Жаңалыққа қатысты мәлімет
- Орнатқан: arystan
- Күні: 6-08-2012, 19:59
5171- рет көрілді
НЕШЕ МҮШЕГЕ ЕЛДІНІЗ?
Категориясы: Ырымдар » Жалпы ырымдар мен тыйымдар
• Қазақтың ерте заманнан бері уақыт есебін жүргізуге қалыптасқан жүйелерінін бірі – мүшел.
• Мүшел жүйе негізінен сандық рет алынбай, алты адал, алты ара, яғни алты үй, алты түз хайуандары атымен аталатын 12 жылдық күнтізбесі қабылданған.
• Мүшел жүйесі өткен мезгілін анықтауға, адам жасын есептеуге, т. б. пайдаланған.
• Адамнын жас есебін шығарғанда сәбидің ана құрсағыңда өткізген уақыт бір жылға баланып, оған мүшелдің 12 жылы жалғастырала қосылып, бірінші мүшел 13 жас деп есептеген.
Бірінші - сәби, балалық мүшел 13 жас.
Екінші - ер жету мүшелі - 15 жас.
Үшінші – жігіттік мүшел - 37 жас.
Төртінші – орта жас мүшел - 49 жас.
Бесінші - ақсақалдық мүшел - 61 жас.
Алтыншы – қартаң тартқан мүшел – 73 жас.
Жетінші - кәрілік мүшел - 85 жас.
• Адам баласы туылғаннан бастап, өсіп – жетілу кезеңінде қатерлі жылдар болатыңдығын айтып келеді. Оны мүшел жас деп атайды.
• Қазақ мүшел жасын жасырады, басқаларға айтпайды. Себебі, мүшел жас – қатерлі жас, тіл мен көз сұғынан сақтасын деп ұйғарады да, жасты айтуға тура келсе не асырып, не кемітіп айтады.
• Осындай мүшел есік қаққанда, «О, Құдірет! Мені осы мүшелден қатерсіз өткізе гөр» деп Аллаға жалбырып, қайыр садақа беру керек. Әрбір адам өзінің мүшелі болған жан-жануарды соймайды.
Құрметті кіруші! Сіз біздің сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге тіркелуді
ұсынамыз немесе өз атыңызбен кіріңіз.
Хабарлау
Қонақтар тобындағы кірушілер бұл жарияламада пікір қалдыра алмайды.