» » » ШОҚАННЫҢ ҚАЗАСЫН ЕСТІРТУ
На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Жаңалыққа қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 16:07
4606- рет көрілді

ШОҚАННЫҢ ҚАЗАСЫН ЕСТІРТУ

Категориясы: Би-шешендер » XIX ғасыр

Шоқан қайтыс болғанда, Тезек төре оны Шыңғыс сұлтанға елдің басты адамдары арқылы естіртпек болады. Тезектің суыт хабарлауы бойынша, Атығай Келдібек би мен Әділбек батыр көп нөкер ертіп, Шыңғыс сұлтанның үйіне келіп түседі. Келсе, сұлтан іштей сескеіп отыр екен. Келдібек би ойлы пішінімен жадырай сөйлеп:
- Төре дүниеде не қымбат?-дейді.
- Адам қымбат,- депті Шыңғыс.
- Адамға не қымбат?
- Бала қымбат, егер сүйеніш перзент туса.
- Жансызда не қымбат екен?
- Жансызда гауһар қымбат деуші еді.
- Теңіздің тұңғиық түбінде жатқан сол гауһардың да иесі бола ма?
- Е, иесіз дүние бар дейсің бе, әр нәрсенің екі иесі бар ғой.
- Егер осы жанды-жансыз ең қымбаттыға сол екі иесі таласса, қайсысын алар еді?- дегенде, Шыңғыс төре: «Ең күштісі, алады» деп, өз санын өзі соғып ты да: «Менің гауһарым Мұххамед- Қанапияға тағдырдың оғы тиген екен ғой»,- деп өкәре жылап, жер бауырлап жатып қалыпты.
Келдібек би тоқтау айтып:
- Уа, сұлтан, бала сіздікі еді, бақыты халықтікі еді. Пұлсыз берді, құнсыз алды, не шара, - деп кемсендеп төңірегіне көз тастағанда үйдегілердің бәрі еңірепті.

















































































Құрметті кіруші! Сіз біздің сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге тіркелуді ұсынамыз немесе өз атыңызбен кіріңіз.
Хабарлау
Қонақтар тобындағы кірушілер бұл жарияламада пікір қалдыра алмайды.