"Орта жүздің ішінде Атымды тұлдап байласын" (М.Ж.Көпеев). Қайтыс болған ер адамның мінген атының жал-кұйрығын кесіп (күзеп емес) "жануар, о дүниедегі иеңнің жолына кұрбандыққа шалын" деп бос жібереді. Ол ат мінілмейді, иесінің жылына сойылады. Мұндай жылқыны "тұл ат" дейді. Сол сияқты қайтыс болған адамның киімдерін астарын сыртына қаратып іледі. Ер-тоқымын ешкім пайдаланбайды. Әйелі сақина, сырға салмайды, оны "қаралы қатын" дейді, басына бүркей жамылады. Мұндай жай "қаралы", деп аталғанмен қазақ қара жамылмайды. "Қара жамылып" деген сөз айтуда болғанмен істе жоқ.