На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:11
  • 0
3201- рет көрілді

Сүйекке кіру

Категориясы: Дәстүрлер » Қаза ғұрыптары

Сүйекке кіру — деп қайтыс болған кісіні ақ жауып арулауды айтады. Бұған сүйекті жуудың жөнін білетін аруақтың өзі қатарлы адамдар кіреді. Сүйегіне кіретін адамдарды марқұмның өзі де айтып кетуі мүмкін. Бұған шариғат заңы бойынша әр рудан (атадан, ата ұлынан) бес не жеті кісі түседі. Олардың міндеті-аруақты жуып, тазарту. Бұдан кейін марқұм әйел болса бес қабат, еркек болса үш қабат ақ матаға ақиретке оралады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:11
  • 0
3518- рет көрілді

Дәуір айналдыру (дәстүр).

Категориясы: Дәстүрлер » Қаза ғұрыптары

Қайтыс болған адамның жаназасы кезінде жасалатын діни рәсім. Ұғым бойынша өлген адамньщ кінәсын жеңілдету (арылту) үшін екінші адам жаназа шығарушы молда алдыңда қайтыс болған адамның о дүниеде күнәдан пәк болуы үшін кепілді береді. "Дәуір айналдыру" дегеніміз осы. Алайда дін адамдарының бұл жөнінде қарама-қарсы пікірлері де бар. Сондықтан кейбір аймақтарда "дәуір айналдыру" қолданылмайды.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:10
  • 0
2951- рет көрілді

Жаназа (дәстүр).

Категориясы: Дәстүрлер » Қаза ғұрыптары

"Әбіштің жаназасына Алматы халқы көп жиналды" (М. Әуезов). Қайтыс болған кісіні соңғы сапарға шығарып салу рәсімі. Жаназада өлген кісіге дәуір айналдырып, садақа беріп, құран шығарылады. Жиналған көпшіліктен "бұл кісі жақсы адам ба?" деп сұралады.
Оған "жақсы адам" деген жауап беріледі. Сол сияқты марқұмнан "ешкімнің алашағы, берешегі жоқ па" деп тағы да сұрайды. Алашағы бар адам сұрауға да, алуға да, кешіруге де хақысы бар. Оның ешқандай айып ерсілігі жоқ. Шариғат заңында осылай қаралған. Жаназа адамға жасалатын соңғы құрметтердің бірі.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:09
  • 0
3679- рет көрілді

Көрісу (дәстүр).

Категориясы: Дәстүрлер » Қаза ғұрыптары

"Кімдер екенін айырып болар емессің, кезек-кезек келіп, мені құшақтап көрісіп жатыр" (Т. Әбдіков). Ең жақын туыс-туғаңдары, ата-аналары, басқа да сыйлас іліктері қайтыс болған адамдарға артта қалған жақта-жуықтары мен ағайындары (әйелдері) келіп марқұмның жақсы істері мен армандарын айтып жылайды. "Көрісу" деген осы. Олар мұндайда "мені апа деп кім айтар?", "көз қырын салатын еді", "әдейі келіп сәлем беретін еді" деген сияқты арман сөздерін айтады. Көрісуші адамдар үй сыртынан жылап келеді. Мұны "дауыс" — дейді. Алыс-жақыннан жаназаға не көңіл айтуға келген топтың әйелдер қауымы қосылып сөз қоспай бір зарлы әуенмен келеді. Мұны "қара дауыс" дейді. Мұндай дауыс жоқтау кезінде де қолданылады.
Еліміздің оңтүстік жағында еркектер де дауыс салып кіреді, ал орталық жақтарда әйелдер ғана дауыс қылып келеді.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:08
  • 0
3870- рет көрілді

Қара тігу (салт).

Категориясы: Дәстүрлер » Қаза ғұрыптары

"... өлік үстіне тіккен ақ үйдің оң жақ белдеуіне өз қолымен әкеп қара тікті. Сүйіндік жас кісі өлсе туы қызыл болатынын, кәрі кісі өлсе ақ болатынын айтып келді де, "Әжейдей орта жасты кісінің туы — бір жағы ақ, бір жағы қызыл болу керек дегенді айтқан" (М. Әуезов). Кісі өлген үйді бір сөзбен қаралы үй деп те айта береді. Қара тігілген үйді көргендер ол үйге соғып дұға жасап өтеді. Мұндай үй кісі күтуге де дайын отырады. Жыл бойы жоқтау айтылады. Бұл халықтық рәсім марқұмның жылы өтіп, асы берілгенге дейін жалғасады. Жыл болған соң "түл аудару", "қаралы теңді бұзу", "қара жағу" сияқты ырымдар жасалады.
Кайтыс болған кісінің құрдасы, нағашы-жиендері, іліктері, сыйластары, ауылдастары оның отбасын үйіне арнайы шақырып, дәм береді. Көңіл білдіріп қол ұшын созады. Бата жасайтындар, көңіл айтушылар келетін болса, олармен бірге болып, қаралы үйдің шаруасына араласып, көмек көрсетеді. Қысқаша айтқанда, жаны ашитын адамдар сол үйдің көңіліне қарап, олардың қайғы мұңын жеңілдетуге тырысады. Бұл ата-бабамыздан қалған адамдық жол, әрі тәртіп, бұлжымас заң бүгінге дейін қалпын бұзған жоқ. Қазақ елі, жұрты, азаматтары тұрғанда ол бұзылуға да тиіс емес.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:08
  • 0
5063- рет көрілді

Шашын жаю (салт).

Категориясы: Дәстүрлер » Қаза ғұрыптары

Қара бір шашым жаяйын,
Жаяйын да жылайын" (Жоқтау).

Жоқтау, жылау қайғылы, шерлі, күйікті, мұңды, зарлы,шапты, бақытсыз әйелдің ісі. Бұл әдет дауыс қылу, жоқтау кезінде жасалады. Кешегі өткен зұламат заманда соғыс, аштық, тәркілеу, апат, жұт кезінде әйелдердің шашын жайып жылауы көп болады. Әйелдер мұң, шер жырларын да шығарады. Мұндай кезде ақсақалдар, әйелдер келіп, мұңды адамға тоқтам, басу айтып жұбатуы керек. Қазақ қыздарына "шашыңды жайма" деген тыйым сөз осындайдан шыққан.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:07
  • 0
3609- рет көрілді

Ақтай жоқтау

Категориясы: Дәстүрлер » Қаза ғұрыптары

Өмірде бәрі де бола береді. Мысалы: құда түсіп, қалыңдық атастырылып, қалың төленіп, екі жақ келісімге келеді. Сөйтіп бұл жағдай жұртқа белгілі болады. Екі ортада кұдалық рәсімдер, барыс-келіс басталады. Күйеу жігіт ұрын барған кездер де болады. Осындай жағдайлардан кейін тағдырдың жазуымен кұйеу жігіт қайтыс болса, әдет заңы бойынша оны оң жақтағы (өз үйінде отырған қыз) қалыңдық та жоқтайды. Бұл қазақ дәстүрінде белгіленген, оны «ақтай жоқтау» деп атайды. Бұл үшін қалыңдықты ешкім кінәлай алмайды. Ұлттық көне заң бойынша әлгі қалыңдық өзі атастырылған жігіттің ағасына немесе інісіне қосылады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:06
  • 0
4544- рет көрілді

Жоқтау (салт).

Категориясы: Дәстүрлер » Қаза ғұрыптары

"Сен жоқтау айтқалы отырсың, мен тоқтау айтқалы отырмын" (Байдалы би).

Жоқтау — аза ғұрпын көтере түсетін, қайғыны басатын, қазаға аса лайықты қаралы салттың бірегей түрі. Қайтыс болған адамның жақсылығын, еліне істеген қызметін, жақсы қасиеттерін паш ететін тұрмыс-салт дәстүрі, жыры, зарлы өлең. Жоқтауды белгілі ақындар немесе сол адамның әйелдері мен ана, қарындастары да шығара беретін болған. Жоқтаудың дінге қатысы жоқ, ол қалыпты халықтық салт, өлімнің берік әдет-ғұрпы деп ұғыну керек. "Боздағым" атты қазақтың жоқтау жырларында (Алматы, 1990 ж.) Бұхардың Абылай ханды жоқтауы, Қаз Дауысты Казыбек биді қызы Қамқаның жоқтауы, Абай ұлы Әбішті әйелі Мағыштың жоқтауы сияқты жоқтаудың көркем үлгілері бар. Жоқтау тәрбиелік үлгі-өнегесі бар, мәдениеттілік пен адамды бағалаудың және оны есте сақтаудың бір белгісі ретінде қалыптасқан. Ол өлген адамның жылына дейін айтылады. Жоқтау — қазалы, кайғылы, зарлы үнмен жырланады.
Жоқтауды қайтыс болған адамның әйелі, апасы, қарындасы, қызы және жақындары айтады. Ал аса құрметті адамдарға сол елдің сұлу, әнші қыздары қатыстырылады. Мысалы, өткен ғасырдың сексенінші жылдарында Сарыкөл жерінде (Қостанай) өткен Шауыпкел батырдың асында Шәңкі бидің немересі Төкіш болыстың сұлу қызы Бәдігүл мен Байғасқа бидің қызы..........
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:04
  • 0
3096- рет көрілді

Көңіл айту (ғұрып).

Категориясы: Дәстүрлер » Қаза ғұрыптары


"Төңіректегі халық естіген беттерінде көңіл айтуға топырлап келіп жатыр" (Т.Әбдіков). Жақын адамы қайтыс болғанда оның туған-туысқандары мен таныстары, іліктері қазалы үйге әдейі барып бата жасап, көңіл айтады. Көңіл айтудың мәні — мұңды адамды жұбату, сергіту. "әженнің артынан өлмек жоқ" деп уайымға берілмеу жөнінде жаңашырлык ақыл-кеңестерін айтып, қайрат береді. Кайғыға берілген адамды кейбір өткір шешендер әрі мінеп, әрі сынап, әрі ұрсып тоқтатқан. Мысалы, Бағаналы Ерденнің баласы өлгенде басын көтере алмай қалғанда Таз Шоқай би былай деген екен:
— Уа, Ерден!
Басыңды көтер жерден!
Осы балаң өлмегенде
Кетіп едің керден.
Өзі беріп, өзі алды
Нең бар еді кұдайға берген?!
Балаң түгілі
Әкең Сандыбай да өлген.
Оны Шоқай көрген.
Жақсының басына іс түссе
Ойлай береді.
Көкті бу көтереді,
Жүкті нар көтереді,
Өлімді ер көтереді. Жақын-жуық немесе білетін адамдар қайтыс болғанда кісі орнына әдейі барып көңіл айтпаса, ол үлкен мін әрі ұят. Мұндай жағдайда қайтыс болған кісінің жақындары оған өкпелеуі, ұялтуы да мүмкін. Көңіл айта білу де — көргенділік.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:03
  • 0
2425- рет көрілді

Естірту

Категориясы: Дәстүрлер » Қаза ғұрыптары

Естірту (дәстүр). "Хабаршылар Ғалидың үйіне, Жаматдың үйіне кісі салып естіртті" (М.Дулатов). Ата-анасы, баласы немесе жақыны қайтыс болған жағдайда оны айтып жеткізуді "естірту" дейді. Естіртуші адам әлгі кісіге сыпайылап, тұспалдап жеткізіп, тоқтам айтып, оны бекем болуға шақырады. Кайғылы қазаны орынсыз жерде немесе жол-жөнекей, жеңіл-желпі айта салуға болмайды. Халқымызда естіртудің үлкен психологиялық, философиялық, классикалық үлгілері бар. Мысалы, "Жиреншеге Қарашаш сұлуды естірту", "Шынғысқа Шоқан өлімін естірту" сияқты. Естірту қазаға байланысты жерде ғана қолданылады.
Жандосұлы Келдібек Шоқан өлімін Шыңғысқа былай естіртіпті:
— Ұлы өлмеген руда жоқ,
Қызы өлген Қырымда жоқ,
Қатыны өлмеген халықта жоқ,
Ағасы өлмеген аймақта жоқ,
Інісі өлмеген елде жоқ,
Әкесі өлмеген әлемде жоқ,
Шешесі өлмеген пенде жоқ,
Аққу ұшып көлге кетті,
Дуадақ ұшып шөлге кетті,
Құдай бізге бір гауһар тас беріп еді,
Оны иесі өзі әкетті.
Шоқан деген балаңыз
Бәріміз баратын жерге кетті... Естірту көпті көрген, жөн-жосық пен сөзді білетін адамдарға тапсырылады.