Шоқан қайтыс болғанда, Тезек төре оны Шыңғыс сұлтанға елдің басты адамдары арқылы естіртпек болады. Тезектің суыт хабарлауы бойынша, Атығай Келдібек би мен Әділбек батыр көп нөкер ертіп, Шыңғыс сұлтанның үйіне келіп түседі. Келсе, сұлтан іштей сескеіп отыр екен. Келдібек би ойлы пішінімен жадырай сөйлеп:
- Төре дүниеде не қымбат?-дейді.
- Адам қымбат,- депті Шыңғыс.
- Адамға не қымбат?
- Бала қымбат, егер сүйеніш перзент туса.
- Жансызда не қымбат екен?
- Жансызда гауһар қымбат деуші еді.
- Теңіздің тұңғиық түбінде жатқан сол гауһардың да иесі бола ма?
- Е, иесіз дүние бар дейсің бе, әр нәрсенің екі иесі бар ғой.