На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Жаңалыққа қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 12:14
3677- рет көрілді

ДӘУІР, УАҚЫТ

Категориясы: Мақалдар » Тәрбие, той,әзіл, дәуір

Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.
...................................................
Әр адам өз заманының баласы.
...................................................
Кешегі күннен алыс жоқ,
Ертеңгі күннен жақын жок.
......................................................
Жасы бір құрдас емес,
Заманы бір құрдас.
...............................................
Мезгіл жетсе, мұз да ерір.
..............................................
Адамды заманы билейді.
............................................
Заманына қарай заңы,
Тоғайына қарай аңы.
...................................
Әр айдың аты басқа.
..........................................
Заманың қалай болса, бөркіңді солай ки.
........................................
Әр заманда бір көреген.
..........................................
Ескіні еске алмай, жаңа жадына түспейді.
..........................................
Бір жас - бел құрдас
Он жас – ол да құрдас
Елу жас – замандас құрдас.
.................................................

Мақала белгілері: мақал-мәтелдер

Құрметті кіруші! Сіз біздің сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге тіркелуді ұсынамыз немесе өз атыңызбен кіріңіз.
Хабарлау
Қонақтар тобындағы кірушілер бұл жарияламада пікір қалдыра алмайды.