На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 15:20
  • 0
2975- рет көрілді

ӘЛДЕБЕК ШЕШЕН

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр


Балтабай би бай болса да, өзінде барды азсынып, өзгенікін көпсініп отыратын, мысық тілеу, үйіне қонақ қондырмайтын, қазымыр кісі екен. Бірде Әлдебек шешен келіп үйіне түсе қалады. Үстіндегі киімі көнетоз екен. Балтабай бұл адамды менсінбей:
- Елдің қадірлісі ме десем, қазымыры екенсің ғой, - деп мысқылдайды. Соңда ешкімнен жеңіліп көрмеген Әлдебек азулы биден именбей былай дейді:
- Көн етікті деме,
Көпке айтар сөзім бар.
Көн садақты деме,
Сұр жебелі оғым бар.
Аттандырған жігітің
Ұрлаған соң малымды,
Арқадан әдейі кеп тұрмын
Байқағалы құлқыңды.
Атысатын жаумысың,
Табысатын елмісің.
Бітір, кәне, дауымды,
Ылаңдатпай ел ішін!-
деп жамбасқа ала бастайды.
Балтабай би бұл сөзді сын деп елең қылмаса да, бәйбішесіне ымдап тамақ дайындатады. Алдына әкелген еті өлі ет, әрі мүшесіз екен. Етті турап болып «алыңыз» дегенде, Әлдебек шешен табаққа ұмтыла қоймады.
Тамағың тамақтан өтпей отыр,
Дәметкен жұрт кетпей отыр.
Уыстап асатайын десем,
Табағыңдағы ет жетпей отыр, - дейді Әлдебек. Шоқ бақандай шошыған Балтабай би енді не айтар екен дегендей дені сау, бірақ қоңы арық марқа алдырады. Әлдебек бұған таңырқай қарап:
- Қойынды қойшы оңдап бақпаған ба,
Сауыншың жебей сауып қақтаған ба?
Әлде бұл жамырамай жонға адасып,
Бейшара енесін бір таппаған ба?
Бұрын келген қонаққа соймай мұны,
Әдейі Әлдебекке сақтаған ба? –
депті.
Бұл сөзден сескенген Балтабай би шешенді үйіне қолқалап қондырып, қонақасына арда емген құлын сойғызады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 15:18
  • 0
5591- рет көрілді

ЕСЕТ БИ

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр


Есет би Қараулы XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың алғашқы жартысында қазіргі Атырау облысының Қызылқоға ауданында туып-өскен. Сөзге шешен би, топ бастаған батыр ретінде бүкіл Жайық өңіріне таңылған, ел ішінде үлкен құрметке бөленген. Ескі аңыз әнгімелерді, көне жыраулар мұрасын жақсы білген Есет өзінің жақын туысы Мұрат ақынның ұстазы болған.
..........................................................................................................................
Тауға біткен қайыңның,
Солқылдар басы жел өтсе,
Тоғайға біткен жоңышқа
Солғын тартар күн өтсе.
Ерні салпы ер аты
Семірмес қайта ер өтсе.
Еңкейіңкі тартады
Ер қолынан мал кетсе.
Арбадан үркіп жаман ат
Ер салдырмас жал бітсе.
Қайыры болмас ғаріпке
Ақылсызға мал бітсе.
Қасына қоңсы қондырмас
Қас жаманға әл бітсе.
Тәңірден тілеп алған ұлдарың
Тіл қайтарады ер жетсе.
Хан бұрылып қараған,
Би бұрылып сұраған,
Ажары болмас арудың
Екі он бестен жас өтсе,
Сылдырап белін шешінген,
Назданып аяқ көсілген,
Алғаныңа, жандарым.
Қадірің кетер күн болар,
Ер қартайып, жас жетсе.
.............................................
Мен, мен едім, мен едім,
Қатарға салсаң қайыспас.
Қас қара нар мен едім,
Шабуыл салса шаршамас,
Су шашырап, жел тимес,
Аударылмас қара кеме едім,
Қасарысып келгенде,
Қап түбіне сыймаған,
Қара болат мен едім,
Қияннан ұшқан қу ілген
Анық сұнқар мен едім.
Тегеурінім теріс біткен,
Тепсем жілік сындырған
Қыран бүркіт мен едім.
.......................................................

Қартайдым да қор болдым,
Күн сенікі, жастарым!
Кәрілікке жеткізсе,
Талайды көрер бастарың.
Заманымды өзімнің
Еңсеріскен ер көрдім,
Белсеніскен бел көрдім,
Жасанысқан жау көрдім,
Тізелескен дау көрдім,
Үрікпедім, саспадым,
Бір өтірік болмасын,
Табаным тайып қашпадым,
Түгел ердің жолдасы –
Тілектес болған дос-жарым.
Сол дәулеттің тұсында
Самарқандай сапырып,
Шапқан шөптей жапырып,
Аспадым да таспадым.
Қанды көйлек жолдасты
Сары алтындай сақтадым.
Менің көрген затым бұл,
Төкпей-шашпай қолданып,
Ортаңа сүйреп тастадым.





Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 15:08
  • 0
2217- рет көрілді

ЕСБОЛДЫҢ БАТАСЫ

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр

Есбол би қасына жиырма шақты кісіні ертіп, жолаушылап келе жатып, бір байдың үйіне қоналқаға келіп түседі. Байдың үйі бір арықтау тоқты әкеліп, бата тілейді.
Сонда Есбол би былай дейді:
Япырмай, мына тоқтының енесі иімеген екен.
Әлде көп қойдан қақтығып ауызына шөп тимеген екен.
Болмаса малшы жөндеп бақпаған ба?
Енесі тоқты болып,
Тоқтыға тоқты сүті жақпаған ба?
Ала жаздай қатындар көгенге байлап,
Әлде енесін жебей сауып қақтаған ба?
Ұлан жаздай қонаққа бұны соймай,
Әдейі Есбол биге сақтаған ба?
Тоқтыны ұстап тұрған байдың баласы тоқтыны шығарып жіберіп, бір ту қой әкеліп сояды. Есболдың жолдастары:
- Би, өнеріңізді білейік, осы қойдың терісін де қалдырмаңызшы, - дейді. Ет жеп болып бата тілегенде, би мынадай бата береді:
Кеңейте гөр өрісін,
Ұзарта кет желісін,

Тоңымның бір бойы жетпей жүр еді,
Бергізе гөр терісін!
Сонда бай:
- Не сұраса да құтыл пәледен,- деген екен.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 4-08-2012, 13:41
  • 0
6300- рет көрілді

БЕЙСЕНБІ БИ

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр

Ғасырлар асуынан көзге түсіп, ерте ауызға іліккен жандардың бірі – Бейсенбі күйші. Оның туып-өскен, өмір сүрген жері – Қытай Халық Республикасындағы Алтай аймағы, Буыршын ауданы. Ол сөз иесі шешен, ел иесі әділ би, күй иесі домбырашы, қайрат иесі батыр, құс иесі құсбегі, сергек ойлы азамат болған. Бейсенбі Дөненбайұлы жас кезінде бүкіл Жанат руының (Абақ Керей) ортаға шығатын жылқысының қосбасы екен. Сол кезден бастап монғол-қазақ ортасындағы дау-шарды бітіріп, екі ұлт арасына таныла бастаған. Жаугершілік заман мен даугершілік өмір Бейсенбіні әр жақтан шынықтыра берген. Жанат елінің он мыңдаған жылқысы мен қаптаған қосынына иелік етіп, кедей-кепшікке қолының ашықтығымен мырза атанса керек.
Бейсенбі күйінің көбі аттың жүрісі мен аңның аттарына байланысты болып келеді.
Бейсенбінің «Кеңес» күйі бірнеше түрлі. Өйткені, Бейсенбі Керейдің төрт биінің бірі болып сайланғанда кеңесті күймен бастайтын болған. Шежірешiлердің айтуында, «Кеңесте» талқыға түсіп, шешім етілетін істің мән-жайын күй сарынымен кеңес басталғанша толғап отырады екен.
Бейсенбінің «Жеңілдім» күйінің шығу тарихы былай. Бейсенбімен дәуірлес Жайыр деген азамат Қобықты мекендеп жүрген жылдарының бірінде Ертістен өтіп Қаба, Буыршын елдерін аралапты. Жігерлі жігіт жүргіш болады, әрнені білгіш болады. Сөйлей-сөйлей шешен, көре-көре көсем болады дегендей; жалыны жарқылдап , талабы тасқындап өскен жас Жайыр Қаба елін аралап жүріп бір байдың үйіне қоныпты. Байдың қонақжай әйелі күтіп алса керек. Ән шырқап, күй тартып, күймен көлемді жинап, отырған жерін өлең-жырмен сейілдетіп, ел жүрегін жадыратып, қауымның қонақжай меймандостығына ие болыпты. Ауылға аялдап қалған қонақ жігіттен күмәнданып, «салт жүрген ұры» деген сылтаумен ұстап, кісендеп қойса керек. Бір күні Жайыр кісенді сындырып, ауыл шетінен бір керік тауып мініп (тұғыр ат) түнделетіп жөнеледі. Күн түндігін жауып, айналаны қаранғылық қымтап, көңілі ортайып, бір белден аса бергенде, екі-үш отаудың

Мақала белгілері: қазақ би-шешендері, Бейсенбі би

Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 4-08-2012, 13:10
  • 80
12814- рет көрілді

БАЛАБИ

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр


Балабидің азан шақырып қойған аты – Бименбет. Ол әкесі Есенәліден он үш жасында жетім қалып, әкесінің інісі Арғынбайдың атын ерттеп, қасына ереді. Сөйтіп жүріп Арғынбай бидің тәлімін алады. Алдына жүгініп келген даудың шешімін айтып көзге түседі. Содан Балаби атанып кеткен екен.
Балаби тоқтамы мен талғамдары тосын, тың бояу-нақыштарға, суретпен бейнеге қимыл қозғалысқа толы.
.......................................................................................................................
Бағаналы Бөрібас дейтін байдың Шаппайбер атанған талай сәйгүлікке дес бермеген қара қасқа жорғасы болған.
Бір ұлан-асыр тойда жорғаға көзі түсіп қызыққан, қара қасқаны қалап алуға көңілі кеткен хан қарамағындағы Әмеңке, Құлтас, Жантас дейтін билерге «жорғаны сұрап келсеңдерші» десе, олар: «Тамырын басып көрейін», «Мә деп бере қойса, сұрайын», «Баруын барайын, бірақ сараң бай ұстата бермейді ғой» деп салғырттанса керек. Олардың сыңайын сезген соң:
- Қауқары тышқан аулауға ғана келетін баршын тартқан бүркіттей кәрі қулар не тындырар дейсің, - деп, хан бала кезінен сөз сайысына түсіп, талай шешенді мүдірткен, жалынды жас – Балабиді жұмсапты.
Балаби Бөрібастікіне барса, жоғарыда аты аталған үш би байдікінде қонақ болып отыр екен. Он жеті жасар бала жігітті көрген бай:
- Қандай бұйымтайың бар еді, сөйлей отыр? – дегенде, Балаби:

- Ханнан сәлем әкелдім,
Бағаналы Бөрібасым.
Қасым жомарт сияқты.................

Мақала белгілері: қазақ би-шешендері