На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Жаңалыққа қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 27-10-2012, 00:08
19993- рет көрілді

Ат қою

Категориясы: Дәстүрлер » Тәрбие дәстүрлері

Жаңа туған сәбиге ат қою — ерекше салтанатты ғұрыптардың бірі. Ат қоюға қазақ халқы ерекше көңіл бөлген. Әрине алдымен жақсы есімдер мен елге әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін жақсы, беделді кісілерге қойғызып, батасын алуды да ұмытпаған. Мәселен, Қаныштың әкесі туғанда атасы Сәтбай Сегіз серіні әдейі шақырып, баласының атын қойғызған. Сонда Семіз сері Иманжан деп ат қойып "бұл баланы еркелетсеңдер Имантай деп атарсыңдар" деп балаға былай деп бата береді:

Әнет бидей елінің ағасы бол,
Халқыңның Қазыбектей данасы бол.
Жер, суды жау қалмақтан қорғап қалған
Бөгенбайдай жұртыңның панасы бол.
Ер Сырымдай халқыңның көсемі бол,
Тоқсан бидей үш жүздің шешені бол.

Сол сияқты Кенесары ханның есімін Арғынның атақты биі Шокай қойған екен.
Халық баласына жақсы ат қоюға тырысқан. Ырым етіп бұрынғы батырлар мен ақындар, шешендердің де атын қояды. Бірақ өте қасиетті әулие-әмбиелер мен ұлы адамдар есімін қоюға тиым да салған.
Қазақта балаға ат қоюдың жолы мен сәттері көп. Шөп шауып жатса Шөптібай деп, Наурыз айында туса Наурызбай деп, айт күні туса Айтбай деп те қоя салады. Сол сияқты қыз бала туа берсе Ұлбосын, Ұлтуған, Ұлмекен дейді. Көз тимесін деп Бишай, Көтерші, Қосқұлақ, Итемген, Күшік деп те қойған. Кәзір Бауыржан, Абай, Олжас, Сәкен, Абылай, Фәризалар көп. Бұл да сол кісілердей болсын деп қойылған есімдер.
Ат қою — жеңіл-желпі іс емес. Сондықтан балаға лайықты әдемі есімдер қойған жөн.
Қазақ дәстүрінде ат қоюдың тағы бір түрі бар. Ол ат тергеу.
Құрметті кіруші! Сіз біздің сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге тіркелуді ұсынамыз немесе өз атыңызбен кіріңіз.
Хабарлау
Қонақтар тобындағы кірушілер бұл жарияламада пікір қалдыра алмайды.