Тоқсан бидің әкесі – Жабай би, атасы – Қара би. «Әкем Қара биден қалған билікті бердім» деп кеткен екен әкесі.
Киікбай биден бата алған Тоқсан би үш жүздің билері бас қосқан үлкен бір дауда сарапқа түсіп саңлақ атаныпты. Ел ауыззындағы әнгімелерде Тоқсан бидің әділ сөзге тоқтап, тосылғанын мойындаған тұстары да жоқ емес. Мұның өзі Тоқсанның сөз қадірін қастерлеген ақыл, парасат иесі болғанын аңғартса керек.
ЖҰБАТУ
Ел ішіндегі белгілі де беделді Жаппас деген қарияның жалғыз баласы ер жеткен шағында кенеттен қайтыс болып, қатты күйзеледі. Сенім артқан сүйеніші, көрер қызы бар алданышынан айрылған Жаппасқа бұл қаза қасіреттей батады. Оның жағдайы күнен-күнге төмендеп, төсек тартып қалады. Осы жайды естіген, жастайынан Жаппачты сыйлап өскен Тоқсан би көңіл сұрауға арнайы келеді де, Жаппачтың үйінің босағасын аттай бере ағылтып қоя береді:
-Ей, Жаппас, көтер беліңді, жылатпа еліңді,
Қас нардың қабырғасынан қол сөгілсе де елемес.
Тағдырдың ісіне көнбейтін пасық адам сен емес.
Өткен қайтып келмейді, өшкен қайтып жанбайды.
Бидің аңқылдаған көңіліне, жарқылдаған асыл сөзіне елең еткен Жаппас жайлап басын көтереді. Сөз арасында ол Тоқсан биді сынамақ ниетімен:
- Бұл қайғым қайтсем қалады?- деп сауал тастайды.
Сонда Тоқсан би:
-Ей, Жаппас, бұл қайғың,
Келелі бидің кеңесінде қалады.
Биік таудың төбесінде қалады.
Өзен-судың көбесінде қалады.
Қыран құстың қияғында қалады.
Жүйрік аттың тұяғында қалады.
Ұлы дүбір той-ойында қалады.
Осы айтқанды орындамасаң,
Өле-өлгенше мойныңда қалады,- деп жауап беріпті.
............................................................................................................................
Ерте заманда Арқадағы екі ауыл арасында жанжал шығып, мұның ақыры ушығып кетеді, Тоқсанның Доғалақ деген жалғыз ұлы қайтыс болады.
Баласының құнын сұрауға Тоқсанның өзі аттанады. Бұларды үйіне қарсы алған Ізбасты би құныкерлердің бетін қайтару үшін Тоқсанға:
- Құлағы жоқ шұнақ би, құйрығы жоқ шолақ би, екі рулы елді араздастыруға келдің бе?- дейді.
Сонда Тоқсан тұрып:
-Құлағым жоқ болса,
Сұңқар шығармын.
Құйрығым келте болса,
Тұлпар шығармын.
Уа, ешкі егіз табады,
Ит сегіз табады,
Доңыз тоғыз табады.
Сен тоғызыңмен толған екенсің,
Әбден қырсық болған екенсің,
Сенің тоғызыңды аламын десе,
Тағдырдың шамасы жоқ па?
Маған перзент берейін десе,
Баласы жоқ па?!-
деп жауап береді.
Шынында, Ізбасты бидің тоғыз ұлы бар екен. Ол Тоқсанға қисынсыз тиіскенін біліп, айыбын мойнына алады. Өршігелі тұрған дау бейбітшілікпен тынады.
.......................................................................................................................
Көп кісі бір түлкіні қуып жете алмай, әуреге түсіп жүргенде, ол түлкіні Тоқсан қуып жетіп соғып алады. Үлкен кісілер: «Түлкі біздікі, үлкендік жолымыз бар» дейді. Тоқсан түлкіні бергісі келмей, Қазыбекке жүгініске барып, былай депті:
Еділден қашты бір түлкі,
Жайыққа дейін дем алмай,
Соңына ерген қанша жұрт,
Бәріде қалды ере алмай.
Тастайын ба далада,
Түлкіні соққан мен алмай?
Жеті адам дауға жүгінген,
Қиямет-қайын болғанда,
Шерменде болды жүрменіз
Төресін әділ бере алмай!
Қазыбек түлкіні Тоқсанның өзіне берілсен деп кесім айтыпты.
...........................................................................................................................
Тоқсан би Әбіл байдың ауылының тұсынан өтіп бара жатса, байдың үш қызы күннің тым ыстықтығына шыдай алмай, суға түсіп жатыр екен. Сонда Тоқсан би қыздарға бұрылып былай депті:
Қамысы мына өзеннің кырық буын,
Естідім қамыс жақтан қыздың дуын,
Таң атпай ақшолақты суға салып,
Өзеннің бүлдірген аққан суын?
Сонда Әбілдің кіші қызы екі қолымен төсін басып тұрып, былай жауап қайырған екен:
Деген-ау бұқа буға, азбан дуға,
Өзенді арамсынсаң бетің жума.
Шешеңнің ұйытып қойған қатығындай,
Итаршы болғаның не ағын суға!
Тоқсан би сөзден тосылса да, қыздың ақылды жауабына риза болыпты.
..........................................................................................................................
ТОҚСАН БИ МЕН ҚҰНАНБАЙ
Құнанбай аға сұлтан кезінде Бөжей, Байдалымен (Кеңгірбай бидің немерелері) араздасып, Омбы қаласына айдалып бара жатқанда, Керей елінің атақты биі – Тоқсанның үйне қоныпты. Қонақасы жеп, бимен түн бойы әнгімілесіп, ертеніне атқа қонып Құнанбай жолға түсіп кетіп бара жатқанда, Тоқсан би Құнанбайдың артынан айқайлап, «Құнанжан, аттың басын қайта бұрма, өзің мойныңды бұр»:
Тұманның арты жұт болар,
Тұмаудың арты құрт болар .
Заңдасып босқа не етесің,
Заңшылдың түбі сот болар, -
дегенде, Құнанбай:
Тұманның арты жұт болып қайтер дейсің,
Қопадаң қоныс алған соң,
Тұмаудың арты құрт болып не кылар дейсің,
Тәңірім шипа салған соң,
Заңшылдық түбі сот болып қайтер дейсің,
Алтыңды пұттап алған соң,-
деп жүріп кетіпті.
....................................................................................................................
Құнанбай мен бірге Омбыға айдалып барған Тоқсан бидің туысы Торқан деген кісі екі жылдаң кейін қашып Құнанбайды паналап, ашып-арып келіпті. Құнанбай Абайды шақырып алып, «мына Торқанды тәрбиелеп, бақ» депті.
Абай: «Тәте, бұл адам неңіз еді?» дегенде, Құнанбай:
Қажымас қате хан бола ма,
Таусылмас, табан таймас жан бола ма,
Бәйгеден қосқан сайын келсе – дағы
Тұлпарда арықтаса сән бола ма, - деп, «Бұл кісі қиын жағдайда бірге қиналған жолдасым еді» депті.
...........................................................................................................................
Сексен мен тоқсан әкесі өлген соң ақыл-кенес сұрауға қартайып қалған Қаз даусты Қазыбекке барыпты.
Жөн сұрасып, жағдайға қаныққаннан кейін Қазыбек:
- Ел бастап – би, қол бастап – батыр болғалы тұрған ұл екенсіңдер. Бір-екі ауыз сұрағым бар, соған жауап беріңдер, - дейді.
Күнде не парыз,
Айда не парыз,
Жыл да не парыз,
Ханға не парыз?
Қарашыға не парыз –
деп, жоғарырақ отырған Сексенге қарапты. Ол жауап бере алмаған соң, Тоқсанға бұрылыпты.
Тоқсан:
Күнде бес уақыт намаз парыз,
Айда отыз күн ораза парыз,
Жылда құрбан шалу парыз,
Қарашыға ханды хан тұту парыз, -
депті. Сонда Қазыбектің Тоқсанға риза болып айтқаны:
Шырағым, тым жоғарылама,
Аспанға асыларсың.
Тым төмендеме,
Орта бол, орта болсаң,
Әлі-ақ санатқа қосыларсың.
Тоймасқа құймасын бітер,
Болмасты болдырам деме,
Жасың бітіп болдырарсың.
Қара бидің баласы Жабай би өлерінде екі баласы Сексен мен Тоқсанға: «Сексен, саған ерлігімді, Тоқсанға әкем Қара биден қалған билікті бердім» деп өсиет айтыпты.
Әкесі өлген соң Сексен бұл өсиетке келіспей билікке қызығып, Тоқсанды атақты Киікбай шешенге жүгініске апарыпты. Сексен жасының үлкендігін бетке ұстап, би болу жолы менікі дегенге тоқтайды.
- Бүгін бір жерге барып қонып, ертең келіңдер, қазір қолым бос емес, - дейді Киікбай. Ертеңгісін екеуін тағыда тыңдап:
- Ал, балаларым, кеше екеуіңе бір жерге барып қон дегенім, Сексен, сені үлкендік істеп сабасына түсер, ақылға тоқтап, әке өсиетін сыйлар деп едім. Айтқаныңнан қайтпайтынқатыгез екенсің. Ондай адам халықтың қамын ойлап, атан Қара бидей, әкең Жабай бидей қара қылды қақ жарып билік айта алмайды. Әке балаға сыншы, әке өсиетін орындамай Тоқсанды осындай әуреге салыпсың. Әкеңнің айтқан өсиеті- әділ билік, оған менің қосарым да аларым да жоқ, - депті.
- Естиін дегенім осы еді, алжыған кәрі иттен, - деп Сексен шыға жөнеліпті. Сол кеткеннен жүгін артып, көшін тартып, малын айдап, Наймандағы бағаналы Бабыр нағашыларына жол тартады.
Бұған намыстанған Киікбай тағат таппай, Сексеннің көшінің артынан қуып жетіп блай деген екен:
Беу, Сексенім, Сексенім,
Бұл барғаннан барасың
Бағаналы Бабырға,
Барған жылы сый қылып,
Хан көтеріп би қылып,
Қос табақпен тартады,
Қос қазыдан сыбаға.
Тартар сынған сынған қабырға,
Онан келер жылы болғанда
Қонарсың мал жайлаған тақырға.
Кәдірің кетер шашылып
Ыстық демің басылып,
Бірте-бірте айтқанаң,
Алынбай қалар қабылға
Жазғытұры болғанда,
Ақ ордаңды тігенрсің
Ылайы батпақ сабырға
Күзді күні болғанда,
Тағы амалсыз қонарсың
Мал жайылған тақырға.
Жаныңа ерген жанасып,
Жақын болған жаны ашып
Табылмас бірі маңында,
Екі кісі бас қосса,
Кіре алмассың сабырға.
Аңға шықсаң жатпенен
Атып алып олжасын
Қанжығасына байларда,
«Жатта сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол»
Деген нақыл бұрынғы
Бар ма, батыр жадында?!
Қағына құлан жерісе,
Сүт таба алмай шөлде өлер.
Кеңінен толғап Сексенім,
Әлі де тоқта, сабырла,
Сөзге құлақ салмасаң6
Айтқан тілді алмасаң,
Еркің білсін, жарқыным,
Жеріңе барар адымда,
Қайран туған елім деп,
Кейін жаным, налыма.
Көтер, Сексен, басыңды,
Аш қабақ пен басыңды.
Менің атым-Киікбай,
Келген жоқпын бекер жай,
Немере туыс тілді алмай,
Болғаным ба сұмырай?
Мінгенде атың торы ма,
Кеткенді іздеп келмеспін,
Жуа бітсін жолыңа.
Ат үстінде тұрған Сексен салбыраған басын көтермеген соң, Киікбай кейін оралып жүріп кетіпті. Орнында үнсіз тұрып қалған Сексен әлден уақытта шошып оянғандай басын көтеріп, жан-жағына қаранып алып: «Көшті кейін бұрыңдар» депті.
Сөйтіп әкесі Жабайдың өсиеті орнына келіп, Тоқсан билік айтыс, Сексен елге бас болыпты.
........................................................................................................................................
Қара қылды қақ жарған Қара бидің баласы Жабай шешен билік құрып тұрған шағында ауылында елу бес жасқа келген Бірән дегеннің қатыны өледі де, үш баласы жетім қалады. Кедейге бұдан ауыр қайғы жоқ, Жабай шешен Бірәнге көңіл айтып біраз отырған соң: «Қайғырма, бір айдан кейін қатын аласың» деп айтқан екен:
Көшкен елге қошқар кездесер,
Қатыны өлгенге қалың сор кездесер,
Бай болатын жігітке
Жақсы қатын, жүйрік ат кездесер.
Кедей болатын жігітке
Жалқау қатын, ажалды мал кездесер.
Басы өспейтін жігітке
Бедеу қатын кездесер.
Биік дөңнің үстіне шықпа,
Қайғы кіріп, ісің кетер.
Өгізді өрге салма, күші кетер.
Биік таудың басына шақпа,
Үйің қасыңа келер.
Қайғы елу би, болыс пен
Хан, төренің де басына келер.
Бірән қатын алған соң Жабай биге тағы барыпты. «Қайырлы узағынан болсын» деп , Жабай былай айтыпты:
Бала – үйдің базары
Қыз үйдің – жасауы,
Жаңа түскен келіншек
Жақсы болса мереке,
Жаман болса келеке,
Атты айында мақта,
Қатынды жылында мақта,
Ол – үйретпеген бір үйдің асауы.
............................................................................................................................
Тоқсан билікпен атағы шыға бастаған кезде, тәуірлер бас қосқан үш жүздің дауына шақырылыпты. Ұлы жиында ақсақалдар мен жақсылардың, атақты билердің тобында бірінші рет сарапқа түскелі тұрған жас Тоқсан Киікбай атасынан ақыл сұрауға, әрі бата алүға келеді. Аттарынан түскен Тоқсан мен жолдасы Киікбайға сәлем беріп, келген шаруасын айтқанда, Киікбай:
Кедейлік пен кәрәләк,
Адамнын жөнін басқалар.
Уа, Тоқсанжан, Тоқсанжан,
Бұл бір күнім тоқталған.
Үй артында жау келді,
Сұр жебесін оқталған.
Жалғыз жігіт би болмас.
Жалғыз ағаш үй болмас.
Шын жүйрікте күй болмас.
Қас жақсының белгісі
Жауға түссе күйзелмес.
Ардақты атаң Қара би,
Үш жүзге мәлім дара би,
Жабай әкең тағы би.
Күміс көмей, жез таңдай,
Қаусырап тұрған жағы би.
Сабарында үш жүздің
Аруағы қонып атаңның,
Сен болғайчың сана би, -
деп толғапты да, сәл бөгеліп барып:
Жолбарысша шабынба,
Бұрқылдама бураша,
Айғырша арқырама,
Текеше бақылдама.
Айтқан сөзің құрған қақпандай болсың,
Суықтығың оқпандай болсын.
Қанды ауызға түскеннің қанын шығар,
Әділетсіздің жанын шығар.
Күле сөйлеп күңіренбе,
Сөзің заяға кетер,
Зейнділікпен айтқан сөзің
Зерделінің санасына жетер.
Уа, Тоқсанжан, Тоқсанжан,
Осыны бір есіңе ал,
Үш жүздің дауы бар,
Саған деген жауы бар.
Уа, Тоқсанжан, Тоқсанжан,
Мынау тұрған біздің үй.
Айтамын саған жай мен күй.
Өзім кәрі, бала жас,
Дәулет біткен болар мас.
Қайтарында келе кет,
Атаңа сауға бере кет, -
деп батасын беріпті.
Тоқсан дауға барып ай жүріп оралып, қайтарда Киікбай атасының ауылына соғыпты.
- Атаң Киікбайдың ауылына таяп келеміз, олжаңнан байланатын не сыйлығың бар? Депті Тоқсанға жолдасы.
- Киікбай атңның батасы, қабыл болсын; айтқан ақылы орнына келіп, үш жүздің билерімен дауда сарапқа түсіп, біреуі алдыңа шығып мүдірте алмады. Не керемет саңлақтарды сүріндіріп, сөзден тоқтатып төбе биікке болып түсірген мол олжанңнан атаңа не сый тартрпақсың? – депті екінші жолдасы.
- Бір бесті ат соғымына, бір құнан қой сойып жеуіне, он бес тенге ақша, бір қырмызы шапан арнап әкеле жатқан сыйлығым бар, - депті Тқсан.
Ауылға таянса, Киікбай жарты лашығының кереге көзінен жолға қарап күтіп отыр екен. Аттан түсіп сәлем берген Тоқсанға Киікбай:
Тоқсанжаным, келдің бе?
Жүйрік аттай желдің бе?
Үш жүздің дауын бітіріп,
Олжалы болып жеттің бе? –
депті.
Киікбай атам қайдасың?
Қызыл тілім сайрасын.
Қырмызы шапан бесті ат бар.
Бір құнан қой және бар,
Босағаға байлансын, -
дегенде, Киікбай іліп алып әкетіпті:
Кең қолтық Керей баласы,
Ішінде жоқ аласы.
Қой жайып бата бергенсің
Қолдаған екен бабасы.
Қабыл бол ған батама,
Ризамын ата- анаңа, -
депті.
....................................................................................................................................
Тоқсан би қартайып қалған шағында замандастарының бірі:
- Тоқсан-еке, сөзден мүдірген жеріңіз болды ма? – депті.
- Жас кезімде екі рет әйелден женілдім. Маған жасымда қалыңмал беріп қыз айттырған. Ер жеткесін әкем қайныма ұрын жіберді. Барған соң жеңгенлерім мені түсірген отауға қалындығымды үш қызбен ертіп келді, екеуі ажарлы, біреуі қайқы мұрың, қара торы, ажарсыз екен. Екі тәуірдің біреуі менің қалыңдығым болар деп ойлап отырмын: ойынымыз тарап , жұрт аяғы басылған соң артында манағы үш қыз қалды. Жеңгемнің біреуі:
- Күйеу, мынау сеің қалыңдығың, - деді меаған өздері есіктеншығуға ыңғайлап, қайқы қара қызды нұсқап.
- Маған дегендерің осы болса, ала кетіндер, - дедім.
- Біз әкетуге келген жоқпыз, әкелуге келдік, - деді жеңгем.
Басқалары кетіп, «қайқы қара» қыз қала берді.
- Сен неге қалдың, қалма, кете бер, «шықта та шықтың» астына алып жатырмын: оған қозғалар «қайқы қара» емес. Ал үнсіздіктен кейін:
- Бір ауыз сөзім бар, - деді ол.
- Айт та шық, - дедім. Сонда «қайқы қара»:
- Қыз бала шариғатта тоғыз жасында, еркек бала он үш жасында балиғатқа толар. Сен де тілеген шығарсын сүйгеніме қоса көр деп, мен де тілеп едім. Сенің тілегің қабыл болмай, төрт жыл бұрын тілеген менің тілегім қабыл болыпты. Қабыл болған тілегімді өзгертпеймін, - деді.
- Сол «қайқы қара» мына отырған, - деп, жанындағы отырған кемпірін нұсқапты. – бір женілген жерім осы.
Жесір қалған бір жеңгемді некелену ойымда болып, оның ауылына барып, үйіне қондым. Кешкі жатар орыңга төсек салғанда жеңгеме: «Төсегіңді кен сал, ағаның іні мұрасы, ағамның орнына жатамын» дедім. Бұдан арада еш сөз болмаған.
Бір ауыл болады,
Боз тобелі үйі болады,
Ол ауылдың қадірлі ақсақалы болады,
Сөзге тоқтайтын байсалды биі болады.
Енді бір ауыл болады,
Шоштандаған биі болады,
Шошырайған үйі болады.
Байырқалы билдің
Ақылы басында болады.
Шолтандаған бидің
Ақылы астында болады.
Соның қайсысына жатасың,
Ендігісін өзің біл, -
деді. «екінші жеңілгенім осы» депті Тоқсан.