На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:43
  • 0
7704- рет көрілді

Наурыз жыры

Категориясы: Дәстүрлер » Наурыз дәстүрлері



Наурыз жыры — Наурыз мерекесінде айтылатын халық ауыз әдебиеті түрлерінің бір саласы. Жыр-өлең осы күнге лайықталып, мадақтау, тілек, бата, әзіл түрлерінде айтылады. Оның түрлері халық арасында өте көп тараған. Наурызға арналған бұрынғы, соңғы ақындардың шығармалары да көптеп саналады.

Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алсаң,
Сонда олжалы жол болар...
Ұлыстың ұлы күнінде
Бай шығады балбырап.
Қасында жас жеткіншек
Тұлымшағы салбырап.
Келіншек шығар керіліп
Сәукелесі саудырап.
Қыз шығады қылмиып,
Екі көзі жаудырап.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:43
  • 0
5560- рет көрілді

Наурыз көже

Категориясы: Дәстүрлер » Наурыз дәстүрлері

Наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт,ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік ұлттық тағлымы өте зор. Ол барлық адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.Наурыз — тоқшылық күні. Қазан оттан түспейді. Әр үй наурыз көже істейді. Уыз қатырлады. Сорпа сапырылады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:42
  • 0
3253- рет көрілді

Наурыз тойы

Категориясы: Дәстүрлер » Наурыз дәстүрлері

Наурыз — шат-шадыманды ойын-сауық, той басы."Ол күнде Наурыз деген бір жазғұтырым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп той-тамаша қылады екен" (Абай). Кей жерлерде "наурыз тойы" деп те атады. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын-сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салынған. Тойға ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт бәсекесі, айтыс, түрлі ойындар мен көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Әркім үлкендерден бата тілейді. Наурызнама — бұрынғыда 8-9 күнге созылатын, халықтың ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары кеңінен қолданылатын ерекше үлкен жиын, той. "Қазақтың қазақ болғалы өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы — Наурызнама. Ол күні қожаларға оқытатын наурызға арналған кітап болады. Наурызнамада қыз-жігіттер жиналып бас қосып "ұйқыашар" әзірлейді. Ол тәтті ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз-келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны "селт еткізер" деп атайды. Бұл күні қарттар да естен шықпайды. Оларға арналып жылы-жұмсақ тағамдардан "бел көтерер" деп аталатын дәм дайындалып, тартылады. Бұлардың келесі күні "наурыз көжеге" жалғасады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:42
  • 0
4679- рет көрілді

Наурыз айы

Категориясы: Дәстүрлер » Наурыз дәстүрлері

Наурыз айы — Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашкы айы. Григориан күн есебінде де, жылдың алғашқы айы есебінде де, күн мен түннің ұзақтығы теңеседі. Сол себептен наурыз жыл басы болып саналған. Сонымен бірге қыстың соңы, көктемнің басы. Күн жылынып, қар еріп, жыл құстары келе бастайды. Сондықтан жылдың күз мезгілі есебінде де жылдың алғашқы айы есебінде де, төл басы есебінде де наурызды бүкіл халық аса құрметпен қарап, оны есте қаларлық қасиетті ай есебінде бағалаған.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:41
  • 0
3821- рет көрілді

Әз

Категориясы: Дәстүрлер » Наурыз дәстүрлері


Халық ұғымы мен сенімі бойынша наурыздың алғашқы үш күні ішінде жер-көкті жарып ерекше бір гуіл (дыбыс) өтеді. Оны жан-жануарлар ішінде жұмақтан шыққан қой ғана және қой арқылы қойшы ғана сезеді дейді білетіндер. Сол күні барлық табиғат, жаратылыс, тіршілік, өсімдік, адам бойына ерекше сезім, қуат, қасиет бітеді. Бұл күндері тырнақ, шаш алса халық әлгіндей асыл қасиеттер қиылып кетіп адам сол ауруға ұшырайды деп ырымдаған. Жер-көк, жан-жануар әз өткен соң ғана қуат алады деп түсінген халық "әз болмай, мәз болмайды" деп қанатты қағида қалдырған.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:40
  • 0
6432- рет көрілді

Қыдыр ата

Категориясы: Дәстүрлер » Наурыз дәстүрлері

Қыдыр (Қызыр) ата бүкіл халыктың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел қарт. Ол Ұлыстың Ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді. Міне, сондықтан әр үй Қыдыр атаның жолын күтіп өздерінің жанын да, тәнін де, киер киім, ыдысы мен бұйымдарын да таза ұстауға тырысады. Үйдің іші-сыртын, қора-қопсыны тазартып, ағаш егіп, өсімдікке су құяды. Мұсылман қауымы мұндай үйге Кыдыр ата түнеп, немесе бата беріп кетеді деп түсінген. "Қыдыр қонған", "Қыдыр дарыған" деген сөздер осындайдан шыққан.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:40
  • 0
4788- рет көрілді

Наурыз күні

Категориясы: Дәстүрлер » Наурыз дәстүрлері

Наурыз — ежелгі мәдениетті дамыған елдің бірі Парсының "нау" - жана. "руз" — күн, яғни, жаңа күн деген сөзінен шыққаны көпке бұрыннан-ақ белгілі. Бұл қазіргі күн есебі бойынша наурыздың 22 жұлдызына сәйкес келеді. Қазақтар да бұл күн жаңа жыл, ырыс, береке, мереке, жыл басы деп есептейді. Ұлыстың Ұлы күні жұрт жұмыс істемейді, сапарға шықпайды, іс тікпейді, құрылыс не басқа бір іс бастамайды, ешкімді ренжітпейді, дауыс көтермейді, әбес сөйлемейді, кір жумайды, шарап ішпейді, құрбан шалмайды, құран оқымайды.
Наурыз — теңдік күні: күн мен түн теңеледі, ұл мен құл теңеледі, қыз бен күн теңеледі. Ұлық пен кішік жанасады. Бай мен жарлы жарасады.
Наурыз күні — 22 жұлдызы халықаралық мереке, демалыс күні.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:39
  • 0
8467- рет көрілді

Наурызнама

Категориясы: Дәстүрлер » Наурыз дәстүрлері

Наурыз — шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың Ұлы күні. Наурыз бұған дейін мыңдаған жыл бұрын шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтетін болған. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды әдетке айналдырған. Шығыстық данышпандар Махмут Қашқари, Әбу Райхан Бируни, Ә. Фердоуси, Ә. Науаи, О. Хаямнан бастап қазақтың Абай, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Сәкен сияқты ғұламалары да наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, жақсы сөздер жазып қалдырған. Наурыз шығыс елдері үшін — бірліктің, татулыктың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбеген адам болмаған. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы қасиеттен өнеге алған.
Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным-ұтымдарының үлгі түрлері өте көп. Оның бәрі әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көрегенділікке, ізеттілік пен білімділікке баулиды. Наурызды әр халықтың асыға күтетіні де осыдан болса керек.
Осы Ұлы күнге байланысты халықтың әдет-ғұрыптары мен жол-жоралары, салт-дәстүрлері бар.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:21
  • 0
4190- рет көрілді

Қара жығу (салт).

Категориясы: Дәстүрлер » Қаза ғұрыптары

"Байдалы белдеудегі қараны суырып алып, Байсалға берді... Ол ырымын істеп, қараны жерге сұлатты да, табанымен басып, сындырып тастады". (М.Әуезов).

Кісі қайтыс болған күні тігілген қараны жығу салты тағы бар. Ол жылы беріліп, ас өткен соң жасалады. Яғни қара жалауды алып, сындырады да отқа жағып жібереді. Бұдан кейін жақын-жуықтары, әйелі, балалары, елдің ақсақалдары құран оқып, бата береді. Соңғы жоқтау айтылады. Тұл аударылады. Бұл, қаралы жыл өтті, азалы күндер аяқталды деген сөз.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:20
  • 0
2968- рет көрілді

Тұл аудару

Категориясы: Дәстүрлер » Қаза ғұрыптары

Қайтыс болған кісінің жылы өтіп, асы берілген соң, оның жыл бойы қара жамылып қайғырған отбасы әдеттегі өмір тіршілігіне араласуға тиіс. Бұл "тұл аудару" салты арқылы жасалады. Қара жамылған соң, марқұмның киімдері оңына қаратылады. Ер-Тұрманы ең жақын досына не болмаса мұраға беріледі. Әйелі, қыздары бүркейін алып, жақсы киімдерін киюге рұқсат етіледі. "Тұл аудару" салтына марқұмның ет жақындары, балалары, сыйлас-бастас адамдары қатысып, дұға оқылады, бата жасалады. Ақсақалдар үй-ішіндегі адамдарға, әйеліне, балаларына ақыл айтып, жақсы тілек білдіреді. Сол күннен бастап, отбасы адамдары "өлгеннің соңынан өлмек жоқ" деп қызықты өмір тіршілігіне кірісіп кетеді.