На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 16:04
  • 0
4376- рет көрілді

ТОҚСОБА БИ

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр

Тоқсоба би қатты ауырып, өлім халіне жетіп жатқанда, қасында отырған бір пұшық, бір таз би:
- Тоқа, жаман айтпай жақсы жоқ, о дүниелік болып кетсеңіз бізге түк айтпай кетесіз бе? – депті
Сонда Тоқсоба би:
- Ақылдарың болса маған айтыңдар көрмеген жерге барам, танымайтын елге барам, қараңғы көрге барам, депті
Пұшық пен таз не дерін білмей қалыпты.
......................................................................................................
Тоқсоба шешен жолаушылап келе жатып бір ауылдың сыртында қозы баққан сегңз жасар балаға жолығып:
- Балам, бұл қозы кімдікі?- деп сұрапты.
- Ата, бұл қозы қойдікі.
- Әкеңнің аты жоқ па еді, шырағым, - десе:
- Әкемнің қара аты да, сары аты да, торы аты да, құла аты да бар,- депті.
Шешен ішінен «мынау бір қиқар бала екен» деп ойланып қалады. Таутекенің мүйізінен жасаған сылдырмақты шақшасын ердің басына қағып-қағып, насыбай атады. Сонда бала тұрып:
- Ата, шақшаңыз ненің мүйізі, - депті.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 16:02
  • 0
4856- рет көрілді

ТОҚСАН БИ

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр

Тоқсан бидің әкесі – Жабай би, атасы – Қара би. «Әкем Қара биден қалған билікті бердім» деп кеткен екен әкесі.
Киікбай биден бата алған Тоқсан би үш жүздің билері бас қосқан үлкен бір дауда сарапқа түсіп саңлақ атаныпты. Ел ауыззындағы әнгімелерде Тоқсан бидің әділ сөзге тоқтап, тосылғанын мойындаған тұстары да жоқ емес. Мұның өзі Тоқсанның сөз қадірін қастерлеген ақыл, парасат иесі болғанын аңғартса керек.

ЖҰБАТУ
Ел ішіндегі белгілі де беделді Жаппас деген қарияның жалғыз баласы ер жеткен шағында кенеттен қайтыс болып, қатты күйзеледі. Сенім артқан сүйеніші, көрер қызы бар алданышынан айрылған Жаппасқа бұл қаза қасіреттей батады. Оның жағдайы күнен-күнге төмендеп, төсек тартып қалады. Осы жайды естіген, жастайынан Жаппачты сыйлап өскен Тоқсан би көңіл сұрауға арнайы келеді де, Жаппачтың үйінің босағасын аттай бере ағылтып қоя береді:

-Ей, Жаппас, көтер беліңді, жылатпа еліңді,
Қас нардың қабырғасынан қол сөгілсе де елемес.
Тағдырдың ісіне көнбейтін пасық адам сен емес.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 16:01
  • 0
8172- рет көрілді

ТІЛЕНШІ БИ

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр

Тілінші – Қаз дауысты Қазбектің немересі. Ел аузында Тіленшінің жас кезіндегі ер Жәнібекпен сөз қағыстырулары, Асаубаймен айтысы сияқты әңгімелері қалған.
Тегінде Тіленші – әкесі Бекболаттың, атасы Қаз дауысты Қазбектің, бабасы Келдібек бидің қасиеті дарыған аруақты жан.
............................................................................................................................................

ТІЛЕНШІ МЕН ЖӘНІБЕК
Дау-шарда Тіленші биден жеңіле берген Қуандық, Сүйіндік елі Тіленшіні шақыртып алдырады. Тіленші би келіп кірген үйде Жәнібек би басын біреуге салып, аяғын біреуге салып, жатыр екен. Ол кіріп келген Тіленші биді көрмеген болып жата беріпті.Тіленшінің жас, албырт кезі екен, ол да аңдаусызда: «О, тәйір басын біреуге, бөксесін біреуге артып жатқан бұл қай кісі? депті.
Сонда Жәнібек би басын көтеріп:
- Әй, мынау қай ұл? – дейді. Қасындағылардың бірі:
- Бекболат бидің баласы –Тіленші би ғой, - депті.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 15:59
  • 0
3598- рет көрілді

ТЕМІРҒАЛИ ШЕШЕННІҢ ЖҰБАТУЫ

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр


Патша заманында Көкше өңірінің Қозыбай деген бір жақсы адамы Семей жаққа жер ауып келіпті. Сонда Темірғали деген шешеннің айтқан жұбату сөзі:
- Жақсыға жаман – кесір, жақсысы кетсе – жесір. Табында жақсы болса, пайдасы тиер, елінде тентек болса, найзасы тиер, кең қолтық қоғамшыл болсаң, халқың сүйер. Шошынбас жүрек болмас, тосылмас жүйрік болмас, дәмінді алыстан жазса, бармасқа басында ерік болмас. Қисық ағаш тезден мұқайды, дау сөзден мұқайды, ел ішінен шыққан дұшпан жаман, өзінен-өзі мұқайды. Ер жігітке тағылған шынжыр, арқан ар емес, қайратпен оны сүйретпеген жігіт нар емес. Біздің елдің жаманы басыңыздан пәле кетпестей көріп жүрген шығар. Дәміңізді алыстан жазса, топырағыңызды туған жерден жазар, еш нәрсе ойламаңыз.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 15:57
  • 80
14690- рет көрілді

ТАЙКЕЛТІР ШЕШЕН

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр

Тайкелтірдің әкесі – Айдабол би. Ел аузында Тайкелтірге би атағын тапқырлығына, өткірлігіне, туралығына, разы болған Төле би беріпті деген аңыз бар.
..........................................................................................................................................
Тоқалдан туған бала Тайкелтірді бәйбішедег туған бес ағасы жеті жасынан қозының , кейіннен қойдың, түйенің соңына салып қояды да, үнемі кемдікте ұстайды.
Күндердің күнінде Тайкелтірдіңбір тайлағы жоғалып, оны іздеп Шу бойын сүзіп жүріп, кездейсоқ жерден Төле бидің үйіне келіп, бала былай деп сәлем береді:
- Ассалаумағалейкум!
- Уағалейкумсалам, балам, жоғары шық! Кімнің баласысың?
- Айдаболдың баласымын.
- Атың кім?
Артқа Алға