» » » ШОМБАЛ БИДІҢ ШОҚ БАСУЫ
На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Жаңалыққа қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 4-08-2012, 12:39
4554- рет көрілді

ШОМБАЛ БИДІҢ ШОҚ БАСУЫ

Категориясы: Би-шешендер » XVII ғасыр


Жәңгір ханның кезінде оның он екі биінің бірі – Шомбал би тұз өнетің сор көлді қорыттырып қойған екен. Көлді қорығанына қарамастан, Шомбал бидің Жұмат деген ағайыны көлден асқа тұз қазып алып, әр ауылға апарап сатып, аздаған кәсіп етеді екен. Осы жайды білген Шомбал би Жұматтың жалғыз атын ұрлатып алдырып, жасырып қояды. Мұны сезген Жұмат Шомбалға келіп, көп алдында:
Шомбал би деп жүр едім ақылды би,
Қорғар деп жақын түгіл жатынды, би.
Жал қылып кәсіп етіп отырғанда
Алдырдым не себептен атымды, би?
Осы би деп жүр едім білімді би,
Халық түгіл, хан қайырмас тіліңді, би,
Ажалым бір кісіден бола кетсе,
Жүр едім ол сұрар деп құнымды, би.
Сақсынып сауысқандай жүрсем-дағы,
Аяғы бір нәрсеге ілінді, би.
Тұзыңнан бір-екі арба алып едім,
Сұрасаң енді айтайын шынымды, би.
Қатты би Бозай алса үндемейсің
Осыдан бөтендігім білінді, би.
Тұзыңа екіншілей жуымаспын,
Қатсамда быламыққа көліңді, би, -
дегенде, Шомбал би: «Жә, баршы, атың ешқайда кетпес» депті.
Құрметті кіруші! Сіз біздің сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге тіркелуді ұсынамыз немесе өз атыңызбен кіріңіз.
Хабарлау
Қонақтар тобындағы кірушілер бұл жарияламада пікір қалдыра алмайды.