Бас парақ > XIX ғасыр > ШОҚАННЫҢ ҚАЗАСЫН ЕСТІРТУ
ШОҚАННЫҢ ҚАЗАСЫН ЕСТІРТУ25-10-2014, 16:07. Орнатқан: arystan |
Шоқан қайтыс болғанда, Тезек төре оны Шыңғыс сұлтанға елдің басты адамдары арқылы естіртпек болады. Тезектің суыт хабарлауы бойынша, Атығай Келдібек би мен Әділбек батыр көп нөкер ертіп, Шыңғыс сұлтанның үйіне келіп түседі. Келсе, сұлтан іштей сескеіп отыр екен. Келдібек би ойлы пішінімен жадырай сөйлеп: - Төре дүниеде не қымбат?-дейді. - Адам қымбат,- депті Шыңғыс. - Адамға не қымбат? - Бала қымбат, егер сүйеніш перзент туса. - Жансызда не қымбат екен? - Жансызда гауһар қымбат деуші еді. - Теңіздің тұңғиық түбінде жатқан сол гауһардың да иесі бола ма? - Е, иесіз дүние бар дейсің бе, әр нәрсенің екі иесі бар ғой. - Егер осы жанды-жансыз ең қымбаттыға сол екі иесі таласса, қайсысын алар еді?- дегенде, Шыңғыс төре: «Ең күштісі, алады» деп, өз санын өзі соғып ты да: «Менің гауһарым Мұххамед- Қанапияға тағдырдың оғы тиген екен ғой»,- деп өкәре жылап, жер бауырлап жатып қалыпты. Келдібек би тоқтау айтып: - Уа, сұлтан, бала сіздікі еді, бақыты халықтікі еді. Пұлсыз берді, құнсыз алды, не шара, - деп кемсендеп төңірегіне көз тастағанда үйдегілердің бәрі еңірепті. Кері қайту |