На нашем сайте Вы можете найти услуги для проведения торжеств в 17 городах Казахстана.
Выберите город и услуги для проведения торжеств:
Жаңалыққа қатысты мәлімет
  • Орнатқан: arystan
  • Күні: 25-10-2014, 15:34
4380- рет көрілді

КИІКБАЙ БИ

Категориясы: Би-шешендер » XVIII ғасыр

Қартамбай қарт баласына қыз айттырып, қалыңмалын түгел төлеп, таяуда келін түсіремін деп үмітті отырған кезеңде, қыз өзі сүйген біреумен кетіп қалған.
Қартамбай алған қалыңмалды қайтар десе, Кірбас құдасы:
- Қараптан қарап отырып төлеу төлеймін бе? – деп, маңайына жуытпаған. Кірбас ырық бермеуге айналған соң, билердің талқысына салайын деп, әйгілі билерді, Қасен дейтін қазіретті қатынастырып дауға кіріскен.
Жабай дейтін шешен Айтуған бидің он жеті жастағы баласын ала барыпты. Көпшілік шариғат пен қазақ жолын қатар ұстай отырып, әділ шешер деп сеніп, Қасен қазіретті төбе би етіп сайлапты. Сөз қазіретке тигенде:
- Қолдан ризалықпен берілген қалыңмал қайтарылмайды. Ал екі жаққа да обал болмас үшін, Қартамбай малының тең жарымы қайтарылсын, - деп тұжырымдаған. Бұл биліктен кейінгі аз кідірісті пайдаланып, саңқылдап сөйлей жөнеліпті Киікбай бала:
Көп екен ғой қазіреттің көргені,
Көрмегінен тіленшідей тергені.
Алла атымен айтар деген әділдік,
Зайғы болды жақсылардың сенгені.
Зая болды оқу іздеп кезгені,
Мансұқ болды, білгені де, сезгені.
Шариғатты белдемеден бір басып,
Ғұламамыз өз құлқынын көздеді.
Жаңағы айтқан билігі жөн сөз бе еді,
Қасқа жолдан қия шауып безгені.
Тура билік бере алмай қазырет,
Айқындалды мықтап нәжіс езгені,- дегенде көпшілік ду күлген. Жұрт дау билігін айтуды Киікбай балаға жүктеген. Сонда Киікбай:
Әлімше сөйлеп көрейін,
Дау төресін берейін.
Төре әділ болмаса,
Қазіретке «өлейін».

Уа, кешірімшіл, Кірбас,
Қартамбай еді құдаң сырлас.
Малын қайтару керек,
Өйтпесең, дау-жанжал тынбас.

Сен аярлыққа бақпа,
Қызыңды екі сатпа,
Қойдан қасқыр тумас болар,
Сол әкеңнің әдетін сақта.

Уа, қапы соққан, Қартамбай,
Қояды деп ойлама,
Қалыңмалды қайтармай,
Сен малыңды қайтарып аласың,
Бұл даудан елге біттім деп барасың.

Тарту-таралғың қайтпайды,
Ашып айтайын бұл арасын.
Қыз құнына жатпайды олар,
Ол кезіндегі жарасым.
Осы айтқан тоқтамға
Қайсысыңның бар таласың?
- Талас жоқ.
- Әділ билік.
- Қара қыл қақ жарылды, -
деп шуласыпты көпшілік. Сол күннен бастап Киікбай деген есімге «би» деген сөз қосылған екен.
.........................................................................................................................
Киікбай шешен қаңтар айының қарсаңында Батыс Қазақстан еліндегі ілігіне бара жатып, көрбілте жолда байқамай бұрылып кетіпті. Жол қарап жүргенде, сол елдің атақты ақсақалының бірі кезігіп:
- Бір нәрсенді жоғалтқансың-ау, бейбақ, табатынсың ба? – деп әжуалапты.
- Көрмеген жердің ой-шұқыры көп.
- Кімнің баласысың?
- Білсең – әкемнің, білмесең – халықтың баласымын.
- Әкеңнің атына ұят көргенің, төл ішіндегі арамза екенсің ғой.
- Жоқ. Олақ сұраққа – шолақ жауап. Арамзалыққа барма, ақсақал. Дәл кімнің баласы екеніңізді анаңыз ғана біледі.
- Суырылып тұр екенсің, сөйлей түс, жігітім.
- Билікті білім айтады,
- Көлгір адам күліп айтады,
- Батыр батып айтады,
- Паңсымақ жатып айтады,
- Мылжың іріп айтады,
- Датқа үгіп айтады,
- Надан айтса, үріп айтады,
- Жолаушы жүріп айтады, -
деп қозғала бергенде, не айтарын білмей сасып қалған ақсақал:
- Апырау, сен Айтуғанның баласы Киікбай емессің бе?
- Болсақ боламыз.
- Бақытың өскелең екен, - депті берекесі қашқан қарт.
- Бақ екі түрлі еді ғой. Соның қайсысын айтып тұрсыз?
- Оны тәптіштеп талдай алмаймын, шырағым.Менің білетінім – бір-ақ түрі.
«Молда білгенін оқиды, қарға көргенін шоқиды» деген, білгенді айтыңыз.
- Патшадан алған шен болса,
Төрелерімен тең болса,
Шөбі шүйгін бел болса,
Ортаймайтын көл болса,
Өзіңнен туған ұлдарын,
Жеке-жеке ел болса,
- Міне, осы – бақыт.
- Бекер айтасыз.
Патшаның шені –
Зеңгі тұқымының кені.
Ертең түсіп қалғанда,
Мінгі өгіздің теңі.
Бай – бір жұттық.
Шүйгін дала – бір оттық.
Байлық үшін сорлағаннан
Қайғысыз қара су тоқтық,
Жарлыға ар емес жоқтық,
Сатып алған бақыт –
Шіріп жатқан боқтық
Нағыз бақ еңбектіге бітеді.
Қызыр оның талпынысын күтеді.
Ғұмыр үйретіп, данышпан етеді.
Сүтпен кірсе, сүйекпен кетеді.

- Сонда сен дүниеден безгенсің?
- Жоқ, толып-талықсып тұрмын.
- Соныңды айтшы?
- Ақылым – атам, білімім – бұрынғы бабам. Салтанатым – сабырым, сүзіп сөйлейтін сөзім. Нан табарым – нарым. Жанашырым анам мен жарым. Бақытым – балам. Бұл менің – толғаным, армансыз болғаным. Еш нәрсеге емеспін алаң. Бұдан басқаны өзім де тілемеймін,- деп, қош айтысқан екен.
Құрметті кіруші! Сіз біздің сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Біз Сізге тіркелуді ұсынамыз немесе өз атыңызбен кіріңіз.
Хабарлау
Қонақтар тобындағы кірушілер бұл жарияламада пікір қалдыра алмайды.