На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Жаңалыққа қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 6-08-2012, 12:11
7569- рет көрілді

ДОСТЫҚ ПЕН ЖОЛДАСТЫҚ

Категориясы: Мақалдар » Достық, бірлік, ағайын, еңбек

Тату үйдің бақыты тасыр,
Ұрыс-керіс үйдің ырысы қашар.
.......................................
Жолдасы көптің — олжасы көп.
...............................................
Кимас досың сұраса,
Кимасыңды бересің.
......................................
Сыйласу екі кісіге бірдей.
.........................................
Туысы жақын жақын емес,
Қонысы жақын жақын.
.................................
Татулық — табылмас бақыт.
...............................
Досыңды мақтағаның — өзіңді жақтағаның.
................................
Ағаш тамырымен,
Адам досымен мықты.
......................................
Ұрыстың мерейі — ерлік,
Ырыстың мерейі — бірлік.
Жаман жолдастан мықты таяқ.
.......................................
Жолдасты жол айырады.
.....................................
Дос сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар.
................................
Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.
...................................
Досың дос болғанға шаттан,
Дұшпанмен дос болудан сақтан.
..................................
Дұшнаныңнан бір сақтан,
Жаман достан мың сақтан.
..................................
Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық.
.................................
Қасың менен досыңды
Қас-қабағы танытар.
............................
Ауыл итінің достығы.
Сүйек тастағанша...
................................
Күлме досыңа, келер басыңа.
................................
Адамның көңілі бір атым насыбайдан қалады.
....................................
Ерегескен ел болмайды,
Есептескен дос болмайды.
.................................
Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.
.................................
Екі жақсы қосылса,
Өлгенінше дос болады,
Екі жаман қосылса.
Өлгенінше қас болады.
...................................
Дос таппай көңіл тыным таппас.
.....................................
Көршің қолайлы болса, қораң кең.
..................................
Жолдасың жақсы болса,
Жолым ұзын деме,
Жолдасың жаман болса,
Қолым ұзын деме.
...................................
Қадірінді білгің келсе,
Көршіңнен қарыз сұра.
......................................
Елсізде ит те жолдас.
..................................
Әңгіме жол қысқартады.
..................................
Тар жерде табысқан —
Кең жерде келіседі.
............................
Жолдасың соқыр болса,
Сен де бір көзінді қысып қой.
....................................
Досыңа ат берме,
Ат берсең, ақырын жүр деме.
................................
Досы жоқ адам —
Тұзы жоқ тағам.
..............................
Жылқы кісінескенше,
Адам сөйлескенше.
............................
Жаман дос жауыңмен бірге шабады.
......................................
Мыңның түсін танығанша,
Бірдің атын біл.
................................
Достың орны — төр,
Дұшпанның орны — көр.
.................................
Аз қайғыны ас басады,
Көп қайғыны дос басады.
....................................
Базарда мың кісі бар.
..............................
Әркім танығанына сәлем береді.
..................................
Көрген жерде ауыл бар.
...................................
Досыңның пышағымен мүйіз кес,
Дұшпаныңның пышағымен киіз кес.
......................................
Жаңа дос келгенде
Ескі достың көзінен жас шығады.
......................................
Жартыны жарып жеген —
Татулықтың белгісі.
........................................
Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы.
.......................................
Жігіт жолдасынан белгілі.
.......................................
Мың жолдас жақсы,
Мың жолдастан бір дос жақсы.
.....................................
Біреу жаныңа жолдас,
Біреу малыңа жолдас.
.....................................
Жолдасын тастаған жолда қалар.
.................................
Жолаушыға жолдан жолдас қосылар.
....................................
Пайданың зоры — дос үшін шеккен зиян.
....................................
Дос бергеннің түсіне қарама.
....................................
Жолдан қосылған жолдас болмайды.
......................................
Шошқаға ерген балшыққа аунар.
....................................
Жақсымен жүрсең,
Жақсы боларсың.
Жаманмен жүрсең,
Жын ұрып, бақсы боларсың.
..................................
Досы көптің жаны семіреді,
Асы көптің тәні семіреді.
......................................
Жақсымен жолдас болсаң,
Жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң,
Қаларсың ұятқа.
....................................
Әкесі құрдастың, баласы құрдас.
.................................
Жақсының күнде бір үйі кеңиді,
Жаманның күнде бір үйі кемиді.
.....................................
Дос тұтқанды қадірле.
...................................
Есептескен ел болмас.
.................................
Өз басыңды дауға берсең де,
Жолдасыңды жауға берме.
.....................................
Жақсы дос үшін жан пида.
..............................
Жалған достан жау артық.
................................
Аталастан ауылдас жақын.
...............................
Жақсы көрші тапқаның —
Мол олжаға батқаның.
..................................
Тістем нанның қадірін тарыққанда білерсің,
Анық достың қадірін зарыққанда білерсің.
......................................
Айырылмастай досыңа қайырылмастай сөз айтпа.
...................................
Жалған жолдас көзіне мақтар,
Сырт айналып, сойылын баптар.
..................................
Дос та дос, дұшпан да дос мал барында.
....................................
Төбелеске бергісіз араша бар,
Ағайынға бергісіз жанаса бар.
..................................
Ай көрмесең туысың жат,
Жыл көрмесең жолдасың жат
.....................................
Құс қанатымен,
Ер жолдасымен.
....................................

Мақала белгілері: мақал-мәтелдер

Құрметті кіруші! Сіз біздің сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге тіркелуді ұсынамыз немесе өз атыңызбен кіріңіз.
Хабарлау
Қонақтар тобындағы кірушілер бұл жарияламада пікір қалдыра алмайды.