"Әбішті жерге, лахатқа Майқан мен Өтеген өз қолдарымен қойып жатып "Аманат", "Аманат!" — десті" (М. Әуезов).
Аманат қою әзірше жерлеу деген мағынаны білдіреді. Марқұмды өз жеріне апаруды қатты қыста, ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты өлік аманат қойылады да, кейін туған жеріне апарылып, қайта жерленеді. Мұндай жағдай бұрын қазақ арасында жиі болып тұрған. Мысалы, Абайдың сүйікті ұлы Абдрахман аманат қойылып, артынан сүйегі еліне әкелінген. 1913 жылы Торғай бойында аманат қойылған Күмісбай әулие 18 жылдан кейін қазылып алынғанда оның денесінде ешқандай өзгеріс болмаған, бұзылмаған.