«АУРУЫН ЖАСЫРҒАН ӨЛЕДІ» Қаз даусты Қазыбек Уақ руының және соған жапсарлас мекендеген Арғынның басты адамдары әділ билікті зорқпен парға айналдырды дегенді естіп, іштей ыза болып отырғанда, сол жақтан бұл бір жолаушы үйіне түсе қалыпты. Ел мықтыларының ... сонысы рас па деп сұраса, жолаушы міңгірлеп, ештеңе айта алмаса керек. Сонда Қазыбек:
Ауруын жасырған ажалсыз өледі,
Зорлықтан қорыққан амалсыз өледі,
Айтпайын десе, бұған сор,
Айтпайын десе, елге сор.
Отыз тістен шыққанды,
Отыз рулы ел білер.
Қазақтың қайғысы қалмақ еді,
Берекемен жауын алмақ еді.
Мынау берекені бұзатын құрт ауру.
Не қылған ауыр салмақ еді!!
Қазақтың түбіне жететің сұмдық дерт,
Зағыр майндай жайылмаса игі еді?! –
деп жантая кетіпті.
...................................................................................................................
ҚАЗЫБЕКТІҢ ЕЛШІЛІГІ Бала Қазыбектің Қонтәжіге барып, сөзден қалай женгені туралы жоғарыда айтылды. Бірақ бұл әнгіме уақыт өткен сайын әр айтушының аузынан түлене құбылып отыратыны ауыз әдебиетіне тән құбылыс. Сондықтан бұл нұсқаны да назарларынызға ұсынып отырмыз.
Сонымен Абылай хан аттандырған қазақ елінің Тайкелтір бастаған жүз қаралы елшісі ақпан айында Тарбағатай тауының маңындағы Қонтәжінің ордасына келеді ғой.
Ертеңіне елшілерді ханның алдына алып келіпті. Қонтәжі оларды кісі есебіне санамай, екі аяғын созып жата береді. Елшілер отырар-отырмастан хан:
- Не жұмыспен жүрсіңдер, арыздарыңды айта отырыңдар, - дейді сыр суыртпқтап.
Тайкелтір би майда сөзбен асықпай сөйлейтін адам екен:
- Ә дегеннен ағылмаын және сөзді қатақ бастамайын деген оймен өзіне сала сқйлейін, өгізді – өлеңге, терлікті – төменге деген ғой, алдыңызға келдік, - депті.
Қонтәжі Тайкелтірдің кішірейіп сөйлегеніне көтеріліп, «жарайды, олай болса, кешке дейін жауабын берейін. Егерде жауап бермесем, онда бастарыңның бүтін күнінде елдеріңді табыңдар» дейді. Осы сәт Тайкелтір қайыра сөйлеуге сөз таба алмай отырғанда, есік жақтағы Қазыбек Қонтәжіге қарай қадам басып: «Ел ебелек емес, ер көбелек емес, «дат» деп, сөз айтуға рұқсат сұрайды. Қонтәжі: «Сен кімсің?» дейді. Қазыбек:
- Балалардың басшысымын, ағалардың атшысымын. Тай бәйгесінен шығып, ат бәйгесіне қосылып отырмын, - дейді.
Қонтәжі:
- Олай болса, кәне, тындап көрейік, - дейді мысқыл үнмен. Сол-ақ екен, Қазыбек іркілмей:
Біздің қазақ елі, мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,
Елімізді басынбасын деп,
Ордамыздан құт қашпасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Жау аяғына басылмаған елміз,
Жұшпан аяғына жаншылмаған елміз.
Басымыздан намысты асырмаған елміз,
Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз,
Атаның өсиетін балаға,
Баланың өнерін атаға,
Айтып, тарата білген елміз.
Құлақтың құрышын қандырып,
Әділ сөзді халыққа айта білген елміз,
Сен қатты болсан темірдей-ақ шығарсың,
Мен – көрікпін, еріткелі келмегенмен,
Сен жүйрік болсан жердегі аңдай шығарсын,
Мен құмай, алғалы келгенмін, -
деп бастырмалата жөнеледі. Басын оқыс көтеріп алған Қонтәжі жауап айта алмай, балаға қарай қалыпты. Мұны көрген Қазыбек бір адым ілгері аттап, тағы былай депті:
Сен қабылан болсаң,
Мен арыстанмың, алысқалы келгенмін,
Жау тілегенге жасыл береді деген,
Мен танытқалы келгенмін,
Елімнің аты - қазақ,
Ерімнің тапсырғалы, аманаты бар,
Елімнің шетінен ойран салған өзіңсің.
Жөнге салсаң, айыбыңды мойңына ал,
Бітіміңді бер, болмаса ұрысатын
Жеріңді белгіле,
Шабысқалы келгенмін, - дейді.
.......................................................................................
ҚАЗЫБЕКТІ СЫНАУ Жас уақытында Төле би мен Әйтеке би екеуі Қаздауысты Қазыбекті сынамақ болып, бір ерге өтірік таласып, оның алдына жүгініпті. Ер иесі Әйтеке, даулаушы ТӨле би болыпты. «Қапталың – қайың, қасың – тал, Қазыбек қосқан ермісің» - деп, Әйтеке би іліп әкетіп өз уәжін айтады. Төле биде ердің өзінікі екенін дәлелдеп ерден айырлмайтынын, керек болса жан беруге баратыңдығын айтып, қасарысып бағады.
Содан Қазыбек Төле биге қарап:
- Сен – қараның ұлы Төлесің, адам болайын деп жүрген немесің, қу ағаш үшін жан берме, жан берсен күніңнен бұрың өлесің. Сен, екі шіркін, қартайғанда мені сынамай-ақ қойсаңдар етті? Орта жүзде бір кісінің жаурыны жерге тимей-ақ қойса қайтеді?- депті.
.................................................................................................................
Ертеде Қаракесек пен қыпшақ руларының арасында бір дау болады. Дауға Қаз дауысты Қазыбек келіпті. Амандасып болғаң соң қыпшақ биі: «Арғынның арық биі, сөйле» депті.
Сонда Қазыбек:
Арық емес, қатумың,
Қара жерден татумын.
Көшершілік кезде түйе азады,
Жетімдік көрсе қыз азады.
Елі жаугершілік болса,
Тағында хан азады,
Табыңдағы би азады,- депті.