На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Жаңалыққа қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 15:44
2991- рет көрілді

ҚУНАҚ БИ

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр


Ертеде бір қойшы бір атар қойын айдап келе жатса, қой тұяғына домалаған тас сайда тұрған түйеге тиіп, түйе арам қатады. Оның иесі малымды төлеп берсін деп шағым айтып, Албан – Қызыл бөрік Қунақ биге барады.
Қунақ би тұрып, түйенің иесіне:
- Тас бір отар қойдан құлады ма, әлде бір қойдан құлады ма? –дейді.
Түйе иесі:
- Бір отар ошарылып бір жерде тұр дейсің бе? Біреуінің тұяғынан шығар –дегенде, Қунақ би:
- Бір қойдың төрт аяғынан құлады ма екен, әлде бір аяғынан құлады ма екен?-дейді.
Түйе иесі:
- Төрт тұяғы бір жерде тұр дейсің бе, біреуінен құлаған шығар, - дейді.
Ол кезде бір түйе – жиырма бес қой, бес бесті атқа бағаланады екен. Есептей келгенде, қой тұяғы бір лаққа тең болып шығады. Сөйтіп өлген түйенің құны бір лақ болып шығыпты.
........................................................................................................................................
Бірде бай –болыстар Қунақ бидің жұпыны киімін келемеж қылыпты. Сонда Қунақ би тұрып:
- Ұзынды ұл киді,
- Қызылды қыз киді,
Менің киімім осы,
Басқаларды балалар киді,-
деп жауап берген екен.

Мақала белгілері: Қунақ би, қазақ би шешендері

Құрметті кіруші! Сіз біздің сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге тіркелуді ұсынамыз немесе өз атыңызбен кіріңіз.
Хабарлау
Қонақтар тобындағы кірушілер бұл жарияламада пікір қалдыра алмайды.