На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:18
  • 0
4899- рет көрілді

Шек беру (дәстүр).

Категориясы: Дәстүрлер » Қаза ғұрыптары

"Қазаққа ислам діні арқылы кірген мейрамның бірі — шек беру" (А.Жүнісұлы). Ораза және құрбан айттары алдында мал сойылып аруақтарға бағышталатын дұға. Шек беретін үй бұған жақын-жуық, қарт адамдарды шақырады. Мұнда олар ата-аналарын, өздері білетін аруақтарды еске алады, олардың есімдері аталып, құран оқып, қол жаяды. Бұл дәстүр әлі де сақталып келеді.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:18
  • 0
4411- рет көрілді

Аруақты еске алу

Категориясы: Дәстүрлер » Қаза ғұрыптары

Үші, жетісі, қырқы және жылын беру. Ересек адамдар қайтыс болған соң жетінші, қырқыншы күні аруақ еске алынып, аталып өтеді. Еліміздің кей жерлерінде үшінші (үші), жүзінші (жүзі) күндері де аталады. Арнаулы мал сойылып, алыс-жақыннан ағайын, жақындары келіп дұға оқиды. Бұрын келе алмағаңдар мал әкеліп, бата қылады. Жоқтау айтылады, аруақтың жақсы істері, қасиеттері әңгіме болады. Кейінгі ұрпақтарына, жақындарына тілектестік білдіреді.
Адам қайтыс болған соң бір жыл толғанда оның жылы беріледі, дұға оқылады. Бұл марқұм көпшілік болып жасалатын соңғы құрмет. (Бұдан кейінгі еске алуды отбасы өздері жасай береді). Жылынан соң қаралы үй қалыпты жайға көшіп, қызықты өмір тіршілігіне араласады.
Мұндай рәсімдер сәбиге жасалмайды. Жасалған күнде де отбасы болып атап өтеді.
Бұрын ауқатты адамдар пайғамбар жасына келген атақты әкелеріне жылы толғанда ас берген. Ол үлкен жиын, той ретінде аталып өткен.
Баласы Шашамбайдың Рахмет, Айтыпты қос мергенге біраз тілек.

— Әкемнің асын тойға айналдырған, Сендерде туған елім бар кұдірет.
(С.Тұрғынбеков)
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:16
  • 0
3033- рет көрілді

Тұлдау (салт).

Категориясы: Дәстүрлер » Қаза ғұрыптары

"Орта жүздің ішінде Атымды тұлдап байласын" (М.Ж.Көпеев). Қайтыс болған ер адамның мінген атының жал-кұйрығын кесіп (күзеп емес) "жануар, о дүниедегі иеңнің жолына кұрбандыққа шалын" деп бос жібереді. Ол ат мінілмейді, иесінің жылына сойылады. Мұндай жылқыны "тұл ат" дейді. Сол сияқты қайтыс болған адамның киімдерін астарын сыртына қаратып іледі. Ер-тоқымын ешкім пайдаланбайды. Әйелі сақина, сырға салмайды, оны "қаралы қатын" дейді, басына бүркей жамылады. Мұндай жай "қаралы", деп аталғанмен қазақ қара жамылмайды. "Қара жамылып" деген сөз айтуда болғанмен істе жоқ.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:16
  • 0
3167- рет көрілді

Підия (діни рәсім)

Категориясы: Дәстүрлер » Қаза ғұрыптары

"— Кәне, підияға кім шығады?" (Ш. Мұртаза).
Қайтыс болған адамның өтей алмай кеткен борышы, бере алмай қалған қарызы немесе кінәсы болса, оны өтеуге берілетін төлем ақыны — "підия" — дейді. Ислам шариғаты бойынша ол жоқ-жітік, жетім-жесір, кемтар немесе мүсәпір адамдарға беріледі.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:15
  • 0
3198- рет көрілді

Дұға (құран) оқу (дәстүр).

Категориясы: Дәстүрлер » Қаза ғұрыптары

"Там тұсынан өте бере атын аяндатып, дұға оқып, бетін сипағаны сол еді..." (А.Нұрманов).

Марқұм болған ата-бабаларының, туған-туыстарының басына барып, дұға оқып, еске түсіру зор адамгершілік парыз. Әр адамның ерте ме, кеш пе сол аруақтардың қатарына қосылатыны анық. Олай болса марқұмдарға құрметпен қарау адамгершіліктің белгісі. Сонымен бірге әр адам сапар үстінде келе жатқанда жол үстіндегі қорымдарға тоқтап дұға оқып бет сипап өтуі шарт. Егер адам асығыс болса ат үстінде бір үзеңгісін босатып, машинада болса жүрісін баяулатып құран оқуы керек. Бұл адамгершіліктің, тірі адамның аруақтарға құрметі.
Қазақ даласында аты аңызға айналған әулиелер көп. Олардың қабырлары тұсынан дұға оқымай өтуге болмайды. Мысалы, Шалқардағы Есет батырдың бетіне дұға оқымай өткен адамның жол болмағаны талай рет дәлелденген шындық.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:14
  • 0
3638- рет көрілді

Бата оқыр (салт).

Категориясы: Дәстүрлер » Қаза ғұрыптары

"Бата оқырын қалай жасасын дейді" (М.Әуезов). Қайтыс болған адамға жақын-жуықтары мен ілік-жұрағаттары арнайы келіп бата қылады. Оның мәнісі — қайтыс болған кісінің әруағына жылқы, сиыр, қой сияқты сойыс әкеледі немесе қазіргі жағдайда ақша береді. Дұға оқытады. Бұл сыйласудың әрі қарасудың белгісі ретінде негізделген. Дәстүр бойынша адамы, туысы қайтыс болған адамдарға үйіне әдейі барып көңіл айтады, ең жақындары бата жасайды. Жақыны қайтыс болған адамды далада кездестіру үлкен ұят саналады. Мұндайда әлгі адамның өкпе айтуға хақы бар. Бата қылу — сыйластық пен адамгершіліктің, жақын көңілдің белгісі ретінде қалыптасқан ғұрып. Мысалы: М.Әуезов Құнанбайдың Бөжейдің бата оқырына барғанын "Құнанбайдың үлкен үйі үш саба, бір ту бие, бір тай сойыс апарды. Және азаға салғаным деп Зере мен Ұлжан түйе апаратын болды" деп жазған.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:14
  • 0
3359- рет көрілді

Топырақ салу (дәстүр).

Категориясы: Дәстүрлер » Қаза ғұрыптары

Сен қалған отыз ұлдан едің Зәуреш,
Бір уыс бұйырмады топырағың. (Зәуреш)

Қайтыс болған адамды жерлеу кезінде топырақ салу мән-мағынасы зор ғұрып. Егер жақын адамдары қайтыс болғанда топырақ сала алмаса, ол үлкен арманда қалдым деп өкінетін болған. Дер кезінде келіп марқұмға топырақ салуы — әр адамның көңілінің жақыңдығы, туған жерінен топырақ бұйырса" деп тілек тілеп отырады. Топырақ салушылар марқұмға "топырағың торқа болсын" дейді. "Бөжейдей жұрт жоқтаған жанға топырақ салмай қалған жалғыз Құнанбай айналасы болды" (М.Әуезов).
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:13
  • 0
2431- рет көрілді

Мұра (салт).

Категориясы: Дәстүрлер » Қаза ғұрыптары

"Аға өлсе іні мүра" (мәтел). Адам қайтыс болған жағдайда оның мал-мүлкі, жиған-тергені мұра есебінде өзінің балаларына қалуға тиіс және ол балаларына тең бөліп беріледі. Бұған қиянат жүрмейді. Егер балалары, әйелі болмаса ол жақын-жуықтарына немесе өле-өлгенше асырап, қол ұшына берген адамға қалады. Көп жағдайда қайтыс болған адам мұны көзі тірісінде өсиет айтып қалдырады. Өсиетті молдалар немесе соған қатысқан кісілер куәландырады. Мұраны бөлуде "Жеті жарғыны" да қазіргі заңның да арнайы бабы бар.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:12
  • 0
3161- рет көрілді

Аманат қою (ғұрып).

Категориясы: Дәстүрлер » Қаза ғұрыптары

"Әбішті жерге, лахатқа Майқан мен Өтеген өз қолдарымен қойып жатып "Аманат", "Аманат!" — десті" (М. Әуезов).
Аманат қою әзірше жерлеу деген мағынаны білдіреді. Марқұмды өз жеріне апаруды қатты қыста, ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты өлік аманат қойылады да, кейін туған жеріне апарылып, қайта жерленеді. Мұндай жағдай бұрын қазақ арасында жиі болып тұрған. Мысалы, Абайдың сүйікті ұлы Абдрахман аманат қойылып, артынан сүйегі еліне әкелінген. 1913 жылы Торғай бойында аманат қойылған Күмісбай әулие 18 жылдан кейін қазылып алынғанда оның денесінде ешқандай өзгеріс болмаған, бұзылмаған.
Мақалаға қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 22:12
  • 0
6102- рет көрілді

Сыйыт (дәстүр).

Категориясы: Дәстүрлер » Қаза ғұрыптары

Ежелгі дәстүрде қайтыс болған адамның тұтынған киімдерін оның сүйегін жууға кірген адамдар мен өзі қатарлас адамдарға үлестіретін салт болған. Егер киімі берілмей үй-іші қараулық жасаса аруақ жалаңаш жүреді деген ұғым бар.