На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Жаңалыққа қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 26-10-2012, 23:27
10301- рет көрілді

Тобық тығу

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Тобық тығу (дәстүр). "Қазақ дәстүрінде қыз бен жігіттің тобық алысуы құр ғана ойын емес, мұнда екі жастың өздері ғана түсінетін бір терең сыр да бар" (I. Есенберлин). Бұл серттесіп ойнаудың бір түрі. Мысалы, жігіт пен қыз тобық тығып алтын сағатқа немесе қалы кілем беруге серттеседі. Бір жылдан кейін бе, бес жылдан кейін бе тобықты тығуға алған жігіт кез келген уакытта, кез келген жерде "тобығымды бер" деген жерде қолына ұстата беруі керек. Егер жігіт тобықты тауып бере алмай қалса — ұтылғаны. Ол уәде бойынша серттескен затты беруі керек. Тобықты тығуға жігігтер де қатыса алады. Бұрын мұндай ойындар ел арасында көп болған. Бұл ойын ұқыптылыққа, бір сөзділікке тәрбиелейді. Мұның арты қыз бен жігіттің сүйіспеншілігіне, қосылуына жалғасады. Тобық тығуда қызықты оқиғалар да кездеседі. Солтүстік Қазақстан облысында бір жігіт сүйген қызына тобық ұсынған. Бірақ жігіт көп ұзамай Ұлы Отан соғысына аттанады. Үйіне "хабар-ошарсыз кетті" деген хабар келеді. Ал жігіт жау қолына түсіп тұтқында болады. Соғыстан кейін "тұтқында болды" деп еліне жібермей тағы айдалады. 12 жылдан соң еліне оралып, жігіт қыздан сертін сұрағанда салиқалы қыз тобықты ұстата беріпті. Содан екі жас қосыльш, тату-тәтті өмір сүріп кеткен екен (Ораз Ілиясұлы "Ана тілі" газетінен).
Құрметті кіруші! Сіз біздің сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге тіркелуді ұсынамыз немесе өз атыңызбен кіріңіз.
Хабарлау
Қонақтар тобындағы кірушілер бұл жарияламада пікір қалдыра алмайды.