Мақалаға қатысты мәлімет
- Орнатқан: arystan
- Күні: 6-08-2012, 20:23
5743- рет көрілді
Категориясы: Ырымдар » Отқа, күнге, айға қатысты
• Отты шашуға, аттауға және басуға болмайды. Отты шашса, аттаса немесе басса, отбасының берекесі кетеді.
• Отқа түкірмейді. Қазақ халқында от қасиетті нәрсе болып саналады.
• Отты су құйып өшірмейді, өйткені оны қайта тұтату қиын болады.
• Түнде үйден күл шығармайды. Себебі күл төгілген жерді басуға тура келеді.
• Күл төгілген жерді басуға болмайды. Барлық жаманшылық күлмен кетеді, оны басу сол жаманшылықты үйіңе әкелгенмен бірдей.
Мақалаға қатысты мәлімет
- Орнатқан: arystan
- Күні: 6-08-2012, 20:22
5021- рет көрілді
Категориясы: Ырымдар » Жалпы ырымдар мен тыйымдар
• Жасы кіші болса да әкесі үлкен «Жолы үлкен» болып саналады. Яғни салт –дәстүрде жол, кезек соған беріледі.
• Қыз үйдегі келіндерден жоғары отырады. Қыздың ағаларынанда жоғары отыруға хақы бар. Өйткені «Қыздын жолы жінішке» дейді халық.
• Сәбиді бесікке салғанда жол құдағидыке деп саналады немесе сол елдің әжесіне, ел сыйлаған анаға береді. Бесікті отпен аластайды.
• Бата беру , ас қайыру қонақтардың намесе ақсақалдардың жолы үлкеннің үлесінде.
• Алыстан қонақ келсе, сол үйдің көршісі және ауыл ақсақалдары шақырылады. Сыйластық белгісі осыдан көрінеді. Алыстан келген қонаққа ауылдың үлкен-кішісі сәлем бегуге тиіс.
• Үй ге келген кісіге «Кімсің?» демейді, оны төрге шығарып, қонақасы береді.
• Туған –туысқанына, еліне келгендер алдымен ауылдын үлкеніне түседі немесе соларға сәлем береді.
• Көшіп келе жатқандарға «Көш оң болсын» деп ат жалдатып, дәм-тұз ұсынады.
• Байғазы, көрімдік, сүйінші сұрағандарды құр қол қалдырмайды. «Айттық» сұрағандарға айттық беру міндет.
• Үйге келген кісіге дәм ауыз тигізеді. Дәм қашанда достыққа, сыйластыққа шақырады.
• Үйге келген адам шаруасын тұрып айтпайды, отырып болғаң соң асықпай жеткізеді.
• Айпкер айыбын төлеп кешірім сұраса, қарсы жақ кешірім жасауға тиіс.
• Олжасын жолдасына ұсынады немесе бөліседі. Аты озып келгендер, күресте жыққан палуандар, женген ақындар алған бәсекесін елдің ақсақалдарына, үлкен шаныраққа байлаған.
• Жігіттің ата-анасымен танысуға келген қызға лайықты сый-сияпат ұсынады.
• Ауыр қылмыс жасағандар қатаң жазаланады намесе елден қуылады. Олардын артынан жұрт бір уыс топырақ шашады. Бұл- қылмысты қайта болдырмаудың жолы.
• Қонақ қондырмау, қонақ шақырмау ұлт дәстүрін силамайтын, жөн-жосықты білмейтіндердің ісі.
• Жетім баланын басынан сипау, жетімге көмек беру, қайыршыға садақа ұсыну, біліктілік пен адамгершіліктің белгісі.
• Қонаққа домалақ жілік, жамбастын құйымшағы салынбайды. Қазақ ұғымынды бұлар – кәдесіз. Қызға кәрі жілік ұсыну- әбестік. Ұзатылған қыздын күйеуіне төс тартылады. Ақты (сүт, айран,қымыз) жерге төкпейді. Малдың желіні кетеді.
• Елшіні өлтірмейді («Елшіге өлім жоқ» деген содан қалған).
• Тойға, қуанышқа құр қол бармайды. Той жасағандарға-«Тойхана», «сый-сиапат», мүшелі тойға –«сыйлық», үйлену тойына –«немеурін», құдалыққа –«киіт» апарады.
• Көшіп келген отбасына тұрғылықты жұрт «ерулік» береді. Көшкен отбасы коршілеріне «айырылысар көже» береді.
• Келген кісіге үй иесі окпесін айтпайды.
• Сәрсенбі – сәтті күн. Қазақ игі істерді қызық –қуанышты осы күні бастайды. Сейсенбі-сәтсіз күн. Сапарға шықпайды, іс бастамайды. Бейсенбі, жұма – исламның қасиетті күні. Бұл күні әр адам әруақтарды еске алады, дұға бағыштайды.
Мақалаға қатысты мәлімет
- Орнатқан: arystan
- Күні: 6-08-2012, 20:21
4030- рет көрілді
Категориясы: Ырымдар » Жалпы ырымдар мен тыйымдар
• Батырлар өз қаруларын қасиетті санап, сыйынған, оларды қастерлеп, әрқайсысына жеке ат қойған (мысалы: ақберен, наркескен т.б.)
• Садақ пен қылыш - белге, найза қолдың қарына ілінген, айбалта ердің қасына байланып, шоқпар тақымға қыстырылған.
• Соғысқа кірер алдында батырлар қаруларына мадақ айтып, серттескен.
• Ерте кезде қаруда батырдың жаны болады деген сенім болған.
• Батырдың қаруын мұрагері өскенше сақтап, әкеден балаға мирас еткен.
• Батырдың қаруын ешқашан қадірсіз іске қолданбаған.
• Батырларға арналған қарулар сәнді де қымбат тұрған. Сондықтан қылыш, айбалта, шоқпар тәрізді қаруларды елшіліктерге барғанда, лауазым дәрежесін бергеңде, т.б. жайларда бағалы зат ретінде сыйға тартқан.
• Жорық кезінде демалуға тоқтағанда, түнегенде, күзетте тұрғанда батырлар найзаларын жерге шаншып, басқа қаруларын соған іліп қоятын болған.
• Жорыққа шықпаған кезде садақ, қылыш, айбалта, шоқпар үйдің керегесінде ілулі тұрған, ал найза, сүңгі үйдің сыртындағы белдеуге қыстырылған. Соған қарап батырдың үйде екенін білген.
Мақалаға қатысты мәлімет
- Орнатқан: arystan
- Күні: 6-08-2012, 20:19
10044- рет көрілді
Категориясы: Ырымдар » Жалпы ырымдар мен тыйымдар
Қазақта жыл басы наурыз айының 22-мен басталады.
Он екі жыл бір айналғанда бір мүшел толды есептеледі. Жыл басы «тышқан» саналады.
Кестеде кәзіргі жыл санауы мен ескі жыл қайыру қатар берілген. Сол арқылы әркім ескіше жыл қайыру әдісімен қазақтың жыл санауы бойынша өзінің қай жылы туылғанын және неше мүшелге толғанын біле алады.
1. Тышқан 1948 1960 1972 1984 2008
2. Сиыр 1949 1961 1973 1985 2009
3. Барыс 1950 1962 1974 1986 2010
4. Қоян 1951 1963 1975 1987 2011
5. Ұлу 1952 1964 1976 1988 2012
6. Жылан 1953 1965 1977 1989 2013
7. Жылқы 1954 1966 1978 1990 2014
8. Қой 1955 1967 1979 1991 2015
9. Мешін 1956 1967 1980 1992 2016
10. Тауық 1957 1968 1981 1993 2017
11. Ит 1958 1969 1982 1994 2018
12. Доңыз 1959 1970 1983 1995 2019
Мақалаға қатысты мәлімет
- Орнатқан: arystan
- Күні: 6-08-2012, 20:18
11884- рет көрілді
Категориясы: Ырымдар » Ыдыс-аяқ, тамаққа қатысты
• Тойға немесе асқа қымыз әкелген сабаны біржолата сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір ожау болса да қымыз қалуы керек.
• Жерге төгілген ақты (сүт, айран) басуға болмайды. Сүт төгілген жерге тұз себеді. Іркітті ашық далада піспейді, құты кетіп қалады.
• Сауылған сүттің бетін ашып қоюға болмайды. Беті ашық қалса, шаң-тозаң немесе улы жәндіктер түсіп кетіп, сүтті бүлдіреді.
• Сүтті үрлеп ішпейді, майлылығы азаяды.
• Сүттен жасалған тағамдарды жерге түкіріп тастауға болмайды. Сүт тағамдарын жерге түкіріп тастау күнә болып саналады.
• Сүт сауатын шелекті су басына апармайды, құты кетіп қалады.
• Ақтың жуыңдысын адам жүретін жерге төгуге болмайды.
• Малдың бірінші сауымынан алынған майды асқа қолданбайды. Онымен босағаны, табалдырықтың жоғарғы бөлігін майлайды.
Мақалаға қатысты мәлімет
- Орнатқан: arystan
- Күні: 6-08-2012, 20:16
16769- рет көрілді
Категориясы: Ырымдар » Ыдыс-аяқ, тамаққа қатысты
• Қолды жумай тамақ жеуге болмайды. Тамақ жеудің алдында және соңында қонақтардың қолына жылы су құйылады. Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады. Қол жуғанда қолдың әрбір саусағын жеке-жеке жуады.
• Дастарқан басында адамдар жасына қарай отырады. Тамақ әуелі үлкен кісінің алдынан бастап қойылады.
• Тамақты асықпай ішеді. Тамақ ішер алдыңда «Бисмиллаһи рахмани рахим» деп нанды сындырып, ауыз тигеннен кейін басқа тағамды жейді. Бұл сөз «Мейірімді Алланың атымен бастаймын» дегенді білдіреді.
• Тамақты оң қолдың үш саусағымен алады және әркім өз алдынан жейді.
• Ыстық тамақты, шайды үрлеп суытпайды. Тамақтың құты кетеді.
• Тамақты және шайды өте ыстық немесе салқын күйінде ішуге болмайды. Тамақты аз-аздан алып, асықпай шайнап жейді.
• «Нан қатты екен», «шала піскен», «күйіп кеткен», «езіліп кеткен» т.б.
сөздерді айтып нанды, тамақты сынамайды. Нанды, тамақты сынау - ашаршылықты шақыратын жаман ырым. «Ас-адамның арқауы» саналады. Асты жамандаған аштан өледі деп жориды.
• Тамақты шынтақтап жатып, түрегеп тұрып немесе тым еңкейіп отырып жеуге болмайды. Тамақты отырып жеген дұрыс.
• Дастарқан басында мағынасыз әңгімелер айтуға болмайды. Тамақтану кезінде әрбір адам өзін-өзі ұстай білуі, мүмкіндігінше аз сөйлеуі тиіс.
• Бейіт басында немесе жанында тамақ жеуге болмайды. Ал көшеде, базарда, көлікте мүмкіндігінше көпшіліктің назарын аудартпай тамақтанған дұрыс.
• Жуылмаған көкөніс пен жеміс-жидектерді жеуге болмайды. Өйткені жуылмаған тамақтан адам ауруға ұшырайды.
• Тамақ жеп отырған адамды орнынан қозғаған әдепсіздік болып саналады.
• Қонақ адам тамақты тәбетіне орай, өз қалауынша жегені дұрыс. Оған тамақты зорлықпен алдыру әдепсіздік болып саналады.
• Тамақты, нанды қалдырмай, тауысып жеп қою керек. «Жаманнан жарты аяқ ас қалар» деген сөз бекер айтылмаған.
• Тамақ ішіп болғаннан соң тұрып кетуге болмайды. Өйткені тамақтану соңында ас қайырылып, бата беріледі. Үй иесіне жақсы тілек айтылады.
• Ас ішіп болған соң, «тойдым» демейді, «қанағат» деген жөн.
• Дастарқан басында отырған қонақты санамайды. Қонақты санау жаман ырым саналады.
• Дастарқан аттаған әдепсіздік болып саналады.
• Әкесі тірі бала бас ұстамайды. Егер бала бас ұстаса, әкесі өліп қалады деген ырым бар.
• Тамаққа қарай түшкіру әдепсіздік болып саналады.
• Тамақ пісіргенде асқа шаш түсіп кетпес үшін шашты орамалмен байлап алу керек.
• Балаға ми жегізбейді. Ми жеген бала мидай былжыр, ынжық болады деп сана-лады.
• Жас балаға бұғана ұстатпайды. Бұғана ұстаса, бойы өспей қалады деп жорыған.
• Қызға кәрі жілік ұстатпайды. Кәрі жілік ұстаса, күйеуге шықпай, оң жақта көп отырып қалады.
• Ішіп отырған шайға сама (сәме) түссе, қонақ келеді.
• Шашалған адамға «май қап» дейді.
• Ет турағанда бір кесек ет қалып қалса, ет тураушыға өтірік айтатының бар екен дейді.
• Қазақ тұзды бейберекет шашпайды. Себебі, барлық тағамдар тұзсыз дәмі жоқ. «Астың иманы- тұз» деп қарайды.
• Асқа тойға арнайы әкелінген қымызы толы сабаны түгел сарқлайды. Түбінде азғантай болса да сарқыт салуға тиіс. Себебі, саба кеуіп, семіп қалмасын, саба кепсе, малдың желіңі семіп, сүті тартылады, құт-береке келеді, сарқыт ішер жан қалмайды деп ырымдаған.
• Қазақ нанды баспайды. Нан аса қасиетті деп есептеледі. Нанды басқанда құдай атады, қарғысқа ұшырайды.
• Тамақты тек қана оң қолмен жеу керек. Сол қолмен жеген ас сіңімді болмайды деп ұйғарылады.
• Түнде беті ашық қалған асты жемейді. Себебі, мұндай ас бұзылады,айниды. Асқа сайтан сарыды деп ұйғарылады.
• Жауырынды мұжып болған соң, етек жағын жарып ,ашып тастайды,әйтпесе жол бітеді, жол азабы көбейеді, жол тұйыққа тіреледі.
• Қазақта «Ақты телміртпе» деген сөз бар. Алдыға қойылған айран, сүт, қымыз секілді тағамдарды көп тостырмай, тез ішу керек. Ақ көп телмірсе, аққа адамда телміріп, зарығатын болады деп ырымдалады.
• Ас тамақтан, жел-құздан, иіс-қоқыстан ұшынған адамдарды ұшықтау ертеден келе жатқан емдеу тәсілі. Жығылған адамның бір жері ауырып қалсада, сол жерде: «Кет, пәле кет, кет», «ұшық-ұшық» деп ұшықтайды. Науқас адамды күн батар алдында жерге жатқызып ұшықтайды, үйге әкеліп жылы жауып тастайды.
• Торқалы тойдың, өлім қазаның ас-суы елге үлестіріледі. Бұл - береке сақталсын, дәм-тұз таусылмасын, қазан қаңсымасын дегені.
• Сый табақпен екі кәрі жілік бірге тартылса, қонақ қуанады. Жол оң болады деп жориды. Байлық, бақ қонады деп иланады.
• Соғым сойған күні тоқпан жілік асылады. Үйдегілер иті тоя жейді. Бұл тоқшылық, молшылық болсын деген ниетті білдіреді.
• Қазақта үйге кірген адам еш болмаса нан ауыз тиюі керек
Мақалаға қатысты мәлімет
- Орнатқан: arystan
- Күні: 6-08-2012, 20:15
5136- рет көрілді
Категориясы: Ырымдар » Өлікке қатысты
Тыйымдар
• Әл үстіндегі адам о дүниеге аттанар алдында қатты қиналып жатса, дауыс көтеріп жылауға болмайды. Ол тірілерді қия алмай киналады.
• Мәйіттің кебінін жиі тікпейді, үйден өлік шығуы жиілеп кетеді.
• Баласы қайтыс болған әйелдің көп жыламағаны жөн. Ол о дүниеге әке-шешесін күтіп алуға кетеді. Ал әке-шешесі көп жылай берсе, көз жасынан пайда болған көлге батып кетіп, әке-шешесін күтіп ала алмайды.
• Өлік жатқан жерді қырық күнге дейін басуға болмайды. Бұл күндері өлік жатқан жерде қайтқан адамның иесі жүреді.
• Өлік шығарылып әкетілісімен үй жинаса, әруағы риза болмайды.
• Адам өлімі туралы хабарлап (естіртіп емес) жүрген хабаршы табалдырықтан айтып қана кетеді, үйге кіріп, тамақ ішпейді. Бүл «үйге жаманшылық кірмесін» деген ырым.
• Өлік иесіне көңіл айтып келе жатып, жолда баска үйге кіріп тамақ ішуге болмайды. Бүл да «үйге жаманшылық кірмесін» деген ырымнан туған, Жаназа шығарылып жатқанда жалаңбас отырса, әруақтар риза болмайды.
• Өлген адамга дауыс көтеріп жоқтап жылағаннан кейін беті-қолды жумай тамақтан дәм тату күнә болып саналады.
• Өлген адам тірі кезінде пендешілікпен істеген жамандықтарын еске алып, ауыр сөздер айтса, о дүниеде жаны қиналады.
• Қабірдің топырағын үйгенде топырақ тастаушылар күректі аяқпен баспайды және бірінің қолынан бірі күректі алмайды, тек жерден ғана көтеріп алады. Бүл «өлім-жітім аз болсын» деген ырым.
Мақалаға қатысты мәлімет
- Орнатқан: arystan
- Күні: 6-08-2012, 20:13
7300- рет көрілді
Категориясы: Ырымдар » Ыдыс-аяқ, тамаққа қатысты
• Ыдыста ашық қалған тағамды жаратуға болмайды. Халық ұғымыңда ашық қалған тағамды жын-шайтан жалап кетеді деп санайды.
• Су құйылған немесе тағам салынған ыдыстың бетін ашық қалдыруға болмайды.
• Ыдыстың беті ашық қалса, улы жәндіктер түсіп кетіп, суды немесе тағамды бүлдіреді.
• Егер көршілер тамақ әкелсе, ыдысын бос қайтармайды. Бос қайтару көргенсіздік болып саналады.
• Бие сауатын көнекті төңкермейді және түбін таяқпен немесе қолмен ұруға болмайды. Ырыс-несібе кетеді.
• Қазанды ашық қалдыруға, төңкеруге болмайды. Халық ұғымыңда ашық қалған қазанды жын-шайтан жалап кетеді деп саналады.
• Қазанды төңкеріп қойса, ырыс-несібе кетеді.
• Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоймайды. Ол ырысыңның таусылғанын білдіреді.
• Қонаққа кетік кесеге шай құюға болмайды. Бұл қонақты құрметтемеу болып саналады.
• Ішінде не бары білінбейтін ыдыстан ішуге болмайды. Ақ шыныдан жасалған ыдыстан ғана ішеді.
• Ыдыстан су ішерде азырақ төгіп жіберу қажет.
• Мыс және қола ыдыстарды тамаққа пайдалануға болмайды. Мұндай ыдыстарда тағам бүлінеді.
Мақалаға қатысты мәлімет
- Орнатқан: arystan
- Күні: 6-08-2012, 20:09
14228- рет көрілді
Категориясы: Ырымдар » Ыдыс-аяқ, тамаққа қатысты
• Пышақ қауіпті зат болғандықтан, онымен ойнауға, жүзін жалауға, адамға кезенуге болмайды. Сол себепті де оны сыйға бермейді және сұрап, қалап алмай-
• ды.
• Біреуге пышақ ұсынса ұшын - өзіне, сабын кісіге қаратып береді.
• Ет кескенде қатар отырған екі кісінің біреуі ғана пышақ ұстайды.
• Біреудің пышағымен ет кескенде құры қайтармайды. Ұшына май немесе ет шаншып береді.
• Бір нәрседен шошынғанда пышақты жастықтың астына қойып ұйықтайды.
• Мал баққан адам құр қол жүрмейді, қынды пышақ алып жүреді.
• Пышақтың жүзін көкке қаратып қоймайды. Бұл үйдің малы не жаны пышаққа түссін деген жаман ырымды білдіреді.
• Жақын адамнан пышақ, ине алмайды. Аралары суып кетеді.
Мақалаға қатысты мәлімет
- Орнатқан: arystan
- Күні: 6-08-2012, 20:08
7528- рет көрілді
Категориясы: Ырымдар » Жалпы ырымдар мен тыйымдар
Тыйымдар
• Белді таянбайды. Себебі жақын адамы қайтыс болғанда жоқтау айтып жылаған әйел ғана белін таянады.
• Жақты таянбайды. Қайғы-қасіреттен әбден қажыған адам ғана жағын демеу етіп, таянады.
• Жер таянып отырмайды. Жақынынан айырылған адам ғана жер таянады.
• Бетті басуға болмайды. Қайғы-қасіреттен қажыған адам ғана бетін басады.
• Қолды тарақтауға, артқа қусырып жүруге болмайды. Бүл - қолы байланған түтқынды еске салатын жаман ырым.
• Белді босқа буынбайды. Өмірінде перзент көрмеген адам ғана белін босқа буынады.
• Тізені, табанды тартуға болмайды. Ауруға шалдыққанда ғана тізе мен табанды тартады.
• Тізені қүшақтамайды. Бүл - «Үрпақсыз қалдым», «Қу тіземнен басқа қүшақтар қалмады» деген жаман ырымды білдіреді.
• Жуған қолды сіліксе, ырыс-несібе кетеді.
• Адамға қарап қолды шошайту әдепсіздік болъш саналады.
• Саусақты, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды, бүл да әдепсіздік белгісі.
• Екі қолды төбеге қойып отыруға болмайды. Басына қайғы-қасірет түскен адам ғана екі қолын төбесіне қойып отырады.
• Аяқ-қолды жіппен байлауға болмайды. Себебі бүл қол-аяғы байланған түтқынды еске салады.
• Басты шайқауға, тісті қайрай беруге болмайды. Жүйке ауруына шалдыққан адам ғана осылай істейді.
• Тандай қағуға болмайды. Үй ішінде тандай қаға беру - жаманшылық (өлім-жітім) шақыру белгісі.