На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2012, 23:28
  • 0
12382- рет көрілді

Тобық жұту (дәстүр, ырым)

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Халықта қоян тобығын жұту ырымы ежелден бар дәстүр. Оның шарты тобықты жұтушы жас адам жұтар алдында:

Батыр болсам жүрегімнен шық,
Палуан болсам білегімнен шық,
Шешен болсам таңдайымнан шық
Бакытты болсам мандайымнан шық, — деп серттесіп барып жұтады.

Халық ұғымында тобық қасиетіне қарай әлгі адамның айтқан жерінен шығады деген түсінік болған.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2012, 23:27
  • 100
10294- рет көрілді

Тобық тығу

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Тобық тығу (дәстүр). "Қазақ дәстүрінде қыз бен жігіттің тобық алысуы құр ғана ойын емес, мұнда екі жастың өздері ғана түсінетін бір терең сыр да бар" (I. Есенберлин). Бұл серттесіп ойнаудың бір түрі. Мысалы, жігіт пен қыз тобық тығып алтын сағатқа немесе қалы кілем беруге серттеседі. Бір жылдан кейін бе, бес жылдан кейін бе тобықты тығуға алған жігіт кез келген уакытта, кез келген жерде "тобығымды бер" деген жерде қолына ұстата беруі керек. Егер жігіт тобықты тауып бере алмай қалса — ұтылғаны. Ол уәде бойынша серттескен затты беруі керек. Тобықты тығуға жігігтер де қатыса алады. Бұрын мұндай ойындар ел арасында көп болған. Бұл ойын ұқыптылыққа, бір сөзділікке тәрбиелейді. Мұның арты қыз бен жігіттің сүйіспеншілігіне, қосылуына жалғасады. Тобық тығуда қызықты оқиғалар да кездеседі. Солтүстік Қазақстан облысында бір жігіт сүйген қызына тобық ұсынған. Бірақ жігіт көп ұзамай Ұлы Отан соғысына аттанады. Үйіне "хабар-ошарсыз кетті" деген хабар келеді. Ал жігіт жау қолына түсіп тұтқында болады. Соғыстан кейін "тұтқында болды" деп еліне жібермей тағы айдалады. 12 жылдан соң еліне оралып, жігіт қыздан сертін сұрағанда салиқалы қыз тобықты ұстата беріпті. Содан екі жас қосыльш, тату-тәтті өмір сүріп кеткен екен (Ораз Ілиясұлы "Ана тілі" газетінен).
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2012, 23:25
  • 40
11457- рет көрілді

Қызойнақ

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Әке-шешелері жоқ кезінде бойжеткен қыздар оңаша калып, ойын-сауық ұйымдастырады. Оған (жасырын түрде) жігіттер де қатысады. Бұл мәжіліс құпия өтеді және оны ұйымдастырушылар тек қыздар болғандықтан "қызойнақ" деп аталған. Қызойнақ көп ұйымдастырылмайды, ата-ана оған өз қыздарының қатысуына қатаң тыйым салған. Оның мақсаты — қыздардың жеңілтектіктен немесе ұятты болып қалудан сақтандырады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2012, 23:19
  • 0
10126- рет көрілді

Қыз қуу

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

"Қыз қуу" дәстүрге де, ойынға да жататын казақ арасына кең тараған көңілді көрініс. Оның шарты — қыз атпен қашады, жігіт оны куып жетсе бетінен сүйеді де, кейін қашады. Енді қыз қуып жетсе, оны қамшының астына алады. Бұл қызықты дәстүр әлі де жалғасып келе жатыр.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2012, 23:13
  • 0
13787- рет көрілді

Мүше алу

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Ойын тойда, мерекеде жас жігіттер атпен келіп мүше сүрайды. Жеңгелері оған орамал, сақина айна т.б. мүше береді. Жігіт оны ала қашады. Басқа жігіттер оны қуып алып қалуға тырысады. Қашқан жігіт мүшені өзі ұнатқан қызға апарып береді.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2012, 23:09
  • 0
14038- рет көрілді

Біз шаншар

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Кең байтақ Қазақстан даласында салт-дәстүрлердің қызықты түрлері көп. Бірақ олар бір-бірінен онша алшақ емес. Соның бірі "біз шаншар". Еліміздің шығыс, оңтүстік жақтарында "жаушы" орнына осы "біз шаншар" салты қолданылады. Ақсақал-қарасақал аралас бір топ ер азамат бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды, ел шаруасын, амандық білген болып, қонақасын ішіп аттанып кетеді. Әдеп бойынша ел ішінде бір топ адам былай жүрмейді. Олар кеткеннен кейін отағасы мен отанасы конақтар отырған жерді қарап одан шаншулы бізді тауып алады. Бұл бізде ұл, сізде қыз бар, құда болайық" дегенді білдіреді.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2012, 17:17
  • 60
17374- рет көрілді

ҚАЗ ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК

Категориясы: Би-шешендер » XVII ғасыр

Қазақтың аса айтулы, айбынды, аруақты биінің бірі- Қаз дауысты Қазыбек. Оның өмірі негізінен қазақ-қалмақ шапқыншылықтары өршіп тұрған жаугершілік заманда өтті. Қазыбек есімі ел аузындағы әңгімелерде тарихи деректерде, көбінесе Абылай ханмен, Бұқар жыраумен қатар аталады, Халық оны «Қазып айтқан Қазыбек» – деп қастерлеген. Қазыбек бидің: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз;елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз» – деп келетін жай оғындай отты сөздерін жатқа білмейтін қазақ аз.
Қаз дауысты Қазыбек айтты деген аталы сөз ел ішінде көп сақталған. Қазыбек бидің тіршілік ортасы, өз тұлғасы жайлы мәнді әңгімелер халық жадында әлі де мол.
Қазыбек есімі халыққа қазақ пен қалмақ арасындағы шапқыншылық кезінде екі елдің арасында бітімші-бүтінші болған батыл елші, парасатты мәмілегер ретінде мәлім. Халық аңызына қарағанда, Қазыбек 14 жасында Тайкелтір би бастаған қазақ елшілерінің құрамында қалмақ ханы Қоңтәжіге барып, батылдығымен әрі сөзге шешендігімен ерекше көзге түскен. Қазыбектің табандылығы мен тапқырлығының арқасында ғана осы сапарда қазақ елшілері теңдікке жетіп, қалмақ шапқыншылары байлап әкеткен адамдарын, айдап әкеткен малдарын қайтарып алып қайтады, Қазыбек Қаз дауысты Қазыбек деген құрметті атаққа ие болады. Қаз дауысты Қазыбектің бұл елшілік еңбегін Шоқан Уалиханов та естіген. Ол XVIII ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар дейтін мақаласында былай дейді:Үш жүздің батырларынан сіз кімді артық көресіз деп Абылайдан сұрағанда, ол былай деп жауап беріпті: Бізге дейінгі екі кісіге таң қалуға болады. Олар тоқсан туысын тұтқыннан құтқарып қалған Қаракесек Қазыбек және тағы да сондай өзінің тұтқында кеткен адамдарын босатып алған Уақ Дербісәлі.Біріншісі Қалданның өз алдына барып босатып алған, ал соңғысы өз ауылында жатып дұшпанын қорқытып алдырған.
Артқа Алға