйсін елінен шыққан би. Төле бидің атымен ел аузынада, халық жадында мол мұра қалды.
Төле би бала кезінен ел ішіндегі жер дауы, жесір дауына араласып, тіпті ұсақ –түйек дау –дамауға кесім салып отырған. Кейіннен оның үлкен мемлекеттік істерге, ел тағдырына қатысты жайларға бел шешіп кірісіп, бәтуалы істер тындырғанын ел біледі, тарих айтады.
Төле Тәукеге ханның атақты «Жеті жарғысын» жасасқан бас биінің бірі. Төле ел тұрмысың, арғы-бергі тарихты, оның сабақтарын ой көзімен барлаған, алғыр шешен,көрегер көсем саналған.
Қонақ ауыз әдебиетінде Төле би туралы аныз әнгімелер, шешендік сөздер көп. Олардың көпшілігінде Төле ақылды, әділ, шешен әрі халық қамын ойлаған қайраткер бейнесінде суреттеледі. Шынында Төле өз заманының ақылды, білімді, парасатты адамы болған.
Төле бидің туған әкесі Әлібек. Төлені халық «үйсін Төле би» деп атаған. Атадан балаға ауысып айтылып келе жатқан аңыздар бойынша, Төле орта бойлы, сымбатты,ренді кісі болған. Әулиеата (қазіргі Тараз) төнірегінде туған, кейін көбінесе Ташкент маңында Жиделібайсын жерінде, Сырдын бойында көшіп жүрген. Көп тұрғаен жері Шыназ (ескі Ташкент), сол жерде қайтыс болған.
Төле көп жасаған. Оған дәлел Ұлы жүз Төле би мен Кіші жүз Әйтеке би бірігіп, Орта жүзден Қасқакөл деген көлді даулайды, бірақ жүздің бас биі Орманбет оларға:

Екі би айтқан сөзін жарасады,
Еншіге әркімдер-ақ таласады.....
Қасқакөл Орта жүздің көлі еді ғой,
Айтқандарың киянатқа жанасады,-

деп көлді бермейді. Кеін Орманбетті анасы уөндіріп, көлді үш жүздің рулары жайылатын болып келіседі. Сонда Төле би Орманбеттің шешесіне разы болып былай депті:


Қасқакөлді алам деп келіп едім,
Орманбет бермеген соң өліп едім.
Жетпіс жаста айтқаным жерде қалып
Мәңгіге тірілместей болып едім....

Тәуке тұсында қазақ хандығының бір орталыққам бағынып, ішікі және сыртқы жағдайының бір сыдырғы нығайғаны белгілі. Оның билігін үш жүздің қалай қолдағанынын бейнелейтін бір мысал мынадай. Шідер ұрлап қолға түскен бір ұрыға Төле би ұрланған шідердің үш тармағын үш аттың аяғына салдырып: «Енді үш атты үш жаққа ұрып айда, егер аттар шідерді үзіп босанып кетсе, айыптан азатсың, ал шідер үзілмесе, үшеуін біріктіріп ұстаса, онда ол үш тармақты шідер емес, үш ердің қызметін атқарғаны. Онда бір тармағы үшін бір бесті айып төлейсің» деген үкім айтады. Әрине, мықты қайыстан жұмырлап өрілген шідерді аттар үзіп кете алмайды, ұры бір шідер үшін ат төлеп құтылады. Төленің бұл билігін қазақтар да, кейін қазақтың әдет-ғұрпып зерттеген оқымыстылар да «даналық шешім» леп бағалайды.
Сөйтіп Төле би Әлібекұлы кезіндк қазақ хандығын, қазақ елінің бірлігін нығайтуға қызмет еткен қайраткер болған. Төле бидің қоғамдық қызметі әсіресе 1723 жылғы жоңғар шапқышылығынан кейін айқынырақ көзге түседі. Қыз анадан, бота енеден ажырап, аңырағанда, азынаған «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» атанған шапқыншылық заманда халыққа қарадан шыққан билер ұйытқы, ұйымдастырушы болды. «Елге бай – құт емес, би – құт» дейтін нақыл сөзді Төле би сол кезде айтыпты.
Міне, осындай ел басына екіталай күн туып, ер сасқан, әйел етегін басқан қысталаң кездерде Үлы жүзді бастаған Төле би қонысынан аумай, елің, жерін бүліншіліктен сақтап қалған, күші басым жауға қарсы шығып, қамсыз отырған халық қанын төкпей, айла-тәсіл қолданған. Осы арада Төленің даналығын бейнелейтін бір халық аңызы бар. Жоңғар шапқыншылығынан босып, ел қаша көшкенде, Төле үйін жықпай жұртта қалыпты мыс. Қалмақтың әскербасы бұған таңданып, көшпеген себебін сұрағанда, Төле би: «Биыл шаңырағыма бір қарлығаш ұйя салып еді, бұл бүкіл дүние жүзін топан су басқанда Нұқ пайғамбардың кемесінсуға батудан сақтап қалған, жыланға адам баласының жем болу қауіпі туғанда, содан қорғаған жануар еді. Мен өз балашағамды қорғапқалған жануардың ұясын бұзып, балапандарын қырып кете алмадым», - дейді. Мұны естіген қалмақ қонтайшысы: «бұл әулие» екен деп, оның өзіне де, манайларындағы еліне де тимепті мыс. Аңыздын қаншалықты дұрыс-бұрыстығын кесіп айту қиын. Бірақ, шындық: Ташкент пен Шымкент айналасындағы қазақтар мен өзбектер Төле бидің есімін тура атамайды, күні бүгінге дейін «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» би деп кәдірлейді.
..................................................................................................
Халық аңыздарына қарағанда Төле заманындағы белгілі батырлар мен билердің тіпті хандардың бірсыпырасына ақылшы болған. Атақты батыр әрі шешен Шақшаулы Жәнібек Төле биге келіп:
- Түзу мылтық, ұшқыр құс, жүйрік ат, мақтпаншақ жігіт, ұрыншақ ат жидым. Бозбала болып ерлік қылайынба, үлгі алып билік құрайын ба? Елінде кәрің болса, жазулы тұрған хатың, жайлаған көліңнің алдында төбе болса, ерттеулі атың деуші еді, ақыл сұрай келдім, - дейді.
Сонда Төле би:
- Өгізді өрге қарай салма – қанатың талар, наданға көзінді салма – сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа – сенімін кетер, дүшпаныңа сырынды айтпа – түбіне жетер. Жалқұйрығы қаба деп, жабыдан айғыр салма – жаугершілік болғанда жағдайлап мінер ат тумас. Жақыным деп, жаманның малы үшін жақсының жағасынан алма – өрісің тарылар: Қару жисан мылтық жи. Жаяу жүрсен – таяқ, қарның ашса – тамақ. Ит жүгіртіп, құс салсаң,әуейі боларсың. Әйел алсан, көріктіге қызықпа, тектіні ал. Мақтаншақ жігіт жисан ұятқа – қалдырар. Ұрыншақ ат жаз жарға жығар, қыс қарға жығар. Тұмау түбі құрт болар, ақылдың түбі құт болар. Елге бай - құт емес, би – құт. Қабырғадан қар жауса – атан мен нарға күш, ел шетіне жаяу келсе – қабырғалы биге күш. Қарап отырғанша, бір нәрсеге жарап отыр, кәсіп болмай нәсіп болмас. Менен ақыл сұрасаң, менің айтарым осы, - деген екен.
..............................................................................................
Аңыз әнгіме – тарих емес. Халық өзі ұнатқан қаһарманын қалауынша қайта «туғызады», мақтаса көтермелеп,әсірелеп, даттаса, кемітіп, тұқыртып көрсетеді, бірақ жоқтан бар, бардан жоқ, жасамайды, қандай болмасын аңыздын астарында, негізінде бір шыңдық жатады. Мысалы, қазақ еліне келген бір елдің елшісін біреулер өлтірейік деп, екінші жақ өлтірмейміз деп үлкен дай-дамай болыпты. Сонда осы мәселені ақылдасып шешу үшін Ұлы жүзден Төле би, Орта жүзден Қазыбек би, Кіші жүзден Әйтеке би бас қосып, бір төбеге шығып отырса, алдындағы көлге бір топ қаз келіп қоныпты. Сонда Төле тұспалдап:
- Мына көлдің алар ма еді қазын атып, - дейді.
- Огың шығын болмасын жазым атып, - дейді Әйтеке би.
- Құтылмастай пәлеге қап жүрмейік,
Қаз екен деп перінің қызың атып,- дейді Қазыбек.
Осымен сөз бітеді, елшіге тимей еліне қайыру керек деген шешімге келеді.
..........................................................................................
Төленің әкесі Әлібек биге екі даугер жүгініске келіп біреуі: «Қырдан қуып, індетіп қазып алған түлкіме мынау таласып, бермейді»,-дейді. Екіншісі: «Жүні жетілсің» деп сыртынан бағып жүрген түлкім еді, оның үстіне жер де, інде менікі, демек түлкі де менікі» дейді. Би даугерлердің сөздерін естіген сон, он үш жасар баласына сілтеп, мұнын билігін Төле берсін дейді. Даугерлер Төлеге келсе, ол бір шыбықты ат қылып, бір шыбықты қамшы қылып далада «ат-шулен» ойнап жүр екен. Алдына келіп, дауларын баяндаған соң, бала: «түлкі арлан болса –сенікі» дейді: «жер сенікі» дегенде. Баланын билігін түсінбей, әкесіне келіп айтқанда: «Төлежан төрелігін дұрыс берген екен: түлкінің ұланы түз сақтайды. Түлкі еркек болса, сенін қырдан қуып келіп, індеткенің рас. Түлкі саған тиеді, ал ұрғашы болса, жер иесі саған тиеді» дейді Әлібек.
................................................................................................

Тағы бір аңызда Төле би қанжыға қайыс ұрлаған ұрыға ат-шапан айып кеседі. Мәнісін сұрағанда: «қанжыға тон сақтайды, тон жан сақтайды» деп жауап береді. Сондай-ақ тұсау ұрлағанға ат бастатқан тоғыз айып салады. Оның мәнісін: «тұсау ат сақтайды, ат ер сақтайды, ер ел сақтайды» деп түсіндірген.
Барымтагершілік уақытты Орта жүз Қаржас, Қаржас ішінде Жәдігер Өқлназар деген кісіні өлтіріп, теңдік бермейді, құн төлемейді. Осыған орай Жәдігерден төрт кісі Төле бидің алдына келсе, би жөнді сойлеспейді: Талапкерлердің біріншісін тындап оң қолын, екіншісін тындап сол қолын созады.
- Япырмай, мынау екеуінен сөз қалдыма? – деп үшінші кісі сөйлегенде, астынғы ернін созады. Төртеуі аңырып, Төле биден бір ауыз жауап ала алмай, еліне келіп, көрген-білгендерін айқанда, Қаржас Едіге би отырып:
- Толе бидің ишарасы төртеуіңе берген бағасы екен. Алғашқы екеуің сойлегенде, екі қолын созғаны – сендер ұзын сойыл, ұр да жық екенсіндер дегені. Кейінгі екеуің сөйлегенде, екі ернін созғаны – сендер ағайынды екі адамның арасына өсек айтып, ас ішерлік адам екенсіндер. Сендер бітім сөз сөйлеп дауды бітіре алмайсындар, - деп қайырған екен.
Ел сонда Төлеге Едігінің өзін жұмсайды. Едіге қасына он шақты кісі ертіп, Төле бидің ауылына келсе, би алдынан шығып аиандасып: «Алмасыңа мойным бар, асылыңа қойным бар» деп жүріп кетіпті. Едігіе: «Би, мойын бұрмайсыз ба?» депті. Едіге серіктеріне: «Төле би осы болса, дау бітті. Ертең жасаулап қыз береді» - депті. Айтқандай, Төле би алты ата арғындарға ат бастатқан тоғыз бен отаулап бір қыз беріп, қонақтарды еліне қайтарыпты.
....................................................................................................
Бір аңызда Төле Түлкі есімді жігіттің сұрақтарына былайша жауап береді:
- Ата, алты алаш деген кім? – дейді жігіт.
- Алты алаш – Алаша ханның балалары: Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түрікмен, Жайылған,- дейді Төле.
- Үш жүз деген кім?
- Үш жүз – қазақтың ағайынды үш баласы.
- Ағайынды кісілердің өкпесі немен тарқайды?
- Сағынысып көрісумен тарқайды....
...........................................................................................................

Төле би атынан айтылатын толғаулар да аз емес:
- Жаманға да бақ қонатын күн болады,
Біреудің өтірігі шын болады,
Батырдан бақ қайтатын күн болса,
Қанша тауы айтсада, мін болады.
Қаңғыртса ханнан қызы ханшаны,
Бақытсыз бір лайық күн болады.
...................................
Тамам жарлы жиылып,
Қонған жері көн болмас.
Тамам сұлтан жиылып,
Сойлеген сөзі жөн болмас.
Ұры-қары жиылып,
Ұйытқылы ел болмас...
Жаманды қанша мақтасаң,
Жайды білер ел болмас....
....................................
Қарағайдан биік ағаш жоқ,
Бұтақтары болмаса, берекесі тайша жоқ.
Ақылды деген адамның
Айтарға аты болмаса, айтқан сөзі жайша жоқ.
.......................................................
Батыр деген барақ ит,
Екі долы қатынның бірі табады.
Би деген бір бұлақ,
Қатынның ілуде бірі табады.
.............................................
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім.
Ұқпасқа айтқан сөз жетім....
Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің пырағы.
Әйелің жақсы болса,
Бірінші – иманың,
Екінші – жиғаның,
Үшінші – ырысыңның тұрағы..
................................................

«Ел баласы екенсің»

Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылымына бұдан көп жыл бұрын үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, бәтуаласа алмай отырғанда, топқа еріп келген он бес жасар Төле биоік айтушылардың бірде-біріне көңілі толмай:

Ақты ақ деп бағалар,
О, игі жақсы ағалар.
Өзегі талса ел біткен,
Өзен бойын жағалар, -
деп сөз бастай бергенде: «Ата тұрып ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен буз» деуші еді. Мына бала кім өзі? – дейді төрдегі би. Төле қасқая қарап:
- О, би аға, он үште отау иесі демес пе,
Кінәлімін бе келіп қалсам он беске?
Сөз сөйледім, бұйыра көрменіз айыпқа,
Ала көз болу ағайын адамға лайық па?

О, игі асқар тауымыз,
Әділ ме осы дауымыз?
Жар астында тұрғанда,
Жасырынып жауымыз?..
дейді. Сонда төрдегі би:
- Қой асығыс демендер,
Қолына жақса, сақа ғой,
Жасы кіші демендер,
Ақылы асса, аға ғой, -
деген екен.
- Балам, ағалық билікті саған бердім, - дейді. Бала Төле жұлып алғандай:
- Сары табақтан сарқыт қайтады деген. Биліті маған берсеніз, Шу өзенінің оң жағын арғын арғын жайласын,- деп билік айтады.
Бұл шешімге екі жақта риза болып, бітімге келеді. Сонда төрдегі би:
Үй балсыма деп едім,
Ел баласы екенсің.
Ай маңдайлы арысым,
Талабың алдан өтелсін.
Ауылыңнын таңы бол,
Маңдайдағы бағы бол,-
деп, бала Төлеге бата берген екен. Осыдан бастап Төленің аты шығып, ел арасыңдағы дау-жанжал, келіссөзге араласып, билік айта бастапты.
.................................................................................................
Ерте заманда бір төре кедей адамға егін ектіріп, ақы төлемей, өзі пайдаланып жүреді екен. Кедей адамға балашағасын асырау қиын болпты. Келесі күзде егін жақсы шығып, кедей егінді төреге айтпай жинап алыпты. Төре кедейдің басын жарып, таяқ жеген кедей Төле биге арызданып барыпты.Толе би қартайған уақыты екен.және төренің жағдайын естіген болса керек.Төрені шақыртып алып:
Таласқандарың қара жер,
Төрем болдың босқа тер.
Егіншіңмен айтысып,
Қор боп қапсың қайран ер.
Қор болмасты ойласаң,
Мүсәпірдің қақын бер,-
Деген соң, ілгі төре ұялып, кедейдің ақысын беріп, риза қылыпты.
.............................................................................................
АТАДАН ҰЛ ТУСА ИГІ

Төле өмір сүрген заман қазақ халқы басынан небір киын кезеңдерді өткерген түс еді. Осы кезде ол әрдайым халқының қасынан табылып, көк найзаның ұшымен де, қызыл тілдің күшімен де туған даласын жат жұрттық басқыншылардан қорғауға белсене қатысқан.
Ел арасында Төле би айтты дейтін шешендік сөз үлгілерінің бір төркіні былай болып келеді. 1740 жылықалмақ билеушісі Қалдан Цереннің қолшоқпарлары Ұлы жүздің ханы Жолбарысты өлтіріді. Төле би бастаған ел Ташкенттен қуылады. Жау жағы Ташкентке Қоқым манапты әкімдікке тағайындайды. Бұл кезде Сыр бойы қалаларының біразы жоңғарлардың қол астында қалады. Осы тұста Күлтөбенің басында үлкен жиын ашылып, оған ел басылары түгел жиналады. Сонда Қарабек батыр: «Жауға тізе бүгуден басқа амал жоқ» деген пікір айтады. Қарабекке ашуланған Төле би:

Атадан ұл туса игә,
Ата жолын қуса игі,
Өзіне келер ұятын,
Өзі біліп тұрса игі,
Жаудан бұққан немені,
Ортасынан қуса игі,-
деп, шырық бұзғандарды жиыннан қудырып жібереді. Содан соң айналасындағыларға қарап:

Уа, көселі шабар жерің бар
Ту көтерген ерің бар,
Қол боларлық елің бар,
Атадан қалған сара жолың бар,
Құлдық ұрсаң дұшпанға,
Арылмайтын сорың бар...
Құлдық ұрсаң дұшпанға,
Еркек болып туды деп,
Мына сені кім айтар?
деп толғайды. Төленің осы төрелік сөзін өзгелер түгел құп алып, жауға қарсы күш біріктіріпті деседі.
......................................................................................
ТӨЛЕ БИДІҢ ТӨРІНДЕ
Сөзге жңа ғана араласып, бидік айтуға талаптанып жүрген үш жас жігіт сәлемдесіп, жүз көрісіп әрі ой жарыстырмақ ниеттермен Төле бидің үйне келе қалады.
Төле бидің жасы ұлғайған шағы екен. Құс жастық, мамық төсекте жатса керек. Қасында жастау келіншегі отыр екен. Үйге сәлемдесе кіріп келген үш жігіттен жөн сұрасқан Төле би оларға: «Төрлетіңдер», дейді. Әдет бойынша, қонақтарға сый-құрмет көрсету керек. Ас-су қамдап, кіріп-шығып жүрген келіншектің жүріс-тұрысы өте тәрбиелі, тым сыпайы, оның үстіне көз жауын алғандай сұлу да екен.
Келіншекпен дидарласуға биден бата алмай жігіттер бірін-бірі көз қиығымен түсініп отырады. Шыдамы таусылғандай, шай үстіңде келіншекті сөзге тартпақ ниетпен шешендеу біреуі киіз үйдің іргесін түріп жіберіп: «Анау судың бойындағы, мынау көлдің жағасындағыкімдердің ауылы?» деп сұрай берсе керек. Сонда келіншек: «Үлкен-үлкен көлдердің бойында, үлкен-үлкен билердің ауылы тұрады, өздеріңдей шолақ билердің ақылы көзінің ұшында тұрады» деп жауап берген екен. Келіншектің жауабынан кеийін жас билер Төле бимен сөз жарыстырмай-ақ, тез аттанып кеткен көрінеді.
..................................................................................
ЕРДІҢ БАҚЫТЫ – ӘЙЕЛ
- Балама әйелді өзім таңдаймын, - деген екен Төле жарықтық.
Өйткені ердің бақыты – әйел. Әйел жақсы болмай, ер онбайды. Ердің бақытын кетіретіңде әйел, ерге бақыт әперетін де әйел. Сондықтн аасықпай, келінді ел арасынан өзім іздіеймін.
Бір жылы Төле ел арасындағы дауды шешу үшін швлғай жол жұреді. Аттары болдырып, өздері шөлдеп-шөліркейді. Бір жерге келгенде, алдарынан бір топ атты қыз-келіншек көрінеді. Таяу жете бере әлгілер ошарыла тоқтап, бұлардың жолын кесіп өтпей, тұрып қалады. Төле бәрін алыстан көріп байқап келе жатады. Топ қыз-келіншектің тқсына өтіңкіреп тоқтап:
- Ана ізетті балаларды шақырып келші! –дейді жолдасының бірін жұмсап. Ол шауып кетеді. Жолаушыларға жақындай бере қыз-келіншектің бәрі аттарынан түсіп жаяу жүреді. Қастарына келгенде, келіншектері тізесін бүгіп, қыздары бас иіп, сәлем береді.
- Өркендерің өссін, балаларым, бақытты болындар,- деп Төле би бата береді. – Қрарқтарым, қай ауылдың балаларысындар? Олар қай ауылдан екнің айтқаннан соң: - Қарақтарым, әлдеқашан өтіп кететін уақыттарың болып еді, бізді неге тостыңдар? – дейді Төле.
Сол дағдарыстан соң, топ ішінен суырылып бір қыз ілгері шығады да:
- Алыс жолдан аталарымыз бен ағаларымыз келе жатыр екен. Алдынан кесіп өтіп, жолын шаңдатпайық. Араларында қол бастаған батырла, сөз ұстаған шешендер бар шығар. Елдің қамын жеген, жердің шөбін қорғаған ерлер ғой: тойға жорға мінгеніміз, үтіге тоқа кигеніміз осы кісілердің арқасы. Аз тоқтап ілтипат етсек, ауылымызға азар етсе бір шай қайнатым кеш жетерміз, бірақ аталарымыз бен ағаларымыз көңілін көркейтеміз деп едік.
- Ал, шырағым, жақындай бере аттан неге түстіңдер? – дейді Төле би қызға.
- Төбелесетін кісідей атпен тасырандап жетіп келгенімізкішілігімізге жараспас, жерге түсіп, иіліп сәлем бергеніміз әйелдігімізге жарасар дедік, ата.
Төле би, сірә, қызды сынай түскісі келген болу керек, тағы да үстемелеп былай дейді:
- Атты-жылдам, жаяу – шабан, жолаушыларды жолынан бөгейміз-ау демедіңдер ме балам?
- Жоқ ата. Қошеметімізді көріп қуансын, жолдан шаршап келе жатқанда біраз демалсын дедім.
- Бәрекелді, көп жаса, айналайын! Атың кім?
- Атым – Данагүл, ата.
- Әкеңнін аты кім?
- Әкемнің аты – Алакөз.
- Көп жасандар, өркендерің өссін, шырақтарым! – деп Төле би қыз-келіншектің тобына бата береді де, жүріп кетеді.
Сәл ұзай бере: - Тартындар жаңағы қыздың ауылына! – дейді серіктесіне. – Алакөз қандай адам екен, біз жеткенше, біліп кел! – деп, арнайы шапқыншы жібереді.
Олар ауылға жетпей, шапқыншы қайта оралды.
- Биеке, Алакөз кедей адам екен. Байдың жылқышысы екен,- дейді.
- Үйі қайсы?
- Анау шеткі қараша үй, - деп жөнін сілтейді.
- Жүр, мен сол үйге ертіп бар, -дейді Төле би.
Шапқыншы ертіп келеді. Алакөздің үйі қырық жамау, шұрық тесік, ішінен сырттағы көрінетін құрым үй болсакерек. Сол арада Алакөзді шақыртып алдыралды. Төле би серіктесімен соның ұйіне түседі. Алакөзде жоқ болғанмен, халықта бар, демде қонақтарға жағдай жасалады. Бір кезде тамақ піседі, Төле биге бас тартылады.
- Інім, балаң бар ма?- деп сұрайды Алакөзден.
- Би аға, бір қыз балам бар, аты – Данагүл.
- Сол Данагүлді шақырып кел.
Төле басты қақалап кеседі де, ұртынан бір кесіп ауызына салады. Бір құлағы мен таңдайын алып Данагүлге береді де, мынадай тілек айтады:
- Қарағым, құлақ бергенім – екімнін бірі бол дегенім. Таңдай бергенім – іштегі құпиямды айттырмай біліп, жұртқа түсіндіріп беретін бол дегенім.
- Рахмет, ата. Тілегініз қабыл болсын! – дейді қыз. «Екімнің бірі бол» дегеніне қыздың өзіне «қабыл болсын» деген жауап алған соң, Төле би жұртқа:
- Данагүл балама менің мейрімім түсті. Алакөзбен құда болғым келіп отыр, - дейді. – Мен де, Алакөз де кедей адамбыз, соңдықтан мұныкі – менікі, менікі – мұнікі. Екі бала екеумізге ортақ. Алакөз шырағым, бұған не дейсің?
Алакөз әйелі екеуі орнынан түрегеп, ризалықтарын білдіріседі. Сонымен, Данагүл Төле биге келін болып түседі. Елге сыйлы, ақылды келінді өз ұлымен тен ұстайды, әрдайымонымен ақылдасып, әдейі сөз бен іске баулап отырады. Өзі халықтың қамында жүргенде, ауыл-*аймақтын қамы келінде болады. Келін де атасының сырын, тұспалын дәл түсінеді.
Бірде Төле би алыс жерден қайтады. Қасында жалғыз атқосшысы ғана болады. Жолда атқосшысы:
- Ел жағалап көріп жүрміз ғой, шөл жағалап та бір көрелік, - дейді Төле. – Бәлкім, малшыға түнерміз, онын бірі жолықпаса далаға түнерміз, тәуекел, төте тарталық!
Олар жүрген шөлді қырық қарақшы торуылдайды екен, үшінші күні Төле би атқосшысы соларға тап болады. Олар ай—шай жоқ аттарын аударып алып, киімдерін тонап, өздерін аш-жаланаш шөлге тастауға айналады.
- Әй, батырлар, - дейді сонда Төле, сендерге біздің жанымыз керек пе, жоқ малымыз керек пе? Жанымыз керек болса, өлтіріндер, ал малымыз керек болса, бір қора мал берейік, өзімізді бостындар.
- Бізге, әрине, мал керек,- дейді қарақшылардың бастығы. –Мал үшін емей, мына шөлде не үшін жүрміз? Бірақ бір қора малды қайдан тауып бересіндер?
- Менің малым көп, бай адаммын, - дейді Төле. – Алайда ауылыма барып мал әкеліп берем дегенге сендер сенбессіндер. Оның амалын өзім үйретейін. Мен ауылымахат жазып, кенжеұлымақұда түсіп, біреудің қызын әперетін болдым. Соған қырық құнан атан, жиырма бура, сегіз ақ бас атанымды беріндер дейін. Өзімнен басқа ешкім білмейтін оң босағаға көмгеналтыным, сол босағада күмісім бар еді. Дүниені жиғанда қайтем, жанымнан садаға, қайсысын алдырайын, алтын кәдірлі ме, күміс пе?
- Ой, алтын қадірлі. Алтынызды алдырыныз,-дейді қарақшылардың бастығы.
- Ендеше, мақұл, оң босағамдағы аллтынды тұтас алдырайын,- дейді. Екеумізді ұстап отырындар. Айтып баратынатта тіл жоқ, біреуін менің атыма мініңдер, шапнымды киіндер. Сонда шынымен мен жібергеніме сенеді. Сөйтіп хатты апарып, малды айдап қайтасындар.
Сонымен екі қарақшы хатты алып ауылға келеді. Хатты оқып, ауылдың үлкендері таң қалады. Хат өз қолымен жазылған және атын мінгізіп, шапанын кигізіп жіберген. Бірақ мұнша мал Төледе жоқ өой. Бұл қалай? Біреу оны айтып, біреу мұны айтып, бастары қатады. «Құда болса болған шығар. Ел-жұртым тауып берер деп сенген шығар?» деседі. Ақырында Данагүлмен ақылдасады.
- Сіздер атамның сәлемін түсінбей отырсыздар, - дейді келіні. –Ол кісі қарақшылардың қолында тұтқын боп отыр екен. «Қырық құнан атан берсін» дегені-қырық мықты жауынгер жігіт. Демек, қараұшының да қырық болғаны. «Жиырма бура» дегені – жиырма палуан, күштің басым түсуі үшін керек. «Сегіз ақ бас атан» дегені – сегіз ақсақал, сөзге сендіру үшін қажет. Сол босағадағы күміс – ұлы, оң босағадағы алтыны мен едім. «Алтынымды тұтас берсін» дегені мені келсін дегені. Жұмбағымды шешер деп атам маған сенген екен.
Данагүлдің ақылдылығына ауыл ақсақалдары дән риза болысады. «Жарайды, сұратқан малын береміз» - деп, екі қарақшыны қонақ етеді. Хаттағыға сәйкес мал жинап қарақшылардың алдына салады да, екі-үш малшы мен Данагүлді қастарына қосып береді. Ал қырық жігіт, жиырма палуан мен сегіз ақсақал бұлардың соңдарынан жасырын ілесіп отырады. Құмның шетіне ілігіп барар жерлеріне жақындаған соң, екі қарақшыға Данагүл : - Ал енді сіздер алдымен барып хабарын бере беріңіздер. Біз малды жая айдап, арттарыңыздан жетерміз, -дейді. Өзі іштей ол араға күн бата жетуді есептейді.
- Айтқаны рас екен, малды берді, екі-үш малшысы мен келіні айдап келеді, - деген хабар жеткесін, қарақшылар қуанысып, аттарын қоя беріп, қаперсіз жайғасады.
Көз байлана бере қалың қол сау етіп келіп, қамсыз қарақшыларды басып қалады. Бәрін байлап- матап тастаған соң, сол арада Төле би олрға былай дейді:
- «Ғұмыр –біреу, кезек-екеу» деген екен. Кеше мені тұтқындап едіңдер, бүгін менің тұтқынымсыңдар. Дүние кезек деген осы. Сендердің елге пайдаларың жоқ: жарлының жалғызын тартып аласыңдар, шөлдеп –шөліркеп келе жатқан жолаушыны тонайсыңдар. Жұмыстарың – жұртты жылату. Пайдаларың өздеріңе де тимейді: қатын жоқ, бала жоқ, қаңғып күн кешесіңдер. Қанша жыл қарақшылық жасасаңдар да құтаймайсыңдар: не малды боп, не жанды боп жарымайсыңдар.Батырмыз деп жүрген боларсыңдар, жабылып жалғыз-жарымды тонаған батыр болмайды. Басым бұлтқа тиер деп бұққан –батыр, кесірім жұртқа тиер деп ыққан – батыр. Сендердікі-зорлық. Ал «зорлық түбі – қорлық». Жазықсыз жылатқан жандардың жазасы үшін сендерге біз не істесек те дауа. Бірақ мен сендерді өлімге қиғанша, сендерге өмір сыйлайын. Тілімді алсаңдар, тәубаға келіңдер, адал еңбекпен күнелтіңдер. Салмай жортқан ерден – салмай құлындаған бие артық. Жортқанды қойып, жұрт болыңдар, ұрпақ өсіріңдер. Қатын алып, мал жиюларыңа, бастарыңа үй тігіп беруге көмектесейін. Халықтан жырылмай, халықпен бірге болыңдар. Халықтың барын жырымдағанша, жоғын жамасыңдар!
Қарақшылардың басшысы басын иеді:
- Айналайын ататай, айтқаныңның бәрі дұрыс. Ел тонағаннан тапқан түгіміз жоқ. Ішкен асымыздан басқаның бәрі бойымызға жұқпады. Бәріміздің әкеміз бен шешеміз қарақшы емес, қырығымыз қырық түрлі себеппен қарақшы боп кеттік. Болымсыз кінәсін кешірмей, бай мен билер басына күн тудырған соң, қашып кеткеніміз бар. Жоқтықтан мал ұрлап, жазалы болғанымыз бар. Әкеміздің құл, шешеміздің күң болғанына шыдамағанымыз да бар. «Арымызды арлаймыз, намысымызды қорғаймыз» деп жүріп қарақшы болдық. Бізді жақтайтын жан болмады. Сіз – бізге жолыққан қыдырсыз, айтқаныңызға құлдық. Егер осы жолы өлім емес, өмір сыйласаңыз, сіз-бәріміздің әкемізсіз, айтқаныңыздың бәрін істейміз.
Қол басшыларын қостап, қарақшының бәрі шу ете қалады. Содан Төле би оларды ауылына алып келіп, адам қатарына қосады. Бірі қой бақса, екіншісі түйе бағады, әркім қолынан келген кәсібін істейді. Бәрі үйлі-баранды болады, қарақшы аттары қалып, қырық ағайынды атанады.

Мақала белгілері: Төле би

Құрметті кіруші! Сіз біздің сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге тіркелуді ұсынамыз немесе өз атыңызбен кіріңіз.
Хабарлау
Қонақтар тобындағы кірушілер бұл жарияламада пікір қалдыра алмайды.