На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 23:29
  • 0
10158- рет көрілді

Құйрық-бауыр (салт)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

"Құйрық-бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе" (мәтел). Бұл құдалық дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт-дәстүрінде орны бөлек жай. Екі жақ келісіп құда болған жағдайда оларға "құйрық-бауыр" арнаулы сый әкеледі. Әкелуші әйел "бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар" деп тілек білдіреді. Одан барлық кұдалар ауыз тиеді. Құйрық-бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі — құжат болып бекітілген.
Құдалық дәстүр және оған сәйкес әдет-ғұрыптар әдетте әзіл-қалжыңсыз, ойын-сауықсыз өтпейтіндігі әркімге белгілі. Сондай-ақ осы "Құйрық-бауыр" салтында да қалжың өлеңдер мен қағытпалар да айтылмай қалмайды. Астана қаласында қостанайлық Сәмкен Омаров пен көкшетаулық Қуантай Әбілмәжінұлының құдалығында "Құйрық-бауыр" ұсынғанда Қанапия кызы Орынбасар құдағи осы қазақы салттың ажарын мынадай өлеңмен өрнектей түсті. Ол кұдаларға қарап, былай деп әндетті:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 23:29
  • 0
5724- рет көрілді

Киіт (дәстүр)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

"Құдалық белгісі — киіт, қоныс белгісі — бейіт" (мақал). Құдалықтың негізгі белгісі - киіт және олардың арасында жүретін, соған лайықталған сый-сияпат, мал, киім, мүлік. Ол құдалар дәрежесіне, дәулетіне байланысты әртүрлі болып келеді. Мысалы, бұрын құндыз жағалы тон, қасқыр ішік, кілем тағы басқа қымбат бұйымдар, киімдер мен заттар, жүздеген мал (жылқы, түйе, қой) берілген. Жоғарыда айтылған Байсақал кұдаларына "өздерің жүз болып келмей елу болып келген екенсіңдер" деп әрқайсысына түйеден 50, аттан 50, тай тұяқ жамбыдан 50, қой тұяқ жамбыдан 50, сиырдан 50, қойдан 50, ешкіден 50, аң терілерінен 50 киіт берген (М. Ж. Көпеев).
Қазіргі кезде "қалың мал" төленбесе де, оның киіт кигізу сияқты дәстүрлері, басқа да жол-жоралғылары жасалып жүр.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 23:28
  • 0
2884- рет көрілді

Киім тігу

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Киім тігу салты бойынша барған құда-кұдағилар түні бойы ұйықтамаулары керек. "Жақсы тамақ қалғанша, жаман қарын жарылсын" деп, кұдалардың бергенін жей беру керек. Ұйықтауға болмайды. Егер ұйықтап кетсе, киімін кұдалардың бірі тігіп тастап, айып төлеттіреді. Сол үшін ішіп-жеуге де, ұйқыға да, өлең айтысуға да шыдау керек. (А. Жүиісұлы).
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 23:28
  • 0
4907- рет көрілді

Балдыз қалың

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Кейде калыңдық қайтыс болатын жайлар кездеседі. Мұндайда қалың малын төлеген болса, онда сол үйдің екінші қызын алуға құқы бар. Егер ер жігіт қалыңдығына ұрын барып, ол үйдің басқа қызы болмаса төлеген малдың жартысы қайтарылады. Егер бұрынғы қалыңдығына ұрын барған күйеу енді балдызын алатын болса, онда бұрынғының үстіне "балдыз қалың" төлеуге тиіс. Оған түйе бастатқан бір тоғыз қосылады. Күйеу бұрынғы қалыңдығына ұрын келмеген болса "балдыз қалың" төленбейді.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 23:27
  • 0
6108- рет көрілді

Қалың мал (дәстүр, кәде)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері


Құда түсу рәсімі келісілген соң дала заңы бойынша күйеу жағы "қалың мал" төлеуге тиіс. Бұл — қазақ, қазақ болғалы бұлжымаған ежелгі дәстүр. Оның мөлшері құдалардың дәрежесі мен дәулетіне байланысты, екі жақ келісе отырып шешеді. Бұрынғы кедейлер арасындағы қалың мал мөлшері 5-6 малмен тынса, ірі байлар арасында екі жүз, бес жүз, мың жылқыға дейін жеткен. Би мен байлар, хан мен төрелер арасында қалың мал үстіне "бес жылқы" деп аталатын бес түйеге қосып бір "жетім кыз", "аяқ жақсы" деп беретін үш түйеге қоса бір "еркек жетім" бергендігі кейбір деректер арқылы белгілі. Қалың малдың "қырық жеті", "отыз жетінің бүгіні, "отыз жеті", "отыз жетінің жартысы", "жақсылы отыз жеті", "жиырма жеті", "он жеті", "домалақ калың мал", "домалақ бата" сияқты түрлері болған. (КСЭ, 6-том). Мұның сыртында той мал,сүт ақы, күйеу апаратын ілу, өлі-тірі
апаратын, тағы басқа көптеген бағалы кәде, жоралар да болады. Бұған кеңес үкіметі кезінде "қызды малға сату" деп қара күйе жағыльп келді. Ал шындығында қыздың жасауы "калың мал" мөлшерінен кем болмаған. Демек, бұрыңғы дала заңында бұл ескерілген сияқты.
Әрине "қалың мал" құдалардың дәулетіне байланысты болған. Бұл істе әркім өз шама-шарқына қарай белгілеген. Бұрынғы заманда "қалың мал" байлық пен мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін көріністің айғағы болғаны шындық. XIX ғасырдың алғашқы ширегінде Кіші жүзде Байсақал мен Орта жүзде Сапақ құда болған. Сонда Байсақалдың қызының "қалың малы" 500 жылқы болған. 300 жылқы — қара малы, 100 жылқы үйге кіргізер, 100 жылқы той малына кетіпті (М.Ж.Көпеев).
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 23:26
  • 0
5969- рет көрілді

Құда тартар (салт).

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Жол-жоралары, салт-дәстүрлері, түрлі ырымдары мен кәде түрлері өте көп. Солардың ішінде қыз алуға келген құдаларға жасалатын құрмет те аз емес. Сол сияқты олар тартатын күлкілі азап одан да көп. Олар "құдаларын құдайындай сыйлай" отырып, "құда тартар" атты кәделі дәстүрден аттап өтпейді. Бұл ойын-күлкіге, сауыққа, сынға құрылған салт. Мұнда құда тартар кәдесін сұрай келген әйелдер бастаған топ құдаларға лап қояды да, оларды көкпар тартқандай тарта жөнеледі. Әрине, бұған қарулы жігіттер мен жас әйелдер араласады. Олар құдаларды теріс қаратып өгізге мінгізеді, "кірлеп кетіпті ғой" деп өзенге де апарып сүңгітеді, аяғын жоғары қаратып үйдің шаңырағына да асып қояды. Не керек жұрт күлетін қиын да, кейде ерсі қимылдарға да барады. Бұған құдалар ашуланбайды. Қолынан келсе олар да құдағи жағына күш көрсетіп, оларды қоса құшақтай кетеді. Мұның өзі жұрттың көңілін көтеретін бір үлкен ойын-сауыққа ұласып кетеді.
Қазақтың құдалық, неке дәстүрін өткен ғасырда П.Маковецкий, Н. Гродеков, Л. Баллюзек, А. Левшин сияқты орыс зиялылары кең зерттеп, тамсана жазған.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 23:25
  • 0
6459- рет көрілді

Бата аяқ (салт).

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Ұлдың атасы "бата аяқ" деп бір түйе, бір жылқы жібереді. (Ә.Диваев). Құда болған кісі екі жақтың келісімінен кейін жітіт әкесі қыз ауылына келіп "бата аяқ" өткізеді. Кейде мұны "сырға тағар" деп те атайды. Осы жолы екі жақ тойды өткізу мерзімі, кәде-жора, қалың мал жөнінде келіседі. Мұны бата, келісуді "баталасу" дейді. Батаның екі түрі бар:
1. Кесімді бата жасау, мал мөлшері, той уақыты, шығын мөлшері: алыс-беріс, келу-кету тағы да басқа.
2. Кесімсіз бата — мал саны, мүлік мөлшері кесілмейді. Жағдайға, уақытқа карай кейін белгіленеді.
Ауқатты, елге есімі белгілі адамдар құдалығында бас жақсы, орта жақсы, аяқ жақсы деген ірі бағалы кәделер болады.
Бас жақсыға — боталы түйе, құлынды бие, жағалы киім, бағалы бұйым, алтын, күміс жамбылар жатады. Орта жақсыға — ең жақсы түйе не ат.
Аяқ жақсыға ат, сиыр, қой т.б. жатады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 23:24
  • 0
10471- рет көрілді

Құда түсу (дәстүр)

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Ертеден және казір де жалғасып келе жатқан әрі жарасты дәстүрлердің бірі — құда түсу. Жігіттің әкесі немесе жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі, яғни бой жеткен қызын сұрайды. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп саналады. Қыз әкесі келісім берген соң құдалықтың жөн-жоралғыларын жасайды. Оның түрі өте көп... мысалы: құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр тағы басқа ырымдар мен кәделер, алымдары болады (кәдеге қараңыз). Құдалықты басқарып барған адам "бас құда" деп аталады. Тұрмыс құратын жігіт пен қалыңдықтың әкелері бір-біріне "бауыздау құда" деп аталады.
Құда түсу — қазақтың ең үлкен той-думаны мәртебелі, жарасты әрі мән-маңызы бар салт-дәстүрлерінің бірі. Онда түрлі ойын-сауық, әзіл қалжыңдар, палуан күрес, айтыс, өлеңдер айтылады. Екі жақ та бір-бірін сынап отырады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 23:17
  • 0
8835- рет көрілді

Шеге шапан (дәстүр, кәде).

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Құда болуға баталаскан екі жақ келіскеннен кейін бір-біріне сый-сияпат ұсынады. Жігіт жағы "қарғыбау" ұсынғаннан кейін қыз әкесі жаушыға "шеге шапан" жабады. Бұл уәде пісті деген сөз. "Жаушы" жіберген жақ жігіт ауылы келе жатқан өз "жаушыларының үстіндегі жаңа, яғни "шеге шапанын" көріп, оларды шашу шашып карсы алады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 23:09
  • 0
6023- рет көрілді

Қыз көру

Категориясы: Дәстүрлер » Отау көтеру дәстүрлері

Кейде "кыз таңдау" деп те аталады. Салт бойынша белгілі кісілердің балалары немесе өнерпаз, сал-сері жігіттер өзіне лайық
қыздарды ел ішінен өздері таңдаған. "Пәлен жерде жақсы қыз бар" дегенді естіген жар таңдаған жігіттер өнерлі дос-жолдастарын ертіп қыз ауылына барады.
Қазақта "қызды кім көрмейді, қымызды кім ішпейді" деген мақал қыз іздеген жігіттерге жол ашады. Ондай жігіттерге ешкімнің наразылық білдіруге, тосқауыл
жасауға хақысы жоқ. Керісінше жігіттерді салтанатпен қарсы алған. Ауылдың бойжеткен ер мінезді, еркін қыздары мұндайда "қыз көретін жігітті біз көрелік"
деп белсене шығып, жігіттермен өнер сынасқан. Жігітке олар да сын көзбен қарап, өз ойын ашық айтқан. Осындай жолда бірін-бірі сынаған қыз жігіттер
айтысқа түскен. Осыдан кейін ұнатқан жастар сөз байласып, жігіт жағы құда жіберген. Демек, жігіт пен қыз бірін-бірі ұнатқан жағдайда да құдалық жолы
жасалған. Олай болса бұрын да қыз-жігіттің ұнатып, сүйіп қосылған кездері болған.
Әрине, қазақ салтында "қыз таңдау", "қыз көру" әр кезде бола бермеген, белгілі адамдардың балалары мен жігіттердің ғана қолы жеткен салты. Т.Жомартбаевтың "Қыз көрелік" романында кеңірек суреттелген.
Артқа Алға