Бас парақ > XVII ғасыр > ШОМБАЛ БИДІҢ ШОҚ БАСУЫ
ШОМБАЛ БИДІҢ ШОҚ БАСУЫ4-08-2012, 12:39. Орнатқан: arystan |
Жәңгір ханның кезінде оның он екі биінің бірі – Шомбал би тұз өнетің сор көлді қорыттырып қойған екен. Көлді қорығанына қарамастан, Шомбал бидің Жұмат деген ағайыны көлден асқа тұз қазып алып, әр ауылға апарап сатып, аздаған кәсіп етеді екен. Осы жайды білген Шомбал би Жұматтың жалғыз атын ұрлатып алдырып, жасырып қояды. Мұны сезген Жұмат Шомбалға келіп, көп алдында: Шомбал би деп жүр едім ақылды би, Қорғар деп жақын түгіл жатынды, би. Жал қылып кәсіп етіп отырғанда Алдырдым не себептен атымды, би? Осы би деп жүр едім білімді би, Халық түгіл, хан қайырмас тіліңді, би, Ажалым бір кісіден бола кетсе, Жүр едім ол сұрар деп құнымды, би. Сақсынып сауысқандай жүрсем-дағы, Аяғы бір нәрсеге ілінді, би. Тұзыңнан бір-екі арба алып едім, Сұрасаң енді айтайын шынымды, би. Қатты би Бозай алса үндемейсің Осыдан бөтендігім білінді, би. Тұзыңа екіншілей жуымаспын, Қатсамда быламыққа көліңді, би, - дегенде, Шомбал би: «Жә, баршы, атың ешқайда кетпес» депті. Кері қайту |