» » » ТАМАҚКА КАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР
На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Жаңалыққа қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 20:16
16768- рет көрілді

ТАМАҚКА КАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

Категориясы: Ырымдар » Ыдыс-аяқ, тамаққа қатысты


• Қолды жумай тамақ жеуге болмайды. Тамақ жеудің алдында және соңында қонақтардың қолына жылы су құйылады. Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады. Қол жуғанда қолдың әрбір саусағын жеке-жеке жуады.
• Дастарқан басында адамдар жасына қарай отырады. Тамақ әуелі үлкен кісінің алдынан бастап қойылады.
• Тамақты асықпай ішеді. Тамақ ішер алдыңда «Бисмиллаһи рахмани рахим» деп нанды сындырып, ауыз тигеннен кейін басқа тағамды жейді. Бұл сөз «Мейірімді Алланың атымен бастаймын» дегенді білдіреді.
• Тамақты оң қолдың үш саусағымен алады және әркім өз алдынан жейді.
• Ыстық тамақты, шайды үрлеп суытпайды. Тамақтың құты кетеді.
• Тамақты және шайды өте ыстық немесе салқын күйінде ішуге болмайды. Тамақты аз-аздан алып, асықпай шайнап жейді.
• «Нан қатты екен», «шала піскен», «күйіп кеткен», «езіліп кеткен» т.б.
сөздерді айтып нанды, тамақты сынамайды. Нанды, тамақты сынау - ашаршылықты шақыратын жаман ырым. «Ас-адамның арқауы» саналады. Асты жамандаған аштан өледі деп жориды.

• Тамақты шынтақтап жатып, түрегеп тұрып немесе тым еңкейіп отырып жеуге болмайды. Тамақты отырып жеген дұрыс.
• Дастарқан басында мағынасыз әңгімелер айтуға болмайды. Тамақтану кезінде әрбір адам өзін-өзі ұстай білуі, мүмкіндігінше аз сөйлеуі тиіс.
• Бейіт басында немесе жанында тамақ жеуге болмайды. Ал көшеде, базарда, көлікте мүмкіндігінше көпшіліктің назарын аудартпай тамақтанған дұрыс.
• Жуылмаған көкөніс пен жеміс-жидектерді жеуге болмайды. Өйткені жуылмаған тамақтан адам ауруға ұшырайды.
• Тамақ жеп отырған адамды орнынан қозғаған әдепсіздік болып саналады.
• Қонақ адам тамақты тәбетіне орай, өз қалауынша жегені дұрыс. Оған тамақты зорлықпен алдыру әдепсіздік болып саналады.
• Тамақты, нанды қалдырмай, тауысып жеп қою керек. «Жаманнан жарты аяқ ас қалар» деген сөз бекер айтылмаған.
• Тамақ ішіп болғаннан соң тұрып кетуге болмайды. Өйткені тамақтану соңында ас қайырылып, бата беріледі. Үй иесіне жақсы тілек айтылады.
• Ас ішіп болған соң, «тойдым» демейді, «қанағат» деген жөн.
• Дастарқан басында отырған қонақты санамайды. Қонақты санау жаман ырым саналады.
• Дастарқан аттаған әдепсіздік болып саналады.
• Әкесі тірі бала бас ұстамайды. Егер бала бас ұстаса, әкесі өліп қалады деген ырым бар.
• Тамаққа қарай түшкіру әдепсіздік болып саналады.
• Тамақ пісіргенде асқа шаш түсіп кетпес үшін шашты орамалмен байлап алу керек.
• Балаға ми жегізбейді. Ми жеген бала мидай былжыр, ынжық болады деп сана-лады.
• Жас балаға бұғана ұстатпайды. Бұғана ұстаса, бойы өспей қалады деп жорыған.
• Қызға кәрі жілік ұстатпайды. Кәрі жілік ұстаса, күйеуге шықпай, оң жақта көп отырып қалады.
• Ішіп отырған шайға сама (сәме) түссе, қонақ келеді.
• Шашалған адамға «май қап» дейді.
• Ет турағанда бір кесек ет қалып қалса, ет тураушыға өтірік айтатының бар екен дейді.
• Қазақ тұзды бейберекет шашпайды. Себебі, барлық тағамдар тұзсыз дәмі жоқ. «Астың иманы- тұз» деп қарайды.
• Асқа тойға арнайы әкелінген қымызы толы сабаны түгел сарқлайды. Түбінде азғантай болса да сарқыт салуға тиіс. Себебі, саба кеуіп, семіп қалмасын, саба кепсе, малдың желіңі семіп, сүті тартылады, құт-береке келеді, сарқыт ішер жан қалмайды деп ырымдаған.
• Қазақ нанды баспайды. Нан аса қасиетті деп есептеледі. Нанды басқанда құдай атады, қарғысқа ұшырайды.
• Тамақты тек қана оң қолмен жеу керек. Сол қолмен жеген ас сіңімді болмайды деп ұйғарылады.
• Түнде беті ашық қалған асты жемейді. Себебі, мұндай ас бұзылады,айниды. Асқа сайтан сарыды деп ұйғарылады.
• Жауырынды мұжып болған соң, етек жағын жарып ,ашып тастайды,әйтпесе жол бітеді, жол азабы көбейеді, жол тұйыққа тіреледі.
• Қазақта «Ақты телміртпе» деген сөз бар. Алдыға қойылған айран, сүт, қымыз секілді тағамдарды көп тостырмай, тез ішу керек. Ақ көп телмірсе, аққа адамда телміріп, зарығатын болады деп ырымдалады.
• Ас тамақтан, жел-құздан, иіс-қоқыстан ұшынған адамдарды ұшықтау ертеден келе жатқан емдеу тәсілі. Жығылған адамның бір жері ауырып қалсада, сол жерде: «Кет, пәле кет, кет», «ұшық-ұшық» деп ұшықтайды. Науқас адамды күн батар алдында жерге жатқызып ұшықтайды, үйге әкеліп жылы жауып тастайды.
• Торқалы тойдың, өлім қазаның ас-суы елге үлестіріледі. Бұл - береке сақталсын, дәм-тұз таусылмасын, қазан қаңсымасын дегені.
• Сый табақпен екі кәрі жілік бірге тартылса, қонақ қуанады. Жол оң болады деп жориды. Байлық, бақ қонады деп иланады.
• Соғым сойған күні тоқпан жілік асылады. Үйдегілер иті тоя жейді. Бұл тоқшылық, молшылық болсын деген ниетті білдіреді.
• Қазақта үйге кірген адам еш болмаса нан ауыз тиюі керек
Құрметті кіруші! Сіз біздің сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге тіркелуді ұсынамыз немесе өз атыңызбен кіріңіз.
Хабарлау
Қонақтар тобындағы кірушілер бұл жарияламада пікір қалдыра алмайды.