Сүйекке кіру — деп қайтыс болған кісіні ақ жауып арулауды айтады. Бұған сүйекті жуудың жөнін білетін аруақтың өзі қатарлы адамдар кіреді. Сүйегіне кіретін адамдарды марқұмның өзі де айтып кетуі мүмкін. Бұған шариғат заңы бойынша әр рудан (атадан, ата ұлынан) бес не жеті кісі түседі. Олардың міндеті-аруақты жуып, тазарту. Бұдан кейін марқұм әйел болса бес қабат, еркек болса үш қабат ақ матаға ақиретке оралады.