На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 19:43
  • 20
6930- рет көрілді

Тыйым

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері


Тыйым (дәстүр, тәрбие). "Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю" (мақал). Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі — тыйым, яғни тыйым сөздер. Бұл — балалар мен жастарға "жирен жаман әдеттен" дегендей жаман істерден сақтандырып, жақсылыққа еліктеу, бейімдеу мақсатынан шыққан таза халықтық педагогикалық ұғым. Міне, осы арқылы олар әркімді теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Халық ұғымында тізені құшақтау — жалғыз қалудың, үлкеннің жолын кесу — әдепсіздіктің, қолды төбеге қою — ел-жұрттан безінудің, асты төгу — ысыраптың белгісі деп таныған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салған. Ел ішінде тыйым түрлеріне байланысты сөздер көптеп саналады.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 19:39
  • 0
8498- рет көрілді

Аузына түкірту

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Аузына түкірту (ырым). Ертеден келе жатқан ырым бойынша қазақтар белгілі батырлар мен билерге, ақындарға, тағы басқа елге белгілі адамдарға жас сәбидің аузына түкіртіп немесе оның отырған орнына аунатып алатын болған. Оның мақсаты — сәби сол адамдардай өнегелі кісі болсын деген ұғымнан туған
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 19:37
  • 0
10271- рет көрілді

Құлақ тесу

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері


Қыздың құлағын тесу — дәстүрге енген ежелгі ғұрыптың бірі. Әдетте бойжеткеннің немесе балиғатқа толған қыздың (9 жас, кейде одан да ертерек) құлағын тесу үшін қыздың шешесі, жеңгелері, апалары жиналады. Құлақты уқалап, жанын кетіріп, қыздырылған жуан инемен немесе кәдімгі тарымен теседі. Ол үшін екі тарыны кұлақтың сырғалығының екі жағынан бірінің тұсына бірін дәл келтіріп уқалайды. Бір қызығы тесілген кұлаққа қызыл иттің жүнін есіп өткізеді. Үлкен кісілер иттің жүнін өткізсе "кұлақ іспейді, қотырланбайды, жара түспейді" дейді. Мүмкін мұның да себебі бар шығар. Өйткені қазынасы кең халық емдік құпиялардың да бір сырын білетін болар... Халық ұғымында қыздың кұлағын тесу — оны сүндеттеумен бірдей деген қағида бар. Бұл — халық сөзі.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 9-12-2012, 18:25
  • 0
19701- рет көрілді

Сүндеттеу (салт)

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Еркек баланы тақ жасында яғни 3, 5, 7 жасында сүндетке отырғызады. Бұл мұсылман елдерінде ғана емес басқа діндегі елдерде де бар. Сүндеттеудің денсаулыққа, тазалыққа да пайдасы зор. Баланы сүндеттеу — үлкен рәсім. Ол — әр ата-ананың борышы. Бұл рәсімнің "сүндет тойы" деген сияқты жөн-жоралары болады, "кайырлы, құтты болсын" айтылып, шашу шашылады. Сүндет міндеті бұрын қожа, молдаларға ғана тапсырылса, қазір оны дәрігерлер де жасай береді. Бұрынғы кезде ауқатты адамдар бала сүндеттегенде үлкен той жасаган. Оны "сүндет тойы" деп атайды. Бұл дәстүр оңтүстікте әлі де сақталған.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 9-12-2012, 18:13
  • 0
30003- рет көрілді

Көгендік (салт)

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Туыс, ілік, жұрағат адамдардың қонаққа келгенде оның баласына ескерткіш, сый ретінде берілетін мал (қой, қозы, бұзау, тай, бота, тайлақ, ат). Бұл үшін сый, қуаныш болса, оның ата-аналары үшін құрметтеудің белгісі десе де болады. Көгентүп беруді малды ауылдардың әлі де пайдаланып жүргені жақсы, жарасымды салттарының бірі.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 27-10-2012, 00:13
  • 60
38774- рет көрілді

Шілдехана

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Кей жерлерде "шілделік" деп те атайды. Жаңа туған нәрестенің кұрметіне жасалатьш ойьн-сауық, той. Мұнда "балаңыздың бауы берік болсын" дегендей құтты болсын айтылады, жастар жиналып ән салып, домбыра тартып, өлең, жыр айтады. "Шілдеханаға" шақырумен де, шақырусыз да бара береді. Шілдехана — өмірге адам келгенінің және оған куанудың бір белгісі.
Бала туғаннан кейін жан-жақтағы жақындарға сүйіншіге ат шаптырылады.
"Ұл туғанға күн туады", "Қыз туғанға ай туады" деп бала туғаннан сүйінші сұраушылар ұл туса- "атұстар", қыз туса — "көйлек тігер" деп хабарлайды. Осы сөздің өзінде қазақтың сыпайы сөйлейтін әдептілік мінезі, мәдениеттілік қалпы тағы аңғарылып тұрған жоқ па!
Осы жерде жаңа туған сәбидің жолдасы туралы айтпай кетуге болмайды. Бұрын әжелер баланың жолдасын алып, жуып, орап оны аяқ баспайтын, ит-құс ала алмайтынға жерге қастерлеп көмген. "Жолдасты жуған адамға кәде беріледі. Егер "жолдасы" далаға тасталса, әйел ауруға ұшырайды деген сенім бар. Сол сияқты әйел ылғи қыз туа берсе, онда туып жатқан баланың "жолдасын" алып, босанған әйелдің басынан айналдыратын да ырым бар. Сонда келесі бала ұл болып туады деген сенім болған. Халықтың мұндай салты ырымдарының бәрін жоққа шығара беруге болмайды.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 27-10-2012, 00:10
  • 0
3099- рет көрілді

Сүйіндір

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Сүйіндір

Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 27-10-2012, 00:09
  • 0
17441- рет көрілді

Кіндік кесер

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Ел ішінде "кіндік шешесі" немесе нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер дайын тұрады. Кейде олардың "жол менікі" деп таласатын кездері де болады. Кіндік кесу — мәртебелі, абыройлы іс. Байыпты әжелердің шешімімен кіндік кескен әйелге "кіндік кесер" кәдесі беріледі. Бұл да жолы бөлек кәде. Кейін де "кіндік шеше" деп аталатын әлгі әйел сол баланың анасы есепті құрметке ие болады. Кіндік баласын оның өз анасынан кем санамауы керек. "Кіндік шеше" кейін келіп бала үйінен өз қалауын да ала алады.
Баланың кіндігі түскеннен кейін же жасалатьн халыктық ырымдар көп. "Елдің қорғаны болсын" деп ер баланың кіндігін атшаптырым жерге апарып көмеді. "Қыз отбасының тірегі болсын" деп от орнына немесе табалдырыққа көмеді.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 27-10-2012, 00:09
  • 100
21318- рет көрілді

Қалжа

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Жас босанған әйелге арнаулы мал сойылып берілетін тамақ "қалжа" деп аталады. Жақын адамдар да "қалжа" әкеледі. Бұл — әрі сыйластық, кұрмет әрі
босанған әйел белін тез бекітіп сауығып кетсін деген тәрбиелік мақсаттан туған елдік дәстүр, ғұрып.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 27-10-2012, 00:08
  • 80
19993- рет көрілді

Ат қою

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Жаңа туған сәбиге ат қою — ерекше салтанатты ғұрыптардың бірі. Ат қоюға қазақ халқы ерекше көңіл бөлген. Әрине алдымен жақсы есімдер мен елге әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін жақсы, беделді кісілерге қойғызып, батасын алуды да ұмытпаған. Мәселен, Қаныштың әкесі туғанда атасы Сәтбай Сегіз серіні әдейі шақырып, баласының атын қойғызған. Сонда Семіз сері Иманжан деп ат қойып "бұл баланы еркелетсеңдер Имантай деп атарсыңдар" деп балаға былай деп бата береді:

Әнет бидей елінің ағасы бол,
Халқыңның Қазыбектей данасы бол.
Жер, суды жау қалмақтан қорғап қалған
Бөгенбайдай жұртыңның панасы бол.
Ер Сырымдай халқыңның көсемі бол,
Тоқсан бидей үш жүздің шешені бол.

Сол сияқты Кенесары ханның есімін Арғынның атақты биі Шокай қойған екен.
Халық баласына жақсы ат қоюға тырысқан. Ырым етіп бұрынғы батырлар мен ақындар, шешендердің де атын қояды. Бірақ өте қасиетті әулие-әмбиелер мен ұлы адамдар есімін қоюға тиым да салған.
Қазақта балаға ат қоюдың жолы мен сәттері көп. Шөп шауып жатса Шөптібай деп, Наурыз айында туса Наурызбай деп, айт күні туса Айтбай деп те қоя салады. Сол сияқты қыз бала туа берсе Ұлбосын, Ұлтуған, Ұлмекен дейді. Көз тимесін деп Бишай, Көтерші, Қосқұлақ, Итемген, Күшік деп те қойған. Кәзір Бауыржан, Абай, Олжас, Сәкен, Абылай, Фәризалар көп. Бұл да сол кісілердей болсын деп қойылған есімдер.
Ат қою — жеңіл-желпі іс емес. Сондықтан балаға лайықты әдемі есімдер қойған жөн.
Қазақ дәстүрінде ат қоюдың тағы бір түрі бар. Ол ат тергеу.
Артқа Алға