На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 15:24
  • 0
2848- рет көрілді

ЖАНКІСІ БИ

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр


Жанкісі би (1772-1849) қазіргі Алматы облысының Балқаш көлі маңында тұрған. Кейін Сыр бойына көшіп барады. Қоқан жендеттерінің қолынан қаза табады. Жас кезінен өлең сөзге құмар болып өскен. Өз заманының ділмар билерінің бірі атанған, қарасөзге дес бермеген, мықты ақын болған.

Қоқан ханына айтқаны

Ассалаумағалейкум,
Алдияр, тақсыр ханымыз!
Алдыңа келді қарашың
Арызды қабыл алыңыз.
Өтірік болса арызым,
Мінеки, сізге жанымыз.
Өзіңіз қосқан зекетші,
Біздің елде Жүзбай бар,
Жүзбайдың жүрген жерінде,
Жылау менен ойбай бар.
Және мұның жолдасы
Қаратамыр Дадан бар,
Еріп жұрген соңында
Қырық-отыздай адам бар.
Шоңмұрын деген молдасы бар.
Төлеген деген жорғасы бар.
Атына жемді салуға,
Алты еннен қылған дорбасы бар.
«Келу түбім» деп алады,
«Кеусенім» деп алады,
«Отыра зекет» деп алады,
«Құшақ зекет» деп алады.
Арқадан келген сор Найман,
Ат-таң болып қалады,
Айтайын десен ұрады,
Ұрмақ түгіл, қырады,
Қаумалаған көп момын,
Қорлаушыдан құтылар
Амал-айла таба алмай,
Қарайды да тұрады.
Алдына салып айдайды,
Ашулансан байлайды,
Әкімі жоқ қазаққа,
Теңдік жоқ деп ойлайды,
Алса малға тоймайды.
Біз жыласақ, ойнайды.
Ел үшінде ажарлы,
Қыз-қатынды қоймайды.
Жақсыларды сөгеді,
Ат үстінен тебеді,
Жүрексініп отырмын,
Айтар сөзім көп еді...

Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 15:20
  • 0
3162- рет көрілді

ӘЛДЕБЕК ШЕШЕН

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр


Балтабай би бай болса да, өзінде барды азсынып, өзгенікін көпсініп отыратын, мысық тілеу, үйіне қонақ қондырмайтын, қазымыр кісі екен. Бірде Әлдебек шешен келіп үйіне түсе қалады. Үстіндегі киімі көнетоз екен. Балтабай бұл адамды менсінбей:
- Елдің қадірлісі ме десем, қазымыры екенсің ғой, - деп мысқылдайды. Соңда ешкімнен жеңіліп көрмеген Әлдебек азулы биден именбей былай дейді:
- Көн етікті деме,
Көпке айтар сөзім бар.
Көн садақты деме,
Сұр жебелі оғым бар.
Аттандырған жігітің
Ұрлаған соң малымды,
Арқадан әдейі кеп тұрмын
Байқағалы құлқыңды.
Атысатын жаумысың,
Табысатын елмісің.
Бітір, кәне, дауымды,
Ылаңдатпай ел ішін!-
деп жамбасқа ала бастайды.
Балтабай би бұл сөзді сын деп елең қылмаса да, бәйбішесіне ымдап тамақ дайындатады. Алдына әкелген еті өлі ет, әрі мүшесіз екен. Етті турап болып «алыңыз» дегенде, Әлдебек шешен табаққа ұмтыла қоймады.
Тамағың тамақтан өтпей отыр,
Дәметкен жұрт кетпей отыр.
Уыстап асатайын десем,
Табағыңдағы ет жетпей отыр, - дейді Әлдебек. Шоқ бақандай шошыған Балтабай би енді не айтар екен дегендей дені сау, бірақ қоңы арық марқа алдырады. Әлдебек бұған таңырқай қарап:
- Қойынды қойшы оңдап бақпаған ба,
Сауыншың жебей сауып қақтаған ба?
Әлде бұл жамырамай жонға адасып,
Бейшара енесін бір таппаған ба?
Бұрын келген қонаққа соймай мұны,
Әдейі Әлдебекке сақтаған ба? –
депті.
Бұл сөзден сескенген Балтабай би шешенді үйіне қолқалап қондырып, қонақасына арда емген құлын сойғызады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 15:18
  • 0
5769- рет көрілді

ЕСЕТ БИ

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр


Есет би Қараулы XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың алғашқы жартысында қазіргі Атырау облысының Қызылқоға ауданында туып-өскен. Сөзге шешен би, топ бастаған батыр ретінде бүкіл Жайық өңіріне таңылған, ел ішінде үлкен құрметке бөленген. Ескі аңыз әнгімелерді, көне жыраулар мұрасын жақсы білген Есет өзінің жақын туысы Мұрат ақынның ұстазы болған.
..........................................................................................................................
Тауға біткен қайыңның,
Солқылдар басы жел өтсе,
Тоғайға біткен жоңышқа
Солғын тартар күн өтсе.
Ерні салпы ер аты
Семірмес қайта ер өтсе.
Еңкейіңкі тартады
Ер қолынан мал кетсе.
Арбадан үркіп жаман ат
Ер салдырмас жал бітсе.
Қайыры болмас ғаріпке
Ақылсызға мал бітсе.
Қасына қоңсы қондырмас
Қас жаманға әл бітсе.
Тәңірден тілеп алған ұлдарың
Тіл қайтарады ер жетсе.
Хан бұрылып қараған,
Би бұрылып сұраған,
Ажары болмас арудың
Екі он бестен жас өтсе,
Сылдырап белін шешінген,
Назданып аяқ көсілген,
Алғаныңа, жандарым.
Қадірің кетер күн болар,
Ер қартайып, жас жетсе.
.............................................
Мен, мен едім, мен едім,
Қатарға салсаң қайыспас.
Қас қара нар мен едім,
Шабуыл салса шаршамас,
Су шашырап, жел тимес,
Аударылмас қара кеме едім,
Қасарысып келгенде,
Қап түбіне сыймаған,
Қара болат мен едім,
Қияннан ұшқан қу ілген
Анық сұнқар мен едім.
Тегеурінім теріс біткен,
Тепсем жілік сындырған
Қыран бүркіт мен едім.
.......................................................

Қартайдым да қор болдым,
Күн сенікі, жастарым!
Кәрілікке жеткізсе,
Талайды көрер бастарың.
Заманымды өзімнің
Еңсеріскен ер көрдім,
Белсеніскен бел көрдім,
Жасанысқан жау көрдім,
Тізелескен дау көрдім,
Үрікпедім, саспадым,
Бір өтірік болмасын,
Табаным тайып қашпадым,
Түгел ердің жолдасы –
Тілектес болған дос-жарым.
Сол дәулеттің тұсында
Самарқандай сапырып,
Шапқан шөптей жапырып,
Аспадым да таспадым.
Қанды көйлек жолдасты
Сары алтындай сақтадым.
Менің көрген затым бұл,
Төкпей-шашпай қолданып,
Ортаңа сүйреп тастадым.





Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 15:08
  • 0
2305- рет көрілді

ЕСБОЛДЫҢ БАТАСЫ

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр

Есбол би қасына жиырма шақты кісіні ертіп, жолаушылап келе жатып, бір байдың үйіне қоналқаға келіп түседі. Байдың үйі бір арықтау тоқты әкеліп, бата тілейді.
Сонда Есбол би былай дейді:
Япырмай, мына тоқтының енесі иімеген екен.
Әлде көп қойдан қақтығып ауызына шөп тимеген екен.
Болмаса малшы жөндеп бақпаған ба?
Енесі тоқты болып,
Тоқтыға тоқты сүті жақпаған ба?
Ала жаздай қатындар көгенге байлап,
Әлде енесін жебей сауып қақтаған ба?
Ұлан жаздай қонаққа бұны соймай,
Әдейі Есбол биге сақтаған ба?
Тоқтыны ұстап тұрған байдың баласы тоқтыны шығарып жіберіп, бір ту қой әкеліп сояды. Есболдың жолдастары:
- Би, өнеріңізді білейік, осы қойдың терісін де қалдырмаңызшы, - дейді. Ет жеп болып бата тілегенде, би мынадай бата береді:
Кеңейте гөр өрісін,
Ұзарта кет желісін,

Тоңымның бір бойы жетпей жүр еді,
Бергізе гөр терісін!
Сонда бай:
- Не сұраса да құтыл пәледен,- деген екен.
Артқа Алға