На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 3-08-2012, 16:32
  • 100
9002- рет көрілді

АЛТЫБАЙ ШЕШЕН

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр

Қыпшақ Алтыбай деген кісі жасынан зерек, шешен, суырып салма ақын болыпты. Сол Алтыбай ақын 16-17 жасар кезінде кісі өліміне байланысты үлкен дауға қатысып, шешендік-тапқырлықпен екі жақты бітімге келістірген деседі.
Тобықты елінің бір топ адамдары жылқы жоғалтып, жоқ іздеп жүріп, Қаракесек –Шаншар еліндегі бір байдың үйіне қоныпты. Байдың үйінде тоқалдыққа ұзатқалы отырған бойжеткен қызы бар екен. Сол қызбен жолаушылардың бірі – Байтен деген жігіт танысып, көңіл қосып қалыпты, ертеңінде түн ішінде келіп Тобықты жігіттері әлгі қызды алып қашып кетіпті. Артынан шыққан қуғыншылардың біреуі – Ақшал Шаған өзеніне суға кетіп, қаза табады. Қуғыншылардың амалсыз кейін қайтқанын естіген Қаз дауысты Қазыбек бидің немересі Тіленші би екі жүздей қол жинап, Тобықтыны шабамыз деп атқа мініпті.
Осы хабарды естіген Кеңгірбай, Көбей билер не істейміз деп ақылдасса керек. Кеңгірбай бидің қартайып қалған кезі екен,
Менің атым арып,
Тоным тозған шағым ғой.
Тапқыр едің Көбейім,
Бұлбұл еді көмейің
Көріп тұрсың жайымды,
Тіленшіге не дейін –
депті Кеңгірбай Көбейге. Әлгі бір сылдыр көмей, жез таңдай неме қайда деп, 16 жасар Алтыбайды шақырып алып: «Мен сені екі ел егес болатын қиын дауға жұмсайын деп отырмын, соны тиянақтап, шешімге келтіреді деп сенемін. Енді, жорғаңа мін, оң қолыңа қамшы, сол қолыңа сойыл іл. Қаракесек Тіленші би екі жүз адаммен елімізді шапқалы келе жатыр деген хабар келді. Солардың алдынан шығып, Шаған өзеніне жеткізбей тосып ал» дейді де, Тіленші бидің жағдайын қысқаша түсіндіріп, Алтыбайға айтып береді. Алтыбай ақын Көбейдің тапсырмасын қабыл алады. Келе жатқан қолды көріп, жаяулап келіп Тіленшіге сәлем беріп:
Мен Алтыбай бала өлеңші,
Сіз Бекболат ұлы Тіленші.
Сіз аларына келгенде,
Ана тегің болмаса,
Біз бұзушы еренші.
Ата тегің жақсы еді-ау,
Әділдіктен бұзылдың.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 3-08-2012, 16:28
  • 80
6812- рет көрілді

АҢҚАУЛЫҚ, КІШІПЕЙІЛДІЛІК, СЫПАЙЛЫҚ

Категориясы: Мақалдар » Аңқаулық, бақыт, ұрпақ, мейірімділік

Екі кісі сығылысса,
Бір кісілік орын бар.
..............................................
Дастарқан басында отырып,
Қонақ аяғын алысқа көсілмес.
...............................................
Есекке күміс ер жараспас.
..........................................
Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп,
Құлағынан айырылыпты.
..........................................
Әншейінде ауыз жаппас,
Айт дегенде ауыз ашпас.
.............................................
Сүт сұрай келіп, шелегіңді жасырма.
.............................................
Сыпайы сырын жасырмас,
Пұшық мұрнын жасырмас.
..............................................
Көптен дәметкен, аздан құр қалар.
..........................................
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 3-08-2012, 16:17
  • 0
10399- рет көрілді

БЕЙБІТШІЛІК, ТЫНЫШТЫҚ

Категориясы: Мақалдар » Тәкәппарлық, үйлену, арман, бейбітшілік

Ер шекіспей, бекіспейді.
.........................................
Сөздің басы қатты болса, аяғы тәтті болады.
..........................................
Суды кұм бөгейді
Дауды қыз бөгейді.
...................................
Жел дауылдың шақырушысы.
.......................................
Шөптің басы жел тұрмаса қимылдамайды.
....................................
Тек жүрсең тоқ жүрерсің.
...........................................
Мұрын болмаса, екі көз бірін бірі шұқыр етеді.
...............................................
Ұрыс бар жерде ырыс тұрмайды.
...................................................
Сүзеген бұқа мүйізін жасырмайды.
....................................................
Оқтаулы мылтық мың күн тұрса, өзі атылады.
.............................................
Қияңқы байтал екі айғырды қырқыстырады.
............................................
Қылыш түбі — ұрыс.
.........................................
Қылыштың міндеті—кесу,
Қолдың міндеті — шешу.
.....................................................
Күшті қауіпті емес, кекшіл қауіпті.
.............................................
Итпен ит ырылдасса — тамағының тоқтығы,
Жігітпен жігіт қырындасса — ынтымағының жоқтығы.
....................................................

Күндес – күнде өш.
.......................................
Ел болам десең достас,
Қор болам десең қастас.
............................................
Оң қолыңа сол қолың арашашы болсын.
.............................................
Алысты жақындататын ат.
Жақынды алыстататын жат.
............................................
Ұрыспай айрылған ұялмай қосылады.