"Әбіштің жаназасына Алматы халқы көп жиналды" (М. Әуезов). Қайтыс болған кісіні соңғы сапарға шығарып салу рәсімі. Жаназада өлген кісіге дәуір айналдырып, садақа беріп, құран шығарылады. Жиналған көпшіліктен "бұл кісі жақсы адам ба?" деп сұралады.
Оған "жақсы адам" деген жауап беріледі. Сол сияқты марқұмнан "ешкімнің алашағы, берешегі жоқ па" деп тағы да сұрайды. Алашағы бар адам сұрауға да, алуға да, кешіруге де хақысы бар. Оның ешқандай айып ерсілігі жоқ. Шариғат заңында осылай қаралған. Жаназа адамға жасалатын соңғы құрметтердің бірі.