Бас парақ > Жалпы ырымдар мен тыйымдар > НЕШЕ МҮШЕГЕ ЕЛДІНІЗ?
НЕШЕ МҮШЕГЕ ЕЛДІНІЗ?6-08-2012, 19:59. Орнатқан: arystan |
• Қазақтың ерте заманнан бері уақыт есебін жүргізуге қалыптасқан жүйелерінін бірі – мүшел. • Мүшел жүйе негізінен сандық рет алынбай, алты адал, алты ара, яғни алты үй, алты түз хайуандары атымен аталатын 12 жылдық күнтізбесі қабылданған. • Мүшел жүйесі өткен мезгілін анықтауға, адам жасын есептеуге, т. б. пайдаланған. • Адамнын жас есебін шығарғанда сәбидің ана құрсағыңда өткізген уақыт бір жылға баланып, оған мүшелдің 12 жылы жалғастырала қосылып, бірінші мүшел 13 жас деп есептеген. Бірінші - сәби, балалық мүшел 13 жас. Екінші - ер жету мүшелі - 15 жас. Үшінші – жігіттік мүшел - 37 жас. Төртінші – орта жас мүшел - 49 жас. Бесінші - ақсақалдық мүшел - 61 жас. Алтыншы – қартаң тартқан мүшел – 73 жас. Жетінші - кәрілік мүшел - 85 жас. • Адам баласы туылғаннан бастап, өсіп – жетілу кезеңінде қатерлі жылдар болатыңдығын айтып келеді. Оны мүшел жас деп атайды. • Қазақ мүшел жасын жасырады, басқаларға айтпайды. Себебі, мүшел жас – қатерлі жас, тіл мен көз сұғынан сақтасын деп ұйғарады да, жасты айтуға тура келсе не асырып, не кемітіп айтады. • Осындай мүшел есік қаққанда, «О, Құдірет! Мені осы мүшелден қатерсіз өткізе гөр» деп Аллаға жалбырып, қайыр садақа беру керек. Әрбір адам өзінің мүшелі болған жан-жануарды соймайды. Кері қайту |